МІ=Dк2(С). D функциясы Е функциясына кері функция және шифрленген мәтінді кері шифрлейді. Ол да К2 кілті түріндегі қосымша параметрге ие. К2 – кері шифрлеу кілті К1 – шифрлеу кілтіне бір мәнді сәйкес болғанда ғана кері шифрлеу нәтижесі болып табылатын МІ мәтіні бастапқы М мәтіні мен бірдей болады.
Сурет 1. Шифрлеу криптожүйесінің жалпыланған тәсілі.
Дұрыс К2 кілтінсіз бастапқы М=МІ мәтінін D функциясы арқылы алу мүмкін емес.
Шифрдің түрленуі кері шифрлеудің түрлендіруіне қатысты симметриялық немесе асимметриялық болуы мүмкін. Сқған сәйкес криптожүйелердің екі түрін ажыратады:
Симметриялық криптожүйелер (1 кілтті);
Асимметриялық криптожүйелер (2 кілтті);
Шифрлеудің симметриялық криптожүйелері Тарихи жағынан алдымен симметриялық криптографиялық жүйелері пайда болды. Шифрлеудің симметриялық криптографиялық жүйелерінде шифрлеу және кері шифрлеу үшін 1 ғана кілт қолданылуы. Ол шифрлеу кілтін білетін адам хабарламаны кері шифрлей алады. Шифрленген ақпараттың рұқсат етілмеген ашылуына тосқауыл қою мақсатына симметриялық криптожүйелердегі шифрлеу кілттері құпия болуы тиіс. Сондықтан симметриялық криптожүйелерді – құпия кілтті криптожүйелер деп те атайды – онда шифрлеу кілті тек хабарлама жөнелтілетін тұтынушыларға ғана әйгілі болуы керек. Симметриялық криптожүйелер, сондай-ақ, бір кілтті криптографиялық жүйелер немесе жабық кілтті криптожүйелер деп те аталады:
Сурет 2. Шифрлеудің симметриялық криптожүйесінің тәсілі
Мұндай криптожүйелер ең жоғарғы шифрлеу жылдамдығымен ерекшеленеді, олардың көмегімен жөнелтілетін ақпараттың құпиялылығы мен айқандығы да, біртұтастығы да қамтамасыз етіледі.
Шифрлеудің асимметриялық криптожүйелері. Шифрлеудің асимметриялық криптографиялық жүйелері 1970 жылдары жасалған. Негізгі айырмашылығы – ақпаратты шифрлеу және кейін кері шифрлеу үшін әртүрлі кілттер қолданылады: