«компьютерлік геометрия және графика» пәнінен ОҚу тәжірибесіне арналған тәжірибелік жұмыстар жинағы мамандық: «Акпараттык жүйелер



бет25/62
Дата06.01.2022
өлшемі4,26 Mb.
#14484
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Сабақ тақырыбыПішіні алдын ала анықталған қарапайым фигуралар салу
1-жаттығу: Кәрездер (Соты)

1. 30х30 өлшемді алтыбұрыш қойыңыз да оны келесі координаталарарқылы

орналастырыңыздар: х=100 мм, у=100 мм;

2. Осының 6 көшірмесін алыңыз да, келесі координаталар арқылы орналастырыңыз:

Х1=115 мм, у(=122,5 мм

Х2=130 мм, у2=100 мм

Х3=115 мм, у3=77,5 мм

Х4=85 мм, у4=77,5 мм

Х5=70 мм, у5=100 мм

Х6=85 мм, у6=122,5 мм



Нәтижесінде 3.3-суреттегі бейне шығарыңыз.


2-жаттығу: «Алтай орманы»компаниясының логотипін құру.

Көбінесе көпбұрыштардың қатарында логотиптерді құруға үшбұрыштарды қолданады. Компанияның негізгі айналасатын өнімі қылқанды ағаш болғандықтан, оның да логотипін осы ағашты символы ретін алынған болатын. Қылқанды ағаш үшбұрыш құралымен салу тиімді болғандықтан қолданған болатынбыз.

1. 50х37,5 мм өлшемді үшбұрыш құрыңыз да, оған келесі координаталарды қойыңыз: х=70мм, у=70 мм. түсі – қара, контур түсі – қара;

2. 5х12,5 өлшемді үшбұрыш құрыңыз да, оған келесі координаталарды қойыңыз:

х=55,9 мм, у=57,5 мм. түсі – ақ, контур түсі – ақ;

3. Объектіні вертикаль бойынша айналы кескіндеңіз – жоғарыдан төмен

4. Трансформациялау режиміне өтіңізде, үшбұрыштың төменгі шыңын солға қарай ығыстырыңыз. Нәтижесінде 3.4-сурет шығуы тиіс.

5. Кішкентай үшбұрыштының көшірмесін алыңыз да, оның координаталарын: х=60 мм, у=70 мм деп қойыңыз.



6. Барлық бейне элементтерінің көшірмесін алыңыз да, Олардың айналы кескінін солдан оңға қарай аударыңыз және де координаталарын х=73 мм, у=63 мм, өлшемін 36х27 мм деп алыңыз.Үлкен үшбұрыштың көшірмесінен ақ түсті беріңіз, контурының түсі – жоқ; кішкентай үшбұрыштың көшірмесіне қара түс, контурының түсі – жоқ. (3.6 сурет)

7. Тағы бір үшбұрыш құрыңыз, оның өлшемі 36х27 мм және де оның

координаталарын х=73 мм, у= 63 мм. Түсі – жоқ, контур түсі – қара.
3-жаттығу: «Калейдоскоп» бейнесін құру.

1. өлшемін 30х30 мм болатындай сегізбұрыш құрыңыз да оның координаталарын х=100 мм, у=100 мм. Түсін қарамен, окнтур түсінде қарамен бояңыз.



2. Құрылған объектіні жұлдызшаға аударыңыз.



Өзіндік жұмыс тапсырмалар:

1. «Арнайықұрылыс»компаниясының логотипін құрыңыз: 



2. «Қыз» бен «Бала» бейнесін құрыңыз

3. 3-жаттығудағы «Колейдоскоп» бейнесін жалғастырыңыз да мына бейнеге



келтіріңіз. 
4. Алдындағы мәліметтерді пайдаланып келесі суретті бейнеленіз:



Сұрақтары:

1. Көпбұрыш құрылының қызметін қандай?

2. Көпбұрыштан басқа қатарында қандай фигуралар бар?

3. Форма көмегімен тағы қандай өзгерістерді орындай аласыздар?

4. Өздеріңіздің тағы да қосымша осы құралдың көмегімен орындалатын символдар, логотиптерді құра аласыз? Құрып көріңіздер.

5. Көпбұрыштың басқа алдағы өткен сабақтарындағы геометриялық фигуралар құралдарына қарағанда қандай айырмашылығы бар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет