«компьютерлік геометрия және графика» пәнінен ОҚу тәжірибесіне арналған тәжірибелік жұмыстар жинағы мамандық: «Акпараттык жүйелер


Курс тақырыбы 6. Графикалық объектілерді өңдеу: масштабын өзгерту, орналастыру, бұрмалау, топтастыру, клондау(көшірме алу)



бет47/62
Дата06.01.2022
өлшемі4,26 Mb.
#14484
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Курс тақырыбы 6. Графикалық объектілерді өңдеу: масштабын өзгерту, орналастыру, бұрмалау, топтастыру, клондау(көшірме алу).

Сабақ тақырыбы: Сызғыштар және бағыттаушылар.

1 – жаттығу: «Қылыш» бейнесін құру

1. 40х40мм өлшемді эллипс құрыңыз.

2. Эллипсті қисық безье формасына келтіріңіз.Ол үшін: Реттеу – қисықты келтіру (Упорядочить- преобразовать в кривую) бұйрығын таңдайсыз

3. Формақұралын таңдаңыз. 5.4-суретте көрсетілгендей қосымша түйіндерді қосыңыз.

4. Көлденең түрде түйіндерді қайтару (Отразить узлы горизонтально) және Тік күйге түйіндерді қайтару (Отразить узлы вертикально) батырмаларын басып, қосқан 4 түйінді белгілеңіз.

5. Тышқан курсорыменен кез келген түйіннің біреуін басып тұрып, ортаға қарай жылжытыңыз.(5.5-суретке қараңыз)

6. Барлық түйіндерді ерекшелеу (Выделить все узлы) батырмасын басыңыз.

7. Тиісті түрге келу үшін Майыстыру нүктесімен түйін істеу (Сделать узел точкой перегиба) батырмасын басыңыз.

8. Ішкі 4 түйінді белгілеңіз.(5.6-сурет)

9. Түйіндердің масштабы мен созылуы (Разтяжение и масштаб узлов) батырмасын басу арқылы тиісті режимді қосыңыз. Нәтижесінде белгіленген түйіндердің айналасына маркерлермен ерекшеленген габаритті қоршау шығуы керек. (5.7-сурет)



10. Тышқан батырмасыменен ортадағы жоғарғы маркерді ұстап алып, төменге қарай тартыңыз. Нәтижесінде 5.8-сурет шығуы керек.



Сегменттер.

Қисық безьеде сегменттер екі шеттегі түйіндерді қосатын кесіндіні ұсынады.

Жалпы оның 2 түрі бар: Тіксызықты сегмент және қисықсызықты сегмент;

Бұл сегменттер форма құралының атрибуттар тақтасындағы қисықты түзуге

келтіру (преобразовать кривую в прямую) және түзуді қисыққа келтіру (преобразовать прямую на кривую) батырмалары арқылы орындалады.

2-жаттығу: «Қалқан (Щит)» формасын келтіру.

1. 40х20 мм тікбұрышты құрыңыз.

2. Алынған бейнені қисық безье формасына келтіріңіз.Ол үшін: Реттеу – қисықты

келтіру (Упорядочить- преобразовать в кривую) бұйрығын таңдайсыз.



3. Формақұралын таңдаңыз. Барлық бұрыштарды қисықсызықты сегментке, яғни батырманы басып, келтіріңіз де, 5.8-суреттегідей шығарыңыз.

.8-сурет
3-жаттығу: «Балық» бейнесін құру.

1. 50х25мм эллипсті құрыңыз

2. Алынған бейнені қисық безье формасына келтіріңіз.Ол үшін: Реттеу – қисықты келтіру (Упорядочить- преобразовать в кривую) бұйрығын таңдайсыз.

(5.9-сурет)

3. Форма құралын таңдаңыз.

4. эллипстің жоғарғы бөліміне 2 түйін қосыңыз. (5.10-сурет)

5. Shift батырмасын басып тұрып, жоғарғы үш түйінді ерекшелеп алыңыз да, «үшкір бұрышты түйін істеу» (Сделать узел с острым углом) батырмасын басып, 5.11-суреттегідей күйге келтіріңіз.

6. Эллипстің сол жақ төменгі жағына 3 түйін қосыңыз (5.12-суретке қараңыз)

7. Shift батырмасын басып тұрып, төмендегі сол жақта орналасқан үш түйінді ерекшелеп алыңыз да, «үшкір бұрышты түйін істеу»(Сделать узел с острым углом) батырмасын басып, 5.13-суреттегідей күйге келтіріңіз.

8. Эллипстің оң жағына 4 түйін қосыңыз (5.14-суретке қараңыз)



9. 7. Shift батырмасын басып тұрып, сол 4 түйінді ерекшелеп алыңыз да, «үшкір бұрышты түйін істеу» (Сделать узел с острым углом) батырмасын басыңыз, нәтижесінде 5.15-суреттегідей шығарыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет