6.20-сурет. Объектілерді байлауды баптау терезесі
Қолдану болатын байлаудың режимдерін объектінің байлау нүктелері анықтайды.
Сол режимдерді қарастырайық:
- Түйін (Узел) – объектінің түйінімен байлауды енгізеді;
- Қиылысу (Пересечение) – объектілер контурының қиылысу нүктелеріне;
- Орталық нүкте (Средняя точка) – сызықтың сегменттің орталық нүктесіне;
- Квадрант – доға, эллипс және дөңгелектерде орналасқан нүктелерге. Берілген фигураның секторларына сол нүктелердің жағдайы 0,90,180,2700
бұрыштарымен анықталады;
- Тангенс – Объектімен шектесетін, бірақ та, қиылыспайтын эллипстің, дөңгелектің немесе доғаның сыртқы бөлігіндегі нүктелерге;
- Перпендикуляр – объектіге сызықтардың перпендикуляр орналасатын
сегментерінің сыртқы шеттерінің нүктелеріне;
- Шеті (Край) – объекінің шетінің нүктесіне жанасуы;
- Орталық (Центр) - объектінің орталығы;
- Мәтіннің базалық сызығы (Базовая линия текста) – азатжолдық және жолдық мәтіннің базалық сызығына;
Жұмысты тездету үшін байлаудың кез келген режимдер комбинациясын енгізуге немесе олардың кейбіреулерін алып тастауға болады. Тышқан курсоры жақындағанда нүктелік байлаудың сезгіштік табалдырығын (порог
чувствительности точек привязки) таңдау мүмкіндігі бар. (6.21-сурет)
Достарыңызбен бөлісу: |