6.6-сурет. «Торға бау» батырмасынынң атрибуттар қатарындағы орны.
1-жаттығу.
1. Түр – Тор мен сызықты баптау бұйрығын таңдап, сұхбаттық терезесін ашыңыз.
2. Ашылған терезедегі қосқышты «Аралық» (Интервал) ауыстырыңыз.
3. Аралықтарын тік жол және көлденең жол бойынша 5мм-ге теңестіріп қойыңыз.
4. ОК батырмасын басыңыз
5. Тор бейнесін қосыңыз.
6. Тор сызығына бауды екпінді етіңіз.
7. - қисық безье құралын таңдаңыз.
8. 6.7-суретегідей бейне құрыңыз.
9. 30% қара түсті енгізіңіз
10. Тағы бір фигура құрыңыз. Оған 60% қара түс енгізіңіз
11. Нәтижесінде 6.8-сурет шығарыңыз.
2-жаттығу: «Кубик» бейнесін құру.
1. Түр – Тор мен сызықты баптау бұйрығын таңдап, сұхбаттық терезесін ашыңыз.
2. Ашылған терезедегі қосқышты «Аралық» (Интервал) ауыстырыңыз.
3. Аралықтарын тік жол және көлденең жол бойынша 10 мм-ге теңестіріп қойыңыз.
4. ОК батырмасын басыңыз
5. Тор бейнесін қосыңыз.
6. Тор сызығына бауды екпінді етіңіз.
7. - қисық безье құралын таңдаңыз да, 6.9-суреттегідей бейне шығарыңыз.
8. 50% қара түсті енгізіңіз
9. Тағы бір фигура құрыңыз. Оған 10% қара түс енгізіңіз (6.10-сурет)
10. Тағы бір фигура құрыңыз.Оған 80% қара түс енгізіңіз.
11. Нәтижесінде 6.11-сурет шығарыңыз.
Курс тақырыбы 7. Графикалық объектілердің формаларын өзгерту және арнайы эффекттер қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |