Компьютерлік желі жэне онын турлерінің түзілуі



Дата15.11.2023
өлшемі211 Kb.
#123950
Байланысты:
Компьютерлік желі жэне онын турлерінің түзілуі


Компьютерлік желі жэне онын турлерінің түзілуі
(ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың бір-бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтін алғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы. Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары кӛмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат ӛңдеудің тармақталған жүйесі. Жалпы айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем және есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді. Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі – Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады. Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыс атқарады: желімен қатынас құруды ұйымдастыру; олардың арасында мәлімет алмасуды басқару; желі тұтынкшыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп,оларға әртүрлі қызмет көрсету. Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі. Желі топологиясы негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу кұрылымын анықтайды. Желілік техникалық құралдар – компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны. Желілік программалық құралдар – компьютерлік желіә жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді. Интерфейстер – желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралы. Протоколдар – желінің функционалдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады. Компьютерлік желілер және ақпаратты өңдеудің желілік технологиялары қазіргі ақпараттық жүйелерді құрастырудың негізі болды. Компьютерлік желілердің негізінде құрастырылған ақпараттық жүйелер:
мәліметтерді сақтау;
– мәліметтерді ӛңдеу;
мәліметтерге қолданушылардың рұқсатын ұйымдастыру. Компьютерлік желілерінің сапасының негізгі көрсеткіштері: 
– орындалатын функциялардың толықтығы. Желі барлық қарастырылған функцияларды және барлық ресурстарға рұқсат етуін, және түйіндердің бірлескен жұмыстарында, және барлық протоколдардың және жұмыс стандарттарының орындалуын қамтамасыз етуі керек;
– өнімділік – уақыт бірлігін орындайтын, желі қолданушылар сұранысының орта саны;
– қажетті орындау мүмкіншілігі – уақыт бірлігінде желі арқылы жіберілетін мәліметтер (немесе оның буыны – сегмент) санымен анықталады;
– желі сенімділігі – жиірек орта уақытпен бас тартуға атқарылған жұмыс көлемімен сипатталады;
– нәтижелік ақпараттың сенімділігі;
– қауіпсіздік – желінің қабілеттілігі рұқсат етілмеген ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету;
– желінің айқындығы – қолданушыға желінің ішкі архитектурасын ерекшелігінің елеусіздігін білдіреді;
– желінің әмбебаптылығы – түрлі техникалық құрылғылардың желіге қосылу және түрлі өндірушілерден программалық бағдарлама мүмкіндігі.


Компьютерлік желілері оларды қамтитын территорияға байланысты, келесідей бөлінеді: локальды (LAN — Local Area Network), глобальды (WAN — World Area Network) және бірлескен желілер. Локальды есептеу желі (ЛЕЖ) мәліметтерді жіберу үшін арнайы құрылғыларды талап етпейтін есептеу жүйесінің территориясына бөлінгенін ұсынады (желілік карталарды және көптеген күрделі конфигурациялар-концентраторларды қоспағанда). Барлық жүйенің ұзақтығы жақын орналасқан тапсырмалардың жайылуына шектеуінің бірнеше километрінен аспауы керек. Глобальды компьютерлік желі (ГКЖ) – кез келген қашықтау орналасқан компьютерлердің ақпараттық ресурстарын байланыстырады, мәліметтерді жіберу үшін жоғары жылдамдықты және сенімді түрлі мамандандырылған құрылғыларды және желілер каналын қолданады. Қол жетімді глобальды желілер кез келген қолданушылар үшін қызмет көрсетуге негізделген. Мұндай желінің абоненттер арасында өзара байланысы телефондық байланыс желі базасында, радиобайланыс жүйелерінде және тіпті, спутниктік байланыстарда жүзеге асады. Корпоративті компьютерлік желі (ККЖ) – аумақтық қашықтау бөлімшелері бар түрлі корпоративті құрылымдардың қызметін қамтамасыз ету үшін құрылады, (мысалы, банктер өзінің филиалдарымен бірге). Жалпы жағдайда корпоративті желі желілер қатарының бірігуі болып табылады, әрқайсысында түрлі техникалық шешімдер қолданылуы мүмкін. Функционалдық тағайындалуы бойынша корпоративті желі локальды желілерге жақын, ерекшелігі бойынша мәліметтерді жіберу үшін техникалық шешімдер және ақпараттық ресурстарды орналастыру мінезі – глобальды желілер. Локалды сияқты глобальды желілер, сонымен қатар корпоративті желілер ереже бойынша жабық типті желіоер болып табылады, рұқсат саясаты олардың иесімен анықталады (ереже бойынша,еркін рұқсат үшін желілердің кейбір сегменттері ашық, жарнамаға бағытталған, клиенттермен өзара байланысқан және басқалары). Жоғарыда айтылғанды қорыта келе біз тәжірибе негізінде компьютерлік желі құрастырдық. Компьютерлерді өзара желі арқылы байланыстырып, ақпаратт алмастық. Компьютерлік желіні құру кезінде бірінші кабель дайындаймыз.

UTP (ағылшын тілінде: unshielded twisted pair, орыс тілінде: неэкранированная витая пара, қазақ тілінде: экрандалмаған есілген қосым) кабелді қысқышпен дайындаудың екі түрлі нұсқасы бар: – тіке жалғанатын кабелді жасауда – желілік картаның портын комутатор(switch) немесе концентратормен (hub) жалғау үшін; – айқасқан кабелді (кросс жасалынған MDI пайдаланатын, ағылш. MDI-X) жасауда – компьютерде орналасқан екі желілік тақтаны тікелей қосуда, түрлендірілген байланысты таратуды реттейді, сонымен қатар концентратор немесе коммутатордың (uplink-порт) кейбір ескі үлгілеріне біріктіру үшін қолданылады. 8P8C (8 Position 8 Contact) қысу барысында реттейді (RJ45 көбiнесе қате аталатыны). Тікелей жалғанатын кабель (ағылш. straight through cable , орыс. прямой кабель). Егер кездейсоқ жағдайда, сыртқы айқастырумен MDI кабелі қажет болса, онда компьютерлерді концентратор немесе комутаторға тіке жалғанатын кабель арқылы қосу үшін келесі түстер қолданылады: 1 ақ-жасыл, 2 жасыл, 3 ақ-сары, 4 көк, 5 ақ-көк, 6 сары, 7 ақ-қоңыр, 8 қоңыр 


TIA/EIA-568A стандарт бойынша нұсқасы 1-суретте көрсетілген.

Сурет 1 — TIA/EIA-568A стандарты
TIA/EIA-568B(жиі қолданылады) стандарт бойынша нұсқасы. 2-суретте көрсетілген.

Сурет 2 — TIA/EIA-568B стандарты
Айқасқан кабель (crossover cable). Бір типті құрылғыларды байланыстыру үшін қолданылады(мысалы, компьютермен компьютерді). Дегенмен көптеген желілік құрылғылар кабельді қысу әдісін автоматты түрде анықтайды (Auto MDI/MDI-X).
Мысалға, компьютермен компьютерді (100 Мбит/с жылдамдығында) байланыстыру үшін MDI-X ішкі айқасқан кабелі керек болса, онда кабельдің бір жағынан EIA/TIA-568B сызбасы, ал екінші жағынан EIA/TIA-568А сызбасы қолданылады. 3-суретте көрсетілген

Сурет 3 — 100 Мбит/с жылдамдығына арналған нұсқасы
1000 Мбит/с жылдамдықпен байланыстыру үшін «crossover» кабельін дайындауда бір жағын EIA/TIA-568B стандартына сәйкес, ал екінші жағын: 1: Ақ — жасыл 2: Жасыл 3: Ақ — сары 4: Ақ — қоңыр 5: Қоңыр 6: Сары 7: Көк 8: Ақ- көк түстеріне сәйкес қысу қажет. 4-суретте көрсетілген.

Сурет 4- 1000 Мбит/с жылдамдық бойынша байланысу нұсқасы
Есілген қосымды дайындау үшін көбінесе RJ-45 (RJ45) деп аталатын 8P8C(8 Position 8 Contact) коннекторы қолданылады. 5-суретте RJ-45 коннекторы көрсетілген(сол жағында есілген қосым үшін экрандалған корпуспен FTP/STP/SSTP, оң жағында- UTP).




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет