1-билет Компьютерлік желілердің жіктелуі



бет1/25
Дата18.03.2023
өлшемі91,25 Kb.
#75324
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
1-билет Компьютерлік желілерді жіктелуі


1-билет
1. Компьютерлік желілердің жіктелуі
Компьютерлік желі – жұмыс станцияларымен, коммуникациялық байланыс каналдарымен, мәлімет алмасуды жүзеге асырушы желілік құрылғылармен, желілік бағдарламамен жабдықталған жүйе.
Компьютерлік желі территориялық орналасуына, архитектурасы мен хаттамасына, платформасына, пайдаланылатын операциялық жүйелерге, қызмет ету саласына, қызмет ету түріне, мәлімет жіберу жылдамдығына, жұмыс істеу принципіне, мәлімет жіберу ортасына, топологиясына, коммутациялау әдісіне байланысты жіктеледі.
Территориялық орналасуы бойынша: локальдық, аймақтық, ауқымды(глобальдық). Бір бөлменің немесе бір ғана ғимараттың ішінде орналасқан желіні локальдық желі деп (Local Area Network - LAN), бір ауданның немесе қаланың көлемінде орналасқан желіні аймақтық желі деп (Metropolitan Area Network - MAN), бірнеше қалалар мен елдерде орналасқан желілердің жиынтығын ауқымды желі деп (Wide Area Network - WAN) атайды.
2. Виртуалды жалғау әдісі
Виртуалды арна (virtual circuit немесе virtual chan­nel) механизмі, жолдауға дайын дерек бар болса, онда оны жолдаушы мен қабылдаушыны тікелей қосып желіде байланыс жолын құрады. Басқаша айтқанда виртуалды арна дерек тарату кезінде ғана құрылады.
Виртуалды арналар жалғанатын (коммутацияланатын) (Switched Virtual Circuit, SVC) және тұрақты (жалғанбайтын - коммутацияланбайтын) (Permanent Virtual Circuit, PVC) болып екіге бөлінеді. Жалғанатын виртуалды арнамен дерек жолдауға сұраныс келгенде желінің жалғаушы жүйелері

1-билет


өздігінен (автоматты түрде) желіні десте жолдау күйіне келтіреді.
Тұрақты виртуалды арнаны желі әкімшілігі желінің орталықтандырылған басқару жүйесін қолданып немесе қолмен желінің жалғау жүйелерін алдын – ала күйіне келтіріп ұйымдастырады.
Дейтаграмма әдісі алдын – ала жалғауды қажет етпейтіндіктен жолданатын дейтаграммалардың кешеулдеуі аз болады. Бұл әдіс кысқа дейтаграммаларды, әсіресе, дейтаграмманың жолдау уақыты мен жалғау уақыты өлшемдес болған жағдайда өте тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет