Жергілікті желі (
ағылш.
Local Area Network, LAN
) — салыстырмалы
түрде шектеулі кеңістіктің (мысалы ғимараттың) шегінде
компьютерлер тобын біріктіретін коммуникациялық желі. Жергілікті
желі бір біріне қосылған құрылғылардың өзара əрекеттесуіне
мүмкіндік береді.
Желі – мəліметтерді компьютерлер арасы. Желіге қосылатын барлық
құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:
- жұмыс станциялары;
- желі серверлері;
- қатынастық тораптар.
Жұмыс станциясы (ЖС) (workstation) – желіге қосылған дербес
компьютер жəне ол арқылы пайдаланушы өз жұмысын атқарады
жəне желінің ресурстарына қатынауды жүзеге асырады. Ол өзіндік
операциялық жүйемен жабдықталған (MS DOS, Windows жəне т. б.)
жəне пайдаланушыға қолданбалы есептерді шығаруда барлық қажет
құралдармен қамтамассыз етілген. Жұмыс станцияларының үш
типін ерекшелеуге болады, олар – жергілікті дискілі жұмыс
станциясы, дискісіз жұмыс станциясы, қашықтағы жұмыс станциясы.
Жергілікті дискілі жұмыс станциясында ОЖ осы дискіден, ал дискісіз
жұмыс станциясында ОЖ файлдық серверден жүктеледі. Қашықтағы
жұмыс станциясы – желіге телеқатынастық байланыс арнасы
(мысалы, телефон желісі) арқылы қосылған станция.
Сервер (server)– желіге қосылған жəне оның пайдаланушыларына
белгілі қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін компьютер. Серверлер
желіні пайдаланушылардың қажеттілігінен туындайтын мəліметтерді
сақтауды, мəліметтер қорына сұраныстарды өңдеуді, жойылған
тапсырмаларды өңдеуді, тапсырмаларды басып шығаруды жəне
басқа да іс-əрекеттерді жүзеге асырады. Сервер – желі
ресурстарының қайнар көзі. Атқаратын
функцияларына байланысты
серверлердің келесі типтерін анықтайды.