Компьютерлік желі



Pdf көрінісі
Дата16.09.2023
өлшемі71,79 Kb.
#108148


Компьютерлік желі
Компьютерлік желі
— барлық құрылғылардың бір бірімен өзара
əрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған
компьютерлердің тобы. Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер
арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз
арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі —
Интернет
, ол бүкілəлемдік желілер тобы болып табылады.
Территориалды таралуы бойынша:
● PAN (Personal Area Network) — персоналды желі, бір иегерге
тиісілі түрлі құрылғылардың өзара əрекеттесуі үшін қажет.
● LAN (Local Area Network) — жергілікті желі, қызмет
көрсетушілеріне шығуына дейін тұйық инфрақұрылымы болады.
«LAN» термині кішкене офистік желіні де, жүздеген гектар аймақты
алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні анықтай алады. Шетелдік
негіздерде тіпті жуықталған бағалау береді — радиусы 10 км жуық
болатын желілер.
● CAN (Campus Area Network — кампустық желі) — жақын
орналасқан ғимараттардың жергілікті желілерін біріктіреді.
● MAN (Metropolitan Area Network) — бір немесе бірнеше қала
шегіндегі мекемелер арасындағы қалалық желілер.
● WAN (Wide Area Network) — глобалды желі, үлкен географиялық
аймақтарды алатын, ішіне жергілікті желілермен қоса,
телекоммуникациондық желілер мен құрылғылар да кіреді.


Жергілікті желі (
ағылш.
Local Area Network, LAN
) — салыстырмалы
түрде шектеулі кеңістіктің (мысалы ғимараттың) шегінде
компьютерлер тобын біріктіретін коммуникациялық желі. Жергілікті
желі бір біріне қосылған құрылғылардың өзара əрекеттесуіне
мүмкіндік береді.
Желі – мəліметтерді компьютерлер арасы. Желіге қосылатын барлық
құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:
- жұмыс станциялары;
- желі серверлері;
- қатынастық тораптар.
Жұмыс станциясы (ЖС) (workstation) – желіге қосылған дербес
компьютер жəне ол арқылы пайдаланушы өз жұмысын атқарады
жəне желінің ресурстарына қатынауды жүзеге асырады. Ол өзіндік
операциялық жүйемен жабдықталған (MS DOS, Windows жəне т. б.)
жəне пайдаланушыға қолданбалы есептерді шығаруда барлық қажет
құралдармен қамтамассыз етілген. Жұмыс станцияларының үш
типін ерекшелеуге болады, олар – жергілікті дискілі жұмыс
станциясы, дискісіз жұмыс станциясы, қашықтағы жұмыс станциясы.
Жергілікті дискілі жұмыс станциясында ОЖ осы дискіден, ал дискісіз
жұмыс станциясында ОЖ файлдық серверден жүктеледі. Қашықтағы
жұмыс станциясы – желіге телеқатынастық байланыс арнасы
(мысалы, телефон желісі) арқылы қосылған станция.
Сервер (server)– желіге қосылған жəне оның пайдаланушыларына
белгілі қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін компьютер. Серверлер
желіні пайдаланушылардың қажеттілігінен туындайтын мəліметтерді
сақтауды, мəліметтер қорына сұраныстарды өңдеуді, жойылған
тапсырмаларды өңдеуді, тапсырмаларды басып шығаруды жəне
басқа да іс-əрекеттерді жүзеге асырады. Сервер – желі
ресурстарының қайнар көзі. Атқаратын функцияларына байланысты
серверлердің келесі типтерін анықтайды.


Желінің қатынастық жабдықтарына (тораптарына) келесі
құрылғылар жатады:
- қайталауыш;
- коммутаторлар (көпірлер);
- маршруттауыштар;
- көмейлер (шлюздер).
Қайталауыш (repeater) – келген сигналды күшейткіш жəне қайта
өндіретін құрылғы. Барлық қайталаушпен байланыстырылған
сегменттерде əрбір уақыт мезетінде тек екі станция арасында
мəліметтер алмасуы жүзеге асырылады.
Коммутатор (switch) немесе көпір (bridge) – бірнеше сегменттерді
біріктіруге арналған құрылғы. Бұл жағдайда əртүрлі сегменттердің
əрбір станция жұптары үшін біруақытта бірнеше мəліметтер алмасу
үрдістерін қолдайды.
Маршруттауыш (router) – бір немесе əртүрлі типті желілерді бір
мəліметтер алмасу хаттамалары бойынша біріктіретін құрылғы.
Маршруттауыш берілу адресін талдап жане мəліметтерді тиімді
таңдалған маршрутпен бағыттайды.
Шлюз (gateway) — əртүрлі мəліметтер алмасу хаттамаларын
қолданатын əртүрлі желі объектілері арасында мəліметтер алмасын
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрылғы.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет