«Компьютерлік желілер және желілік әкімшілеу» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша тәжірибелік жұмыстар жинағы



бет24/51
Дата25.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#26399
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
Зертханалық жұмыс №2

Желіні жоспарлау

(тапсырма атауы)

Құрамында басшы, басшы орынбасары, меңгеруші және бес агенттен тұратын компания желі орнатуды ұйғарды. Компания кішігірім ғимараттың жартысын иеленеді.Соңғы төрт жылда олардың жұмысы тұрақты еді, бірақ соңғы кезде клиенттер саны өсіп келе жатыр. Өсіп келе жатқан жұмыс көлемін игеру үшін тағы екі агенттін штатқа алу жобалануда.



Компания ғимаратында қызметкерлерді орналастыру схемасы

Компанияның әр қызметкерінде компьютер бар.Егер, кәсіби ақпаратпен алмасу қажет болса, оны ауызша немесе дискета көмегімен істеу керек болады. Барлық агенттер тек өз клиенттерінің жұмысымен айналысады және клиенттер туралы ақпарат өте құпия. Сегіз жыл бұрын сатып алынған лазерлі принтер офис меңгерушісінде. Әр клиенттің өз матрицалық принтері бар.

Желі орнатумен қатар жоғары жылдамдықты лазерлі принтер сатып алу да қарастырылуда.



  1. Бұл компанияға қандай типті желі орнатуды ұсынар едіңіз?

  2. Бұл жағдайға қандай топология сәйкес келеді?


Тапсырма 2.

Үш бөлімшеден тұратын кішігірім компания, жақында барлық бөлімшелерінде біррангті желі орнатты. Бірінші бөлімшенің төрт жұмысшысы бір проектпен жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысының өз жұмыс шеңбері бар, сондықтан олар проекттің өздеріне тиісті бөліктеріне құжаттар дайындаумен айналысады. Бірақ олар проектің басқа да қатысушыларына өз қатты дискілеріне жалпы қол жеткізуге мүмкіндік орнатқан. Прооектің өсуіне байланысты әрқайсысының барған сайын көп құжат дайындауларына тура келеді, сондықтан кейін кімге қай құжат тиісті және кім бұл құжаттарға ең соңғы рет өзгеріс енгізді деген сұрақтар туындайды. Сонымен қатар, осы проектке қызығушылық танытқан басқа да бөлімшелердің қызметкерлері дайын материалдарды қарап шыққылары келетіні айқын.



  1. Кімге қандай құжат тиісті деген сұраққа жауап беруде қиындық тудыратын ең болмаса бір себепті атаңыз.

  2. Осы құжаттарға қол жеткізуді орталықтан басқаруды қамтамасыз ете алатын бір қызметті көрсетіңіз.

  3. Сіздің ісіңіз қолданушылардың жұмыс ортасында қандай өзгерістерге алып келетінің сипаттаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет