1.Компьютерлік вирустар дегеніміз не?
Компьютерлік вирус-компьютерге жасырын еніп,компьютер жұмысын тежейтін немесе деректермен жұмыс жасау жүйесіне зиянын тигізетін арнайы шағын программа.
2.Компьютерлік вирустарды қалай анықтайды ?
Компьютердің жұмыс істеуінің баяулауы,жиі тоқтап немесе істен шығуы;
Операциялық жүйені жүктеу мүмкін еместігі;
Файлдар жүйесінің зақымдалуы,олардың құрылған уақытының өзгеруі немесе толық жоғалуы;
Дискіде файлдар санының артуы және жедел жады көлемінің азаюы;
Монитор экранында қажетсіз хабарламалардың пайда болуы;
3.Компьютерлік желілер қандай түрлерге жіктеледі?
Орналасу ортасына қарай – Резиденттік,резиденттік емес
Орналасу ортасына байланысты жіктелуі – Файлдық вирустар,жүктелетін вирустар,макровирустар,желілік вирустар.
Вирус жұмысының алгоритмі бойынша жіктеу – Паразиттік, құрттар,көрінбейтін,мутанттар,трояндық.
4.Компьютерді вирустан қалай қорғауға болады?
Компьютерге тек лицензиясы бар программа орнату.
Браузерде қалқып шығатын терезелерді блоктау функциясын қолдану.
Компьютерде вирус енуінен сақтайтын антивирустық программаларды орнату.
5.Антивирустық программалар деген не?
Антивирустық программалар – компьютерлік вирустарды,сондай-ақ зиянды программаларды анықтауға,зақымдалған файлдарды қалпына келтіруге және файлдарға немесе операциялық жүйеге зияндды кодтың енуін болдырмауға,оның алдын алуға арналған арнайы программа.
6.Антивирустық программалар қандай түрлерге бөлінеді?
Детектор программалар:
Доктор программалар
Ревизор программалар
Сүзгі прогрммалар
Вакциналар немесе иммунизатор программалар
Достарыңызбен бөлісу: |