Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі
1-Тапсырма
1.Компьютерлік желі дегеніміз не?
Компьютерлік желі – бір-бірімен дерек алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өндеудің тармақталған жүйесі.
2.Компьютерлік желілер қалай жіктеледі?
• Аумақтық таралуы
• Тиістілігіне қарай
• Тасымалдау жылдамдығы
• Ақпаратты тарату ортасының типтері
3.Жергілікті желі дегеніміз не?
Жергілікті желі – шектеулі аймақта ғана деректер алмасатын немесе ортақ деректерді пайдаланатын бірнеше компьютердің бірігуі.
4.Аймақтық желі деген не?
Аймақтық желі – қала немесе облыс аумағында орналасқан желі.
5.Ауқымды желі дегеніміз не?
Ауқымды желі – дүниежүзін қамтитын кез келген байланыс желісі.
6.Компьютерлік желілер тиістілігіне қарай қандай түрлерге бөлінеді?
Компьютерлік желілер тиістілігіне қарай ведомстволық және мемлекеттік желілер деп бөлінеді.
7.Компьютерлік желілер ақпаратты тарату ортасының типтеріне қарай қандай түрлерге бөлінеді?
Компьютерлік желілер ақпаратты тарату ортасына қарай:
Сымды байланыс желілері;
Сымсыз байланыс желілері болып бөлінеді.
8.Топология деген не?
Топология – компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу әдісі.
9.Желілік топологияның қандай түрлерін білесіңдер?
Желілік топологияның ең көп кездесетін түрлері: шина топологиясы, сақина тәріздес топология, жұлдызша тәріздес топология, жалпы шина топологиясы, ағаш топологиясы.
2-Тапсырма
1.Компьютерлер арасындағы ақпарат алмасу қалай жүзеге асады?
Жалпы шина топологиясы- ақпарат алмасу процесі “жалпы шина” деп аталатын үлкен байланыс арнасы арқылы жүзеге асырылады.
2.Компьютерлік желілерді қолданудың қажеттілігі неде?
Компютерлік желілерді қолданудың қажеттілігі
Көптеген ұйымдар мен фирмалар бөлімшелері алыс қашықтыққа тарала алады
Деректердің немесе жабдықтардың белгілі бір түріне жалпы қолжетімділікті ұйымдастыру
Кітапханалар мен банктерден қажетті ақпаратты жедел алу
3.Компьютерлік желілердің маңыздылығын қалай түсінесіндер?
Желілер әрбір қызметке басқалармен мәлімет алмасып,құрылғыларды ортақ пайдалануға,қашықтықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен байланыс жасауға мүмкіндік береді.
4.Жұлдызша тәріздес топология мен шина топологиясы арасында қандай айырмашылық бар?
Шина топология-қарпайым түрде құрылған желі коаксиалды кабельдер арқылы жалғанады.Кабель бойындағы бір компьютер істен шықса,барлық компьютерлер жұмысын тоқтатады.
Жұлдызша тәрізді топология-бұл желіге жаңа компьютерді қосу оңай және желідегі бір компьютердің істен шығуы басқа компьютерлерге әсер етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |