Білім алушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру/Проверка знаний и умений обучающихся (өткен тақырыпты пысықтау/ обобщение пройденной темы)
Өткен сабақты пысықтау мақсатында тест тапсырмаларына жауап беру. (Таратпа қағаздар). тапсырма: «Блум түймедағы» (теориялық материалды қайталау.)
Осы гүлдің жапырағын алып, сұрақтарға жауап береміз.
1. (жай сұрақ) Комплекс санға анықтама беріңіз? Нақты және жорамал бөлігін атаңыз?
2. (түсіндіруші сұрақ) Комплекс сан мен нақты санның айырмашылығы неде?
3. (анықтаушы сұрақ) Комплекстік жазықтық деген не? Екі түйіндес комлекс сандар комплекстік жазықтықта қалай орналасады?
4. (шығармашылық сұрақ) Үй жұмысы №18.10. «Комплекс сандардың даму тарихы және олардың ғылым мен техникадағы рөлі» хабарлама дайындау, әр түрлі форматта (оқушылар пікірін тыңдау)
5. (бағалау сұрағы) Алгебралық түрдегі комплекс сандарға қандай амалдар қолдануға болады? Екі комплекс санды бөлуді дәлелдеу үшін қандай ұғымдар,формулалар, түрлендірулер қолданылады?
6. (тәжірибелік сұрақ) Коэффициенттері нақты сан болатын квадрат теңдеулерді шешудің графиктік әдісін қалай беруге болады?
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі /Содержание и последовательность изложения новой темы.