Комплексті қосылыстар жұмыстың мақсаты


Олданбалы химия кафедрасы



бет4/5
Дата06.01.2022
өлшемі41,97 Kb.
#14036
1   2   3   4   5
Байланысты:
КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАР зетрхана жұмыстары

Олданбалы химия кафедрасы

Ртүрлі температурадағы су буының қысымы, кПа

Реттік №  

Температура К0

Қысым мм. сын. бағ.

Қысым кПа




2730 + 15

12,79

1,7053




2730 + 16

13,63

1,8173




2730 + 17

14,53

1,9373




2730 + 18

15,48

2,0640




2730 + 19

16,48

2,1973




2730 + 20

17,54

2,3385




2730 + 21

18,65

2,4866




2730 + 22

19,83

2,6440




2730 + 23

21,07

2,8093




2730 + 24

22,38

2,9840




2730 + 25

23,76

3,1680






А.Вернердің координациялық теориясы.Бұл теория бойынша: комплексті қосылыстарда, оны түзуші металл ионынан тұратын координациялық сфера болады да, оның маңайында теріс зарядталған аниондар немесе электр бейтарап молекулалар лигандалар орналасады.

Комплекстік қосылыстардың құрылымы

Координациялық теория бойынша комплексті қосылыста орталық орын алып тұрған ион, не атом комплекс түзушідеп аталады. Мысалы, мына қосылыстар CuSО4· 4NH3 не PtCl4· 2KCl комплексті қосылыстар болады. Бұлардағы [Cu(NH3)4]SО4, K2[Pt(Cl)6] мыс жене платина иондары комплекс түзуші.

Комплекс түзушінің айналасына, соның әcepi жететіндей жақындатқанда жиналған, яғни координацияланған иондарды, не молекулаларды лигандтар (ligare - байланыстыру), аддендтер деп атайды. Міне, осылар (комплекс түзуші мен лигандтар) бірігіп, комплексті қосылыстардың ішкі сферасын құрайды.

 Ішкі сфераға араласпай қалған иондар комплекс түзушіден алысырақ орналасады, олар комплексті қосылыстың сыртқы сферасын құрайды. Комплексті қосылыстарды жазғанда олардың ішкі және сыртқы сфераларын айырып көрсету үшін ішкі сфераны жоғарыда айтқандай квадрат жақшаға алады. Мысалы,

[Pt(NH3)4Cl2], [NH4]C1, [Pt(NH3)2Cl2] т.б.



Орталық атомның (комплекстүзушінің) координациялық саны – комплекс түзушінің айналасына координацияланған лигандалардың жалпы саны

Мысалы K4[Fe(CN)6]

Орталық атом Fe2+

Координациялық сан – 6

Лигандалар - 6 CN

Ішкі координациялық сфера - [Fe(CN)6]4-

Сыртқы координациялық сфера 4К+

 

 



Комплекстердің аталуы.

1. Комплексті қосылыстардың атауын тұздардың атауымен салыстыруға болады.Мысалы, тұздарды атағанда әуелі анион, содан соң катион аталады. Сол сияқты [Co(NH3)5Cl]Cl2 комплексті қосылысты атағанда бірінші Сl- ионнан бастау керек.

2. Комплексті ионды не комплексті молекуланы атағандаәуелі лигандтар аталады. Мысалы, [Co(NH3)5Cl]2+ ионы пентаамминхлорокобальт (III),әуелі аммиакты лигандтар, содан кейін хлоридті, ең соңынан металл аталады, бірақ комплекстің формуласын жазғанда, бірінші металл көрсетіледі.

3. Лиганд анион болса, «о» деген жалғау жалғанады,ал бейтарап лигандтар молекулалар сияқты аталады. Ерекше аталатыңдар: Н2О (аква) және NH3 (аммин). Сонымен комплексті қосылыс [Co(NH3)5Cl]Clаталуына "хлоро" және "аммин" лигандтары кіреді.

1. Лигандтардың әpбip түрінің саны (егер бірден көп болса) грек сандарымен қосымша көрсетіледі (ди-, три-, тетра-, пента- жене гекса, т.б).

2. Аниондық комплекстерде анионның атына — am жалғауыжалғанады.

Мысалы, K4[Fe(CN)6] қосылысындағы анион гексацианоферрат (П) деп аталады. Әдетте — am жалғауы анионның латынша түбіріне жалғанады.

3. Металдың тотығу дәрежесі рим саныменжақшаның ішінe алынып, металдың атынан кейін жазылады. Мысалы, [Co(NH3)5Cl]2+ қосылысында кобальттың тотығу дәрежесі +3 екені рим саны IIIарқылы көрсетіледі.

Комплекс толық аталғанда алдымен катион, одан кейін анион аталады. Мысалдар:

[Co(NH3)6]Cl3 - гексаамминкобальт (III) хлориді

Комплексті қосылыстардың диссоциациясы

Біріншілік диссоциация – күшті электролит тәріздес, яғни комплексті ионға және сыртқы координациялық сфераға диссоциацияланады

[Ag(NH3)2]Cl ----- [Ag(NH3)2]+ + Cl-

Екіншілік диссоция – әлсіз электролит тәріздес диссоциацияланады, бұл жағдайда ішкі сфера лигандалары ыдырайды:

[Ag(NH3)2]+ ----- Ag+ + 2 NH3

Комплексті қосылыстардың тұрақсыздық константасы – комплексті бөлшектің ерітіндіде диссоциациялануға қабілеттілігінің сандық сипаттамасы. Тұрақтылық константасы – тұрақсыздық константасына кері шама



Кешенді қосылыстар деп кристал торының буындарында, ертітіндісінде және кристал күйінде өзінше бола алатын, күрделі кешенді иондары бар қосылыстарды айтады.

А.Вернердің кешенді қосылыстардың құрылысы теориясы бойынша көпшілік кешенді қосылыстар ішкі (кешенді ион) және сыртқы сфералардан тұрады. Мысалы, К[АI(OH)6] қосылысында [АI(OH)6]3- ішкі сферада, ал калийдің үш ионы сыртқы сфера. Ішкі сфера кешен түзгіш ионнан  және лигандтан  тұрады.

Кешен түзуші ретінде метал иондары:



 



Көбіне d – элементтердің иондары кешен түзгіш болады. Лигандар ретінде OH  CN  Cl  Br  J  NO  NO  және т.б., сонымен қатар бейтарап молекулалар болады. Кешен түзгіштің айналасында топталған лигандтар саны координациялық сан деп аталады. Мысалы,

К[АI(OH)6] қосылысында координациялық сан 6-ға тең.

Кешенді ионның заряды сыртқы сфераның қарама-қарсы таңбамен алынған зарядына тең. Егер сыртқы сфераның заряды көрсетілмеген болса, онда кешенді ионның заряды ішкі сфераның құрамына кіретін иондардың алгебралық қосындысы ретінде есептеледі. Мысалы, кешенді ионының заряды 3+0+0-1=+2.

Кешенді қосылыстар кешенді ионның зарядына байланысты да, лигандтар сипатына байланысты да топтарға бөлінеді. Ішкі сфераның зарядына байланысты



кешенді қосылыстар катионды, анионды және бейтарап болады. Анионды кешенді қосылыстардың ішкі сфераның заряды теріс болады.


Мысалы,  .

Лигандтардың сипатына байланысты кешенді қосылыстар:

а) лигандтары қышқыл аниондары болып келетін, ацидо-кешендер, мысалы  ;

б) лигандтар гидроксил тобы болатын, гидроксо-кешендер, мысалы;  ;

в) лигандтары аммиак болатын, аммиактар (амино-кешендер), мысалы;  ;

г) лигандтары су болатын, аква кешендер, мысалы; 



д) лигандтары әр түрлі молекулалалр және иондар болатын, бірегей емес кешендер, мысалы, 

Мысал:  кешенді қосылысындағы кешен түзгіштің тотығу дәрежесін және координациялық санын, кешенді ионның зарядын анықтаңыз. Сулы ертіндісіндегі диссоциациялану теңдеуін және беріксіздік тұрақтысының формуласын жазыңыз.

Шешуі:

Зат еритін болғандықтан, оның су ертіндісіндегі диссоциациялану теңдеуін жазуға болады:

 

 .

 

Сыртқы сферада үш Cl  ионы болғандықтан кешенді ионның заряды +3-ке тең. Хром ионының заряды +3-ке тең. Cr3+ ионының координациялық саны 6-ға тең. ионы әлсіз электролит ретінде қайтымды түрде екінші сатымен диссоциацияланады:



 

 

 

Бұл процесс қайтымды болғандықтан ол үшін тепе-теңдік тұрақтысын жазуға болады:



 

 

Кешенді ионның диссоциациялануының тепе-теңдік тұрақтысын осы кешенді ионның беріксіздік тұрақтысы () деп атайды. -ның мәні неғұрлым аз болса, солғұрлым кешенді ион берік болады.



Кешенді қосылыстардан қос тұздардың айырмашылығы олар -ның үлкен мәндерімен сипатталады және су ертінділерінде барлық иондарға диссоциацияланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет