Комплексті қосылыстар (КҚ)


Кобальт катионының қоздыру арқылы деңгейшесіндегі жалқы электрондарды өзара жұптастырып, бос орбитальдар санын алтыға дейін жоғарылатуға болады



бет2/7
Дата19.10.2023
өлшемі401,82 Kb.
#119307
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Комплексті қосылыстар

Кобальт катионының қоздыру арқылы деңгейшесіндегі жалқы электрондарды өзара жұптастырып, бос орбитальдар санын алтыға дейін жоғарылатуға болады.

Қозған күйіндегі кобальт катионының алты бос орбиталдары бар.

Аталған бос орбитальдар байланыс түзуге қатыспастан бұрын гибридті орбитальдарға айналады. Кобальт катионының аталған орбиталі молекуласының құрамындағы азот атомының екі электронды орбиталімен жұптасқанда комплексті катион түзіледі.

Кобальт катионының гибридті орбитальдары октаэдр төбесіне бағытталған. Түзілген комплекстің құрылысы октаэдр болады.

Kомплексті қосылыстар туралы ілімнің негізін жасаған швейцария

ғалымы Альфред Вернер (1893ж)

Вернер жұмысы координациялық теория деп аталады.

Координациялық теорияның негізгі қағидалары:

  • КҚ орталық орын алып тұрған ион немесе атом комплекс түзуші деп аталады.
  • Комплекс түзушінің айналасына соның әсері жететіндей жақындықта координацияланған иондарды немесе молекулаларды лигандалар (аддентер) деп атайды.
  • Комплекс түзуші мен лигандалар бірігіп, комплексті қосылыстың ішкі сферасын құрайды.
  • Ішкі сфераны квадрат жақшаға алады: [ PtCl6 ]2-

  • Ішкі сфераға орналаспай қалған иондар комплекс түзушіден алысырақ орналасады, олар комплексті қосылыстың сыртқы сферасын құрайды.
  • Комплекс түзушінің айналасына координацияланған лигандтардың жалпы саны сол комплекс түзушінің координациялық саны деп аталады.
  • Жиі кездесетін комплексті қосылыстарда координациялық сан алтыға немесе төртке тең, сирек екіге, не үшке тең болады.

Комплекс түзуші ион немесе атом бұл ішкі сферасының орталық атомы(ионы). Көбінесе р-, d-, f- элементтер жатады (бос орбитальдары бар элементтер – Cu, Au, Ag, Hg, Zn, Fe, Co, Cr т.б.)

  • Комплекс түзуші ион немесе атом бұл ішкі сферасының орталық атомы(ионы). Көбінесе р-, d-, f- элементтер жатады (бос орбитальдары бар элементтер – Cu, Au, Ag, Hg, Zn, Fe, Co, Cr т.б.)
  • Лигандалар –бұл молекулалар немесе иондар КТ айналасында орналасқан.Көбінесе мыналар жатады
  • Hal-галоген NO3- -нитрат NO2 -нитрит SO4 -сульфат SO3 -сульфит CO3 -карбонат CN-циан


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет