Зертханалық жұмыс а) Комплексті катионды қосылыстардың түзілуі және диссоциациясы
1) Пробиркаға 1-2 мл AgNO3 ерітіндісін құйып, оған NaCl ерітіндісін қосамыз. Түзілген тұнбаға ерігенше аммиак ерітіндісін құямыз. Ag+ координациялық саны 2-ге тең деп есептеп, реакция теңдеуін жазу. Құбылысты түсіндірір.
2) Пробиркада 1-2мл CuCl2 құйып, тамшылатып аммиак ерітіндісін Cu(OH)2 тұнбасы түзілгенше қосамыз, соңынан тұнба ерігенше аммиак ерітіндісін қосамыз. Cu2+ ионының түсін түзілген ерітіндімен салыстырамыз. Қандай иондардың болуы ерітінді түсін көрсетеді. Комплексті қосылыс түзілу реакция теңдеуін жазып, координациялық қосылыстың формуласын Cu2+ ионының координациялық саны 4-ке тең екенін ескеріп құрыңдар. Cu(OH)2 мен комплексті негіздің қайсысы күштірек? Неге? Алынған ерітіндіні 4 тәжірибе үшін сақтаңдар.
Темір (ІІІ) комплексті және жай иондар арасындағы айырмашылық.
1) 1-2 мл FeCl3 ерітіндісіне KCNS ерітіндісін аздап құю. Реакция теңдеуін жазу. Бұл реакция Fe3+ сапалық реакция.
2) K3[Fe(CN)6] ерітіндісінде Fe3+ ионы бар жоғын 3а) тәжірибе арқылы анықтау.
3) Бір пробиркіге FeCl3 ерітіндісін екіншісіне K3[Fe(CN)6] ерітіндісін құйып екеуіне де FeSO4 ерітіндісінің бірдей көлемін қосу. Неге бірінші пробиркада өзгеріс жоқ, ал екіншіде турунбул көгі тұнбасы түзілгенін түсіндіру. КFe[Fe(CN)6] реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазу. Турунбул көгі түзілуі [Fe(CN)6]3- комплексті ионы үшін сапалық реакция.
в) Комплексті ион беріктігі және комплексті иондардың ыдырауы
1) Пробиркаға [Ag(NH3)2]Cl комплексті қосылысын алу (1-тәжірибедегі сияқты). Алынған ерітіндіні 4-ке бөліп 4б,в және д тәжірибелерінде қолдану.
2) Пробиркаға 1-2 мл [Ag(NH3)2]Cl ерітіндісін құйып оған мырыш түйірін салу. Не байқалады? Мырыш аммиакатының комплексті қосылыс түзілу теңдеуін жазу. Zn2—тың координациялық саны 4-ке тең. Комплексті иондар тұрақсыздық константасын қолданып күмістің аммиакты комплексті ионын неге мырыш ығыстыратынын түсіндіру.
3) Екі пробиркаға CuCl2 ерітіндісінің бірдей көлемін құйып біреуіне NaOH екіншісіне (NH4)2S ерітіндісін құю. Түзілген тұнба түсін анықтау. Бұл реакцияны Cu2+ ионын ашу үшін қолданамыз. Реакция теңдеуін құру. 1-тәжірибеде түзілген [Cu(NH3)4](OH)2 ерітіндісін екі пробиркаға бөліп біреуіне NaOH екіншісіне (NH4)2S ерітіндісін қосу. Не байқалады? Реакция теңдеуін жаз. Cu(OH)2 және CuS ерігіштік көбейтіндісі мәндері және [Cu(NH3)4]2+ ионының тұрақсыздық константасының мәнін қолданып құбылысты түсіндір.