3. Эссе жазу.Эссе тақырыбы «Этнос феномені». Эссе көлемі – А4 парағы. Эссе құрылымы: 1. Кіріспе – тақырыпты таңдаудың мәні мен негіздемесі. Ол логикалық және стилистикалық байланыстағы бірқатар компоненттерден тұрады. Бұл кезеңде зерттеу барысында жауап табу қажет сұрақты дұрыс тұжырымдау өте маңызды. 2. Негізгі бөлім – таңдалған мәселенің теориялық негіздері және негізгі сұрақты ұсыну. Бұл бөлім аргументация мен талдауды дамытуды, сондай-ақ осы мәселе бойынша қолда бар мәліметтер мен ұстанымдарға сүйене отырып, оларды негіздеуді қамтиды. 3. Қорытынды – оны қолдану саласын көрсете отырып, тақырып бойынша жалпылау және дәлелді тұжырымдар.