Концентрация


%-дық 200 г тұз ерітіндісімен 20%-дық 700 г тұз ерітінділерін қосқанда жаңа ерітіндіде тұздың мөлшері қандай болады?



бет3/3
Дата07.11.2022
өлшемі34,46 Kb.
#48137
түріҚұрамы
1   2   3
80%-дық 200 г тұз ерітіндісімен 20%-дық 700 г тұз ерітінділерін қосқанда жаңа ерітіндіде тұздың мөлшері қандай болады?

62.

4 л 15%-дық тұз ерітіндісін 5 л 20%-дық ерітіндімен араластырып оған 1 л таза су құйылды. Пайда болған ерітіндінің концентрациясы қандай?

63.

15 пайыздық 4 литр заттың ерітіндісімен сол заттың 25 пайыздық 6 литрімен араластырса, жаңа ерітіндінің концентрациясын табыңыз.

64.

Тұзды ерітіндінің массасы 600 г концентрациясы 15%. Оған массасы 240 г концентрациясы 50% тұзды ерітіндіні араластырғанда жаңа ерітіндінің концентрациясы қандай болады?

65.

Бірінші қорытпаның құрамында 10% мыс, екінші қорытпада – 40 % мыс. Екінші қорытпаның массасы біріншіге қарағанда 3 кг-ға артық. Осы екі қорытпаны қосып, құрамында 30 пайыз мыс болатын үшінші қорытпа алынды.үшінші қорытпаның массасын тауып, жауабын килограммен беріңіз.

66.

Массасы 200 г 50 % тұз ерітіндісімен құрамындағы 150 г тұзы ерітіндінің 25 % болып табылатын екінші ерітіндімен араластырғанда қандай ерітінді алынады?

67.

Заттың 15 пайыздық ерітіндісі массасы бойынша бірдей сол заттың 19 пайыздық ерітіндісімен араласқанда пайда болатын ерітіндінің концентрациясы қандай?

68.

1 литр 6% спирттен 5% ерітінді алу үшін оған неше литр 3% спирт ерітіндісін құю керек?

69.

Мыс пен қалайыдан тұрадын екі қорытпа бар. Біріші қорытпада 40% мыс, ал екіншісінде 32% мыс бар. Екеуін бірге балқытқаннан кейін құрамында 35% мыс болатын 8 кг қорытпа алынса, алғашында әр қорытпадан неше кг алынған?

70.

50% ерітінді алу үшін 30 г 15%-дық ерітіндіге неше грамм 75 % ерітінді қосу керек?

71.

Бірінші ерітінді құрамында 20 % тұз бар. Ал екіншісінде 70 % тұз бар. 100 грамм 50 % тұз ерітіндісін алу үшін әр ерітіндіден неше грамм алу керек?

72.

70%-дық және 10%-дық ерітінділерді араластырғанда 600 грамм 30 % ерітіндіні алу үшін әрқайсынан неше грамм алу керек?

73.

25 % ас тұзының ерітіндісін қайнатқанда судың үштен бір бөлігі буланып кетті. Жаңа ерітіндінің қонцентрациясы қандай?

74.

Массасы 10 кг мыс пен қалайы қорытпада қалайы мөлшері 70%. Бұл қорытпаға 8 кг мыс қосылды. Қалайы концентрациясы мысқа қарағанда 3 есе артық болуы үшін тағы да неше кг қалайы қосу керек?

75.

Екі қорытпаның бірінде 10% никель және екіншісінде 30% никель бар. Осы екі қорытпадан 25%-дық 200 кг қорытпа алынды. Бірінші қорытпаның массасы екінші қорытпаның массасынан неше есе кем?

76.

3 түрлі теңіз суы бар: бірінші ерітіндіде 10%, екіншісінде 15 %, ал үшіншісінде – 20% тұз бар. Бірінші ерітіндіден 130 мл, екіншіден 200 мл және үшіншіден 170 мл суды араластырғанда пайда болған ерітіндегі тұздың пайыздық мөлшерін табыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет