Жүрек, жан концептілеріндегі «этика»:
Қазақ тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
Сөзбе-сөз аудармасы
|
Ақ жүрек
|
my heart smote me
|
«ардың азап шегуын байқау», менің жүрегім өзімді жеп жатыр
|
жан қысылды
|
the soul rushes about
|
жаны қысылып, ұялып қалды
|
Екі тілде де жүрек ардың, тазалықтың қызметін атқарады. Қазақ тілінің әлемдік бейнесінде армен теңестіріліп қарастырырады. «Ақ жүрек» тіркесін «адал ниет, ақ пейіл" деген мағынамен теңдестіреді. Ал, жанның азап шегуі де екі тілде де кездеседі.
Жүрек, жан концептілеріндегі «сезімталдық»:
Қазақ тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
Сөзбе-сөз аудармасы
|
Жүрекке жақын қабылдау
|
close to one's heart
|
бір нәрсені жүрекке жақын қабылдау
|
жаны жадырап тұр
|
the soul rejoices
|
Жаны қуанып тұр
|
жан түршікті
|
the soul is frightened
|
Жаны қатты қорықты
|
Жүрек, жан арқылы әр түрлі жағдайларды болжау немесе ескерту, сезу қабілеттері бар: қазақ тілінде алдын ала бір нәрсені адам сезетін кезде жүрегім сезіп тұр деген тілдік бірліктерді қолданады. Ал ағылшын тілінде дәл мұндай мағына көрсетілмеген. жақын алумағынасында мысалдар кездеседі: It is a cause that is very near his heart. / Бұл бастама жүрегіне тым жақын.
Жан концептісі - адамның ең бағалы бейнесі ретінде:
Қазақ тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
Сөзбе-сөз аудармасы
|
Ақ денеден қан шықты, шауып еді жан шықты… (Қобыланды батыр)
|
Soul and blood the inseparable
|
жан мен қан бөлінбейді
|
тірі жан
|
live soul
|
жаны бар
|
Жүрек, жан концептісіндегі «жақындық,дос»:
Қазақ тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
Сөзбе-сөз аудармасы
|
жан дос, жан серік
|
It is close to you as a soul
|
Жаныңдай жақын болу
|
Жүрегің қайда барса, жаның соған қарайды
|
What the eye doesn't see the heart doesn't over
|
Көзің нені көрмесе, жүрегің соған қайғырмайды
|
Бұл мысалдардан қазақ тілі мен ағылшын тіліндегі қарама-қайшылықтарды көруге болады. Дегенмен мағыналық жағынан өзіндік айырмашылықтар да жоқ емес. Мысалы: Бір күнде бала дәурен басыма ердің, Туғанда жан жолдастай қасыма ердің (Ш. Бөкеев) /Soul - an image ofthe closest companion [2, 13].
Қорыта айтқанда, жүрек, жан концептілері екі тілде де адамның ішкі жан- дүниесінің, санасының, рухани сұранысының символы етіп қолданылады. Ал ұлттық мәдениет дүниенің тілдік бейнесі болса, концепт мәдениеттің басты элементі, адамның менталды әлемінің басты ұяшығы. Жүрек, жан концептілерінің басты белгілерінің бірі - оның мәдени реңктерге ие болуы. Демек, ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде басты компонент болып саналатын аталған концептілер - этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа мәдени код ретінде берілетін ықшам да, терең мағыналы шындық болмыс пен мәдени құндылықтар туралы сан ғасырлық білімдер жиынтығын құрайтын құрылым деп тануымызға әбден болады. Жүрек, жан концептілері негізінде туындаған лексика-семантикалық топтар - лингвистиканың зерттеу нысанының бірі ретінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі тілдік ерекшеліктерді, оның танымын, бейнесін анықтайтын құрылым.
Достарыңызбен бөлісу: |