Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы Жоспар
КІРІСПЕ
1.тарау.Концепт . когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
1.1. Когнитивтік тіл біліміндегі концепт мəселесі жəне оның зерттелуі
1.2. Лингвистикалық когнитивизм жəне жүрек, жан концептілерінің танымдық бейнесі
2. Қазақ жəне ағылшын тілдеріндегі жүрек, жан концептілерінің құрылымдық жүйелену
ерекшеліктері
2.1. «жүрек/heart» жəне «жан/soul» концептілерінің ішкі жəне сыртқы құрылымдық жүйесі
2.2. «жүрек/heart» жəне «жан/soul» концептілерінің лексика. семантикалық топтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ
Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кейінгі жылдары тіл білімінде қазақ тілін генетикалық және типологиялық жағынан туыстығы жоқ тілдермен салыстыра-салғастыра ҙерттеу мәселесі кеңінен өріс алып келеді. Сондықтан да соңғы онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этность, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді (Ә. Қайдар, Е.Жанпейісов, Р. Сыздық, Н. Уәли, Ж.Манкеева, Г. Смағұлова, Қ. Жаманбаева т.б.). Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоцентристік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда.
Проф. Э.Д. Сулейменова тілдік таңбаның мағыналық, мазмұндық мәні арқылы ақиқат дүниені тану жағын қарастырса, Н.Ж Жарқынбекова адамзаттың этноментальды дүниесінің тіл арқылы берілуін көрсетеді. Сонымен қатар ғалым Қ. Жаманбаева эмоция, гештальт-құрылым түріндегі концептілердің көрінісін талдайды. Г.Г.Гиздатов сөз әрекетіндегі когнитивтік модельдердің типологиясын, C. Сүгірбекова прозадағы концептілердің тілдік көрінісін, М.Күштаева жеке лексемалар арқылы концепт мазмұнының берілуін, Г.Снасапова "Ұлпатр) романындағы концептілердің ұлттық-мәдени компоненттерін, С. Жапақов эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік сипатын, Ш. Елемесова байырғы ұлттық танымның көркем прозадағы тілдік бейнеленуін, Н.Аитова түр-түс атауларының когнитивтік семантикасын, A. Сыбанбаева концептуалдық метафоралардың табиғатын, Ж.Уматова жан/душа концептісін талдау үлгісін, Ж.Б.Саткенова көркем шығармадағы кейіпкер тілінің когнитивтік мәнін, тілдік тұлға мәселесін тереңінен зерттеп, айқындап берді.
Осыған орай соңғы кездері қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы концепт табиғатын нақты дәйектер негізінде ашуға бағытталған еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Біздің елімізде қазақ тілі мен орыс тілін салғастыра зерттеуге арналған еңбектер құрылымы әр түрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеудің үлгісі болды. Қазіргі Қазақстан тіл білімінде енді-енді ғана бой көтеріп, кейінгі жылдары ғана тұсауы кесілген саланың бірі-қазақ және герман тілдерінің фразеологизмдерін кешенді түрде тіл білімініегі жаңа бағыттардың ұстанымдарына сүйене отырып зерттеу. Түркі-герман, оның ішінде, қазақ және ағылшын тілдерін салыстыра-салғастыра зерттеу кейінгі уақытта ғана қолға алына бастағандықтан, әлі де болса шешімін таппаған талай мәселелер, міндеттер баршылық. Осындай тың, қиын, өзекті мәселелердің бірі - қазақ және ағылшын тілдеріндегі концептілерді зерттеу болып саналады. Өйткені мәтіндік талдаулар жасау арқылы сол тілдің мәдениетін, танымын, талғамын анықтаймыз. Сондықтан да концепт ұғымын зерттеу, зерделеу қызықты, әрі маңызды. Ал біз қарастырып отырған "жүрек/heart" және "жан/soul" концептілерінің ағылшын-қазақ тілдеріндегі салыстырмалы талдаудың нәтижесі де зор болмақ. Яғни, мәдени аралық байланыс арқылы әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктері мен айырмашылықтарына кеңінен тоқталатын боламыз.
Мәдениеттің, өркениеттің әр қилы кезеңдері мен дәуірлерінен өткен сайын тілдік концептілер адамның таным-білімімен байланысып, сондай-ақ белгілі бір ақиқат дүниені теқ логикалық-позитивтік ғана емес, эстетикалық түрде де тани біледі және таныта алады. Сол ақиқат дүниенің сәулесін, ол туралы түсінік, ұғымды санада тұрақты таңбаланып қалыптасқан тілдік құралдардан басқа эстетикалық мақсатта қолданылатын бейнелі құралдармен де таныту жағдайлары кездеседі. Дегенмен, адамның жан-дүниесін танытудағы тұлғалық не ұжымдық санада жинақталған білім, мәдени ақпараттардың құрлымын, оның жүйелену, топтасу механизмін анықтау, бұнымен қоса босты когнитивтік бірлік- концептіні ұғымнан ажырату, оның санадағы бейнесі мен тілдік көрінісі мәселелерін айқындау, бір тұжырымға келу терең зерттеуді талап етеді.
Жоғарыда аталғандай, жеке лексемаларды, фразеологизмдерді, прозалық мәтінді когнитивтік тұрғыдан зерттеген ғылыми еңбектер бар. Ал «жүрек/heart» және «жан/soul» атауларын концептілік тұрғыдан анықтау мәселелері когнитивтік лингвистикада қазақ тілінде көп зерттеліне қойған жоқ. Сондықтан концептілік құрылымдардың «жүрек/heart» және «жан/soul» атауларының тілдегі көрінісін, концептілердің берілуін, бір концептінің әртүрлі тілдік құралдар арқылы вербалданудағы ерекшелігін айқындау жұмыстың өзектілігін көрсетеді.