ҚР ҚН 4.02-01-2011* 31
Аталған ауа өткізгіштерді ажырайтын қосылыстарсыз ІІ сыныптағы дәнекерлермен
төсеуге рұқсат етіледі.
Жарылуға қауіпті қоспалар өтетін ауа өткізгіштерді жылу тасымалдағыштары бар
құбырлармен қиысып өтуіне рұқсат етілмейді.
7.8.13 Өртке қарсы қабырғалардың және 1-ші үлгідегі аражабындардың ауа
өткізгіштерімен қиысып өтетін орындарында (түтінге қарсы қорғаныш жүйелерін
қоспағанда) қалыпты ашық өртке қарсы қақпақтары көзделуі керек.
7.8.14 Ғимараттардың қабырғалары, аралықтары және аражабындары арқылы
транзиттік ауа өткізгіштерінің өту орындары (соның ішінде қаптамаларда және
шахталарда) қиып өтетін қоршалатын конструкциялардың өртке төзімді нормаланатын
шектерін қамтамасыз ете отырып, жанбайтын материалдармен тығыздалуы керек.
7.8.15 Ауа өткізгіштерінің ішінде, сондай-ақ олардың қабырғаларынан ең төменгі
қашықтықта сыртта жанатын заттары бар газ құбырларын және құбырларды, кабелдерді,
электрсымын, ток тартқышты және кәріз құбырларын орналастыруға рұқсат етілмейді;
сондай-ақ осы коммуникациялардың ауа өткізгіштермен қиысуына рұқсат берілмейді.
Желдету жүйелерінің ауа өткізгіштері бар шахталарында тұрмыстық және өндірістік
кәріз құбырларының төселуіне рұқсат етілмейді.
8 ӨРТ КЕЗІНДЕГІ ТҮТІНГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫШ 8.1 Ғимараттар мен құрылыстардың түтінге қарсы қорғанышы үшін «Өрт
қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес
ғимараттың өртену қаупін болдырмауды және оның үй-жайлардың біріндегі (өрт
бөліктерінің біріндегі бір қабатта) өрттің пайда болуы кезінде адамдарға және мүлікке
әсер етуді қамтамасыз ететін техникалық құралдардың (түтінге қарсы желдетудің сору-
сыртқа тарату автономдық жүйелері және талап етілетін өрт-техникалық сипаттамалары
бар жабдықтар) кешені көзделуі керек.
8.2 Түтінге қарсы желдету жүйелері шектес өрт бөліктерінің баспалдақ торларын
және лифт шахталарын қорғау үшін тағайындалған сорып тарататын түтінге қарсы
желдету жүйелерінен басқа әр өрт бөлігі үшін автономды болуы қажет. Сорып
шығаратын түтінге қарсы желдетудің тиісті жүйелерін орналастырмай сорып тарататын
түтінге қарсы желдету жүйелерін қолдануға рұқсат етілмейді.
8.3 Өрт кезінде жану өнімдерін жою үшін сорып шығаратын түтінге қарсы жүйелер:
а) биіктігі 28 м астам тұрғын, қоғамдық, әкімшілік-тұрмыстық және көп
функционалды ғимараттардың дәліздерінен және холлдарынан;
б) тұрғын, қоғамдық, әкімшілік-тұрмыстық, өндірістік және көп функционалды
ғимараттардың жертөле және цоколь қабаттарының дәліздерінен және жаяу
тоннельдерінен, адамдардың тұрақты келуі үшін тағайындалған (осы үй-жайлардағы
адамдардың санына байланысты емес) үй-жайлардан және тоннельдерден осы дәліздерге
шығу кезінде;
*в) ұзындығы 15 м астам дәліздерден ғимараттардың табиғи жарықтануынсыз:
- А, Б, және В1-В4 санатты өндірістік және қоймалық ғимараттар үшін екі және одан
көп қабатты;
- қоғамдық және көп функционалды ғимараттар үшін алты және одан көп қабатты