ҚР ҚН 4.02-01-2011* 13
техникалық негіздеу кезінде белгілеуге жол берілмейді. Декоративті экрандарды
қолданған кезде терморегуляторлар шығарылатын датчиктары бар термобастиегінің бар
болуы қажет.
Жылу тасымалдағыштың қатып қалу қаупі бар үй-жайларда жылыту аспаптарын
реттейтін арматура оның рұқсат етілмеген жабылуынан қорғалуы қажет.
6.3.7 Жылыту жүйелерінде ауаны жою және оларды босату үшін құрылғыларды
қарастыру керек. Әр бағанада шлангтерді қосу үшін (суды жіберу немесе ауаны жою
үшін) штуцерлері бар ысырма арматураны қарастыру қажет. Жылытудың көлденең
жүйелерінде ғимараттың қабаттылығынан тәуелсіз әр қабатта оларды босату үшін
құрылғыларды қарастыру керек, полимерлік құбырлардан жасалған құбырлары бар
жүйелерде қысылған ауасы бар жүйенің үрленуін пайдалануға рұқсат етіледі.
6.3.8 Газды сәулелер, сондай-ақ газды жылыту аспаптары (конвекторлар) жұмыс
немесе қызмет көрсетілетін аймақтың ауасындағы рұқсат етілген шамадан төмен емес
зиян заттардың ШРК қамтамасыз ете отырып, жану өнімдерін жою жағдайларында,
сондай-ақ 6.4.1.10 сәйкес метан және оксис көміртегі бойынша газдылық
сигнализаторлары жағдай»ларында қолдануға рұқсат етіледі.
6.3.9 Жылытудың электр жүйелерінде 0 сыныпты токтың соғуынан қорғау деңгейі
және үй-жайдағы ауа температурасына байланысты қыздыру элементінің жылу
қуаттылығын автоматты реттей отырып, рұқсат етілгеннен төмен жылу беретін беткі
температурасы бар электрлі жылыту аспаптарын қолдануға рұқсат етіледі.
6.3.10 Ішкі жылумен жабдықтау жүйелерінің құбырларын құрылыста қолдануға
рұқсат берілген болаттан, мыстан, жезден, полимерлік (соның ішінде металлполимерлі)
құбырдан жасау керек. Полимерлік құбырлары бар жүйелерде бір өндірісшінің қосу
бөлшектері мен бұйымдарын қолдану ұсынылады.
6.3.11 Жылыту жүйелерінің құбырларын төсеу тәсілі жөндеу кезінде оларды жеңіл
ауыстыруды қамтамасыз етуі қажет. Сыртқы қоршау конструкцияларында жылыту
жүйелерінің құбырларын бетондаудың керегі жоқ; қоршаулардың штробтарындағы
оқшаулауындағы оқшауланған құбырларды төсеуге рұқсат етіледі.
Құбырларды жасырын төсеген кезде жинамалы құрамалар мен арматураларды
орналастыру орындарында люктардың болуы керек. Полимерлік құбырлардан жасалған
құбырларды төсеуді жасырын едендерде (гофроқұбырларда), плинтустарда, экран
артында, шрабтарпда, шахталарда және өңештерде жасау керек; құбырлардың
механикалық және қызулық бүлінулері орындарында оларды ашық төсеуге, сондай-ақ
оларға ультра күлгін сәулелердің тура әсер етуіне рұқсат етіледі.
6.3.12 Жылытудың пәтерлер бойынша жүйелерінде әр пәтер үшін реттейтін және
ысырма жылуды еспке алу аспаптарын оларға техникалық персоналдың еркін кіруін
қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсетілетін қабаттарға арнайы шкафтарды орналастыру
керек.
6.3.13 Жабындардың қиылысу орындарындағы, ішкі қабырға және аралық
орындарындағы құбырлардың тесіктерін және жанбайтын материалдар тесіктерін бітеуді
көздей отырып және бірін бірі кесіп өтетін конструкциялардың өртке төзімділігінің
нормаланған шегін қамтамасыз ете отырып, жанбайтын материалдардан жасалған
гильзаларға төселуі керек.
6.3.14 Жылыту, ауаны қыздыруды жылумен жабдықтау жүйелерінің құбырларын