ҚР ҚН 4.02-01-2011* 34
а) өтетін газдардың есептік температурасына байланысты отқа төзімділік
шектерімен белгіленген және қызмет көрсетілетін үй-жайлардың тиісті санатында
орындалған желдеткіштердің (радиал, радиал шатырлы және өстік) көзделуі керек.
Жанбайтын материалдардан жасалатын жұмсақ ендірмелерді қосуға рұқсат етіледі.
Түтінге қарсы экрандардың отқа төзімділігінің нақты шектері белгіленген тәртіпте
белгіленген мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес
анықталады;
б) отқа
төзімділік
шектерімен
белгіленген
П
сыныбының
жанбайтын
материалдарынан жасалған ауа өткізгіштері мен өңештері:
- қызмет көрсетілетін өрт бөлігі шегіндегі транзиттік ауа өткізгіш пен шахталар
үшін; бұл ретте, өрт бөліктерінің өртке қарсы бөгеттерін қиып өтетін ауа өткізгіштері мен
шахталарының транзиттік учаскелерінде өртке қарсы қақпақтарды орнатудың керегі
жоқ;
- жабық автотұрақтардан жану өнімдерін жою кезінде қызмет көрсетілетін өрт
бөліктері шегіндегі ауа өткізгіштер мен шахталар үшін;
- қызмет көрсетілетін үй-жайлардан тікелей жану өнімдерін жою кезінде қызмет
көрсетілетін өрт бөлігі шегінде тік ауа өткізгіштері және шахталары үшін;
- қызмет көрсетілетін өрт бөлігі шегіндегі басқа жағдайларда;
в) отқа төзімділіктің белгіленген шегінде қалыпты жабық өртке қарсы қақпақтары:
- жабық автотұрақтар үшін;
- қызмет көрсетілетін үй-жайлардан тікелей жану өнімдерін жою үшін;
- түтін сору шахталарынан таралған ауа өткізгішке қақпақтарды орнату кезінде
дәліздер мен холлдар үшін;
- шахталардың ойықтарында тікелей түтін қақпаларын орнату кезінде дәліздер мен
холлдар үшін көзделуі керек.
Өртке қарсы қалыпты жабық қақпақтардың (түтін қақпақтарын қоспағанда)
құрамында жылу оқшаулағышсыз жапқыштарды қолдануға рұқсат етілмейді.
Түтінге қарсы экрандардың отқа төзімді нақты шектері белгіленген тәртіпте
мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес анықталуы керек.
8.11 Жану өнімдерін жою үшін желдеткіштер олардың ауа өткізгіштерін қиып
өтетін конструкциялар үшін аз талап етілетін отқа төзімді шектері бар қоршалатын
құрылыс конструкциялары бар жеке үй-жайларғы немесе тікелей желдеткіштердің
арнайы орындауындағы қорғалатын үй-жайларға орналастырылуы керек. Түтінге қарсы
сорып шығару жүйелерінің желдеткіштерін бөгде адамдардың кіруінен қорғалатын
қоршаулары бар шатырға немесе ғимараттың сыртына (минус 40 °С және төмен сыртқы
ауаның есептік температурасындағы аудандардан басқа) орналастыруға рұқсат
етіледі.Желдеткіштер мен өңештердің отқа төзімді шектеріне сәйкес келуін қамтамасыз
ету жағдайларында өңештерде тікелей желдеткіштерді орнатуға рұқсат етіледі.
8.12 Газ, аэрозоль немесе ұнтақпен өртті сөндіру қондырғыларымен қорғалатын үй-
жайлардан өрттен кейін газды және түтінді жою ағынды ауамен газдщың және түтіннің
жойылатын көлемін өтей отырып, төрт есе ауа алмасудан кем емес газды жою
шығынымен қамтамасыз ететін үй-жайлардың төменгі және жоғарғы аймақтарынан
механикалық іске қосылатын жүйелер көзделуі керек. Газбен, аэрозольмен немесе
ұнтақпен өртті сөндіру автоматты қондырғылары әрекет еткеннен кейін газ бен түтінді