2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалаларды сипаттау. Ерекшеліктеріне тоқталу.
Бағалау критерийлері:
Түрлі дереккөздеріне сүйене отырып,көне қалаларды сипаттайды
Құндылықтарды дарыту:
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.Өз елін ,жерін құрметтеп,Отанды қорғауға жауапкершілік алуға баулу. Сонымен қатар осы тақырып арқылы болашақ жас ұрпақты мамандық тандауға қызығушылығын ояту. Іздену арқылы Қазақстандағы көне қалалардың ерекшеліктерін көркем етіп көрсету.
Пәнаралық байланыстар:
Әдебиеттік оқу,қазақ тілі,ал жоғары сыныптағы пәндерден география,дүние жүзі тарихы,қазақстан тарихы пәндерімен байланыстыру
АКТ.ресурстар:
www.youtube.com каналы
Бастапқы білім:
Қазақстан жерінде болған ежелгі қалалар туралы меңгерген түсініктері бар.Көне шаһарлар туралы мәтіндер тындап,жаттығулар жасаған
Топқа бөлу
Археолог - ежелгі өркениеттердің өмірі мен мәдениетін олардың еңбек әрекетінде жасалып, сақталған қазба қалдықтарынан зерттейтін ғалым.
Ой қозғау
Жібек жолы» термині кейіннен енгізілген, ал жолдың өзі ежелгі. «Жібек жолы» терминін неміс географы Фердинанд Рихтофен 1877 жылы енгізген. Ол бұл сауда жолы туралы Қытай туралы жазған кітабында айтып өткен болатын.
Жібек жолы» термині кейіннен енгізілген, ал жолдың өзі ежелгі. «Жібек жолы» терминін неміс географы Фердинанд Рихтофен 1877 жылы енгізген. Ол бұл сауда жолы туралы Қытай туралы жазған кітабында айтып өткен болатын.
Аталуына қарап бұл жолды қандай да бір мықты магистраль деп ойлайсың. Алайда, тарихшылар айтып өткендей, Ұлы Жібек жолы үлкен ағашқа ұқсайды, себебі оның көптеген бағыттар болған. Осылайша, сауда айналымы көптеген қалаларды қамтыды.
Ұлы Жібек жолының қашықтығы 12 000 шақырымды құрады. Сондықтан саудагерлер мұндай қашықтықты толық жүріп өтпеген. Көп жағдайда олар ауысумен жүріп, жолдың ортасында өз тауарларын ауыстырып алып отырған.
Қытай императорының сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін жіберген арнайы дипломатиялық керуені Қытайға 13 жылдан кейін бір-ақ оралған.
Жібек жолы сүрлеуін жылқы салған.
Жібек жолы арқылы көп жағдайда жүзім мен мақта, жылқылар мен азықтық дақылдар жеткізілді.
Жібек жолы арқылы көп жағдайда жүзім мен мақта, жылқылар мен азықтық дақылдар жеткізілді.
Ұлы Жібек жолының пайда болуының арқасында қолөнер шеберлері жаңа өнер түрлерін игерді. Шеберлер темірден жасалған бұйымдарды жасау ісін Шығыстан, ал шыны жасау ісін Батыстан үйренді.
Қытай аңыздарында жібек жіпті ең алғаш болып Си Линг-чи патша ханым алған елінген. Аңызға сүйенсек, патша ханым шай ішіп отырған кезде оның шыныаяғына ағаштан жібі шығып тұрған құрт түсіп кетеді. Сөйтіп, патша ханым құрттың жібін тарқатып алып, осылайша алғашқы жібек жіп алынады.
Тасымалдың қарқындылығы Жібек жолындағы кейбір қалалардың арнайы уақыт кестесін белгілеп отырғанын дәлелдейді. Мысалы, керуендер Қытайдың Лоян қаласынан алдыңғы керуеннің шыққанына бір апта өткеннен кейін бірақ қозғалған.
Бүкіл Еуразия арқылы саяхаттаған саудагерлер технологиялар, діни ілімдер туралы айтып, мәдениетімен бөліскен. Сапарға саудагерлер ғана емес, жазушылар, жауынгерлер де, ғалымдар да аттанған. Ұлы Жібек жолының тарихы өте көне. Еуропа осы бағытпен жүріп өткен саяхатшылардың арқасында ғана Шығыстың мәдениетімен танысты. Мысалы, оқдәрі алғаш Қытайда ойлап табылды. Бірақ еуропалықтар бұл туралы білгеннен кейін ғана алғашқы қару-жарақ пайда болды.
Қорытынды
Бастауыш сыныптағы бұл тақырыпты алу себебім:
Жекелей қабілеттерін ертерек айқындау.Ізденуге,зерттеу жұмыстарын жүргізуге бейімдеу
Жоғарғы сыныпта болашақ маман тандауға байланысты гуманитарлық немесе жаратылыстану бағытын тандауда бастапқы білімін қалыптастыру
Болашақ мамандық тандау археолог, саяхатшы, саудагер, құрылысшы, сәулетші