Көне ескерткіштердегі кейбір дауыссыздардың қазіргі түркі тілдеріндегі қолданылуы



бет4/5
Дата17.01.2023
өлшемі41,56 Kb.
#61576
1   2   3   4   5
Байланысты:
Көне ескерткіштердегі кейбір дауыссыздардың қазіргі түркі тілдеріндегі қолданылуы

Б-ның м-ға сəйкестігі орхон-енисей жазбаларында да бар: бунча — мұнша, буң — мұң, қайғы, бін -мін.
Қазіргі қазақ тіліндегі бұнда, мұнда тəрізді паралельдер де сол сəйкестікті көрсеткендей.
Қазіргі түркі тілдерінде аталған дыбыстарға байланысты сəйкестіктер м-б, б-м түрінде көрінеді. Мысалы: татар — қобыз; якут — хомус, шор — қомус; татар — кимə, қазақ — кеме, шор — кебə; ноғай, қазақ — төмен, алтай — төбен.
Б-м көріністері қазақ, қырғыз тілдерін бір-бірімен салыстыру барысында да ерекшелік ретінде де көзге түседі. Мысалы: бұрыш — мурч, сабын — самын, буын — муун, бұзау — музоо, табан — таман, бұрынғы — мурунку, шыбын — шымын т.б.
Қырғыз тіліндегі м-ның орнына басқа түркі тілдерінің көбінде б-ның қолданылу ерекшелігі туралы И.А.Батманов: «В основах под влиянием последующих носовых, б, п переходят в м:

  • бунын — мунун (этого);

  • чыбын — чымын (муха);

  • тапан — таман (подошва),» — деп көрсетеді [6; 172].

Түркі тілдеріндегі б-ға қатысты ерекшелік б-п сəйкестігі арқылы да көрінеді. Атап айтсақ, көптеген тілдердегі бас, баш сөзі чуваш тілінде пус, хақас, шор тілдерінде паш, көптеген тілдердегі бай сөзі чуваш тілінде пуй, хақас тілінде пай түрінде қолданылатыны сияқты қыпшақ тілдерінің өз ішінен немесе қыпшақ тобын қарлұқ тобымен салыстырғанда да орын алады. Мысалы: байпақ — пайпоқ, себеп — сабаб, парақ — барак, байқау — пайқамоқ, бейсенбі — пайшанба, бəйге — пойга, жабайы — жапайы, көбелек — көпөлек, шүберек — чүпүрек т.б.
Сөз басында б-п ауысуы қазақ тілінде де ауызекі сөзде болат — полат, бал — пал, бітіру —пітіру, бейнет — пейнет, бану — пану сияқты сөздерде де кездеседі.
Түркі тілдерін бір-бірімен салыстырғанда у-қ сəйкестігі де орын алған. Бұл сəйкестік те тарихи тұрғыдан қарағанда тілімізге жат нəрсе емес. Бұл туралы: «Исторически вторые компоненты сочета- ний /уj/, /іj/, /uw/, /uw/ восходят к согласным /q/, /k/, /y /, /g/, которые до сих пор в так называемой ста- ротюркской группе языков тюркской системы, а в языках новотюркской группы вместо них употреб- ляются [j], [w]…
До сих пор в казахском языке сохранились оба варианта некоторых слов, например: сұрақ /q/ — сұрау /w / «вопрос»; құрақ /q/ — құрау /w/ «собирать,» — деген пікірді келтіруімізге болады [11]. Бұған қосымша қазақ тілінде қ-у немесе к-у сəйкестігі арқылы беріліп, мағыналық бірлікте қолданылатын қыстақ — қыстау, сынақ — сынау, қамақ — қамау, күзек — күзеу т.б. сөздер кездеседі.
Осы сипаттағы сəйкестіктер көне түркілік азығ (медведь) сөзінің қолданысына байланысты ғ-к, ғ-у, ығ-у арқылы көрініс тапқан. Бұл сөздердің қазіргі түркі тілдеріндегі қолданысы айық, еийқ, айу түрінде болып келеді [5, 44]. У-қ сəйкестігінің сипаты қазақ, қырғыз, өзбек тілдеріне де тəн: бояу- боёк-буеқ, қоңырау-коңгуроо-қунғироқ, қою-коюу-қуюқ, аю-аюу-айиқ т.б.
Қазақ тіліндегі инфинитивтік форма туғызатын жұрнақ болып тұйық етістіктің у қосымшасы саналады, өзбек тілінде бұл тұрғы -моқ жұрнағы арқылы беріліп, у-қ сəйкестігі кездеседі. Мысалы: бару-бормоқ, келу-келмоқ, айту-айтмоқ, ашу-ачмоқ, жүру-юрмоқ т.б.
Қазіргі түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың көрінісін өзара немесе көне түркі тілімен салыстырғанда, көне түркілік сипатты сақтағандары да, жаңаша түрге енгендері де орын алатындығы белгілі жəне бұның барлығы тілдің даму заңдылығынан келіп туындайды. Тілдің даму заңдылығын көне жəдігерлеріміздегі қолданыстар арқылы да, қазір өмір сүріп отырған тілдердегі ерекшеліктер арқылы да тани аламыз. Көне түркілік қолданысты сақтаған тілдер көне тарихымызға жақындатса, кейбір тілдердегі болып отырған ерекшеліктер тілдің дамуын, қалыптасуын, уақыт өзгерісін көрсетеді.
Сондай-ақ кейбір ерекшеліктердің сипаты жеке тілдің ішкі заңдылығына байланысты. Түркі тілдерінің ішінде чуваш тілі басқа тілдерге қарағанда айырмашылығының көп болуы фонетикада да, лексикада да, грамматикада да сезіледі. Бұны зерттеушілер бұлғарлардың мұрагер тілінің қалыптасуы ретінде көрсетеді. Ал кей ерекшеліктердің сипаты, сəйкестіктердің көрінісі əдеби тілде айырмашылық болып кездеспегенімен, жергілікті тілдік ерекшеліктерге байланысты басқа түркі тілдерімен де, көне жазбалар тілімен де жақындастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет