Көне ескерткіштердегі кейбір дауыссыздардың қазіргі түркі тілдеріндегі қолданылуы



бет1/5
Дата17.01.2023
өлшемі41,56 Kb.
#61576
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Көне ескерткіштердегі кейбір дауыссыздардың қазіргі түркі тілдеріндегі қолданылуы


Көне ескерткіштердегі кейбір дауыссыздардың қазіргі түркі тілдеріндегі қолданылуы
Көне түркі тілінде 16 дауыссыз дыбыс болған [1; 66]. Қазіргі түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың саны да, сапасы да көне ескерткіштер тілімен салыстырғанда ерекшеленетіні белгілі. Себебі өзгеріс тілдің даму, қалыптасу кезеңдеріне байланысты көрініп, дыбыстық алмасу, сөздің басы, ортасы, соңына қатысты дыбыстардың қолданылуынан да көрінеді.
Сондай айырмашылықтардың бір тобы көне түркілік й, ш, ч дыбыстарымен байланысты болып келеді. Бұл дыбыстардың даму, қалыптасуына қатысты көне тіл мен қазақ тілі немесе қазақ тілі мен басқа түркі тілдері арасында көзге түсер айырмашылықтар бар. Н.А.Баскаков та қыпшақ-ноғай топшасының басқа қыпшақ тілдерімен ерекшеленетін көрініс ретінде де осыны айтады.
Басқа түркі тілдеріне қарағанда, қазақ тіліндегі ж-ның өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ тілінің қыпшақ-ноғай тобына жататын басқа тілдерден фонетикалық ерекшеліктерінің бірі ретінде Н.А.Баскаков: «Преимущественное употребление ж в начале слов из чередующихся й/ж/ж, например: «жол» (вместо йол или жол в каракалпакском и ногайском языках) — «дорога» и т.д.,» — дейді [2; 24].
Қазақ тіліндегі ж қазіргі түркі тілдерінің бірсыпырасында сөз басында айтылатын й-дің, сондай- ақ көне түркілік й-дің көрінісі екенін жазба ескерткіштердегі йана (жəне), йол (жол), йаш (жас), йүз (жүз), йер (жер), йүкүн (жүгін) сияқты мысалдардан да көруге болады. Ерте кездегi орхон-енисей, сондай-ақ көне ұйғыр жазба ескерткiштерiнде й дербес дыбыстық бiрлiк ретiнде кездескенiмен, ұяң ж бұл сипатта орын алмаған [3; 117].
А.М.Щербактың пікірінше, көне түркілік й алтай тілінде д (дос, док), тува хакас, шор тілдерінде ч (час, чок), якут тілінде с (сас, суох), қарашай-балқар, қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар тілдерінде ж (жаз, жоқ), қарашай-балқар тілінің малқар диалектісінде з түрінде дамыған [4; 159].
Келесі бір зерттеушілер де сөз басындағы й-дің кей түркі тілдерінде сол қалпында сақталғанымен (түрік, түрікмен, өзбек — йол, йок), енді бір тілдерде өзгеріске енгенін айтып, ал қазақ тілінде й-дің ж екеніне «жол, жоқ» сөздерін мысалға келтіреді [5; 53].
Кей түркі тілдерінде көне й дыбысының дауыстылардың алдында дж аффрикатына айналатыны белгілі жəне бұның түсіріліп айтылуы да кездеседі жіңішке — ингичка, жылан — илан, жіп — ип, жылы — илиқ, жүзім — узум, жібек — ипак (өзбек тілінде), ил — жыл, илан — жылан, үрəк — жүрек (əзербайжан тілінде) т.б.
Бұлай ж-ның түсіріліп айтылуы қырғыз тілінде де орын алған. И.А.Батманов кей сөздер құрамындағы сөз басындағы ж дауыссызының түсіріліп қолданылуы қырғыз тілінің ерекшелігі деп көрсетсе [6; 98], енді бір ғалымдар бұл туралы: «В киргизском, алтайском языках аффриката ж перед узкими гласными отсутствует, ср. кирг. и алт. ыр «песня», но казах. жыр, кирг. и алт. ырақ «далеко», но казах. жырак. В действительности аффриката ж не может утрачиваться перед узкими гласными. Утрачивался здесь фактически перед узкими гласными типа ы, и, у (ил — жыл, илон — жылан). Следова- тельно, кирг. ыр — песня возникло в ту эпоху когда в этом языке еще существовал начальный і», — дейді [5; 52].
Осы тілдегі ж-ның басқа тілдермен салыстырғанда түсіріліп қолданылуына байланысты зерттеушілер Б.А.Серебренников пен Н.З.Гаджиевалар көрсетіп отырған екі түрлі ерекшелік те қырғыз тілінде орын алған. Мысалы: Бала ыйын басты (Бала жылауын қойды); Бала ыйлап турат (Бала жылап тұрады). Бұған қоса ыйлаак (жылауық), ыр (жыр), ылдам (жылдам), ырак (жырақ) сияқты сөздерді мысалға алуға болады.
Сөз басында кездесетін көне түркілік й дыбысының қазіргі түркі тілдеріндегі көрінісі төмендегідей:
Й — дж: қырғыз, қарашай-балқар, қарақалпақ — (д) жер, (д) жуз; якут — (д) жон-жан, (д)жыл-жыл;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет