Түріктану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық әрі дәуірлік мәніне қарап, Орхон, Енисей және Талас деп үш топқа бөледі. Соның ішінде Талас жазбалары Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын орта ғасырлық мұралар мен тарихи орындар осмы таулы-қыратты, өзенді аймақтарда орналасқан. Сан жылдар бойы іздестірудің барысында Орталық Азия территориясында ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу жүйесі өзінгің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленеді.
ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде біраз мағлұматтарды өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» журналында Григорий Спасский жариялайды. Оның мақаласы көп кешікпей латын тіліне аударылады да, Орхон ескерткіштері басқа елдердің ғалымдарына да белгілі бола бастайды. Бұл хабарды естіген фин археологиялық қоғамы 1875 жылы Минусинскіге екі рет экспедиция жіберіп, 1889 жылы «Енисей жазбалары» деген атпен 32 таблицалы, 8 фотосуретті атлас жариялайды.
Көне түрік дәуірі — ежелгі ортағасыр кезеңі (VI-XII-ғ.) казірғі Қазақстан жерлерінде тілдік және саяси жағдайлардын өзгерулеріне тікелей байланысты болып келеді. Осы кезде осы жерлерде түркітілдес халықтар этникалық және саяси үстемдікке ие болады. Өзгерістер негізінен Орталық Азия даласының шығыс бөлігінде оқиғаларға байланысты болды. VI-ғасырдың орта шенінде аталған өңірде түрік деп аталатын тайпалар одағының мемлекеті - ұлы Түрік қағанаты бой көтерді.
Көне түрік өркениетінің ұлы жетістіктерінің бірі - өз жазуын жасауы еді. VI-VII-ғасырларда Түрік қағанатының құрамына кірген Орта Азиялық және Қазақстанның тайпалары, сондай-ақ, Төменгі Еділ бойы, Дон өлкесінің, Солтүстік Кавказда Хазар мемлекетін құрған батыс түрік тайпаларының өз жазулары әлдеқашан пайдалануда болатын. Түріктер әріп-белгілерді шағын ағаш тақтайшаларға салатын. Елшілер арнайы ғрамоталармен қамтамасыз етілді. Мәселен, 598-жылы Константинопольдегі император Юстинге келген түрік елшісі қағанның «скиф жазуымен жазылған» сәлемін жеткізген.