Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет36/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   127
Тірек сөздер: Ахмет Байтұрсынұлы, көпқырлы, шығармашылық, әдебиеттану, 
аудармашы, түркітанушы, тіл білімі, әліпби, сөз өнері, термин жасау. 
 
Ахмет Байтұрсынұлы өткен ғасырдағы, жалпы қазақ тарихындағы 
өшпес ізі мен мұрасын қалдырған қоғам және саяси қайраткер ғана емес, әлі де 
көпқырлы ғылыми, ағартушылық, зерттеушілік қызметі толық зерттеліп бітпеген 
аса ірі қайраткер. Біз Ахмет Байтұрсынұлының қалдырған мол мұрасын 
зерттеген сайын қазақ халқының маңдайына біткен көрнекті қайраткердің 
көпқырлы қызметіне көз жеткіземіз. Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси 
қайраткерлігін, ұлт ұстазы ретіндегі еңбегін айтпаған күннің өзінде, ғылыми-
ағартушылық қызметін бес негізгі бағытта жіктеп зерттеген дұрыс деген 
пікірдеміз. Ол бағыттарға: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, қазақ тіл 
білімінің негізін қалаушы ретіндегі еңбегі, әдебиеттанушы, аудармашы және 
түркітанушы сықылды бес бағытта зерттелуі тиіс деген тұжырымға келдік. Біз 
Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын кең ауқымда шолып, зерттеп көру 
барысында алтыншы бағыты – өз диссертациялық зерттеу жұмысымыздың 
негізгі тақырыбы, қазақ әдебиетіндегі фэнтези жанрының сол кезде 
қалыптаспаса да, мифология, халық ертегі- аңыздары, эпостық жырлар негізінде 
белгілерін, элементтерін іздестіріп көрдік. Бірақ әзірше бұл талпынысымыз өз 
жемісін бермей тұр, болашақта да беретініне күмәнмен қарап отырмыз. 
Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-ағартушылық қызметін жоғарыда 
аталған бес бағытқа бөдіп зерттеуді жөн деп таптық. 
Бірінші бағыты – шығармашылық қызметі. Өзімізге белгілі, 
көптеген ақын-жазушылар сықылды Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылық 
жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-
тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани 
биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. 
Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің 
алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақынның алғашқы 
өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт- Петербургте 
жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, 
олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір 
аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін 
халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес 
қосып отырған. Байтұрсынұлының екінші кітабы — 
«Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, 
шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады[1]. 
Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, 
Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық 
бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған 


55 
ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, сол кездегі қоғам қалпына көңілі толмайды. 
«Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», 
«Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т. б. өлеңдерінің мазмұны осыны 
танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән 
өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді. Әрине, Ахмет Байтұрсынұлының 
шығармашылығы аталған еңбектерімен шектелмейді, бұл тек ұлы қайраткердің 
мол мұрасының бір парасы, бастамасы ғана іспетті. 
Ахмет Байтұрсынұлы қайраткерлігінің екінші үлкен және біздің 
ойымызша, негізгі бағыты - қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ретінде 
қарастыруымыз керек. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі 
оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ 
графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени 
дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып 
отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Сол 
1911–1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында 
жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 
1912–1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең 
пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет 
Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы 
қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен 
ұласады [2]. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, 
үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. Ахмет 
Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ретіндегі еңбегі әлі де 
дүниежүзіне тарыдай шашылған қазақтың мүддесіне қызмет етіп келеді. Себебі, 
қазіргі Қытай жеріндегі және басқа бірқатар елдерде қоныстанған қазақтар осы 
күнге дейін Ахмет Байтұрсынұлының жасап беріп кеткен «төте жазуын» 
қолданады. 
Ахмет Байтұрсынұлы сонымен қатар ірі әдебиеттанушы ғалым, тіпті 
қазақтың әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы десек артық айтпаймыз. 
Әдебиеттану Ахмет Байтұрсынұлының көпқырлы ғылыми-ағартушылық 
қызметінің үшінші қыры. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа 
шығаруда Ахмет Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы 
алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан 
«Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ 
халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, 
шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс 
әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының 
эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» 
алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Москвада шығарды. Қазақ ауыз 
әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 
1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының 
қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі 
— «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, 
мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты 
зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде 


56 
Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән- 
маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек 
көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-
түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады 
да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл 
әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, 
«шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», 
«ұйқастығы» т. б. сөз етіледі. Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» 
деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, 
өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді 
әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері 
— пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, 
уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің 
«сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл 
реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады. Байтұрсынұлы 
Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет 
алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын 
айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму 
процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ 
сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады. Байтұрсынұлының жыраулардың 
мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз [3]. Сөз өнерінің көне 
дәуірдегі үлгілері, 15–17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын 
назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, 
Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, 
Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар 
шығармаларынан үзінділер бар. 
Ахмет Байтұрсынұлы қайраткерлігінің тағы бір, төртінші қыры – 
аудармашылық еңбегі. Ахмет Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның дербес 
саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне 
аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты [4]. 
И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» 
деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И.Хемницердің «Атпен есек», 
А.С.Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан 
Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я.Надсонның 
өлеңін қазақ тіліне аударды. 
Ахмет Байтұрсынұлының бұрын аса үлкен мән берілмей келген 
қайраткерлігінің бесінші қыры – түркітанушы ғалымдығы. 
Ахмет 
Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб 
әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар 
жазды. 1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне 
қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама 
жасады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына 
көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); 
ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты 
оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды[5]. Қазақ грамматикасына қатысты 


57 
категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық 
тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Мысалы, 
А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ Тіл білімі ғылыми-зерттеу институтының 
директоры, ф.ғ.к., профессор А.М.Фазылжанованың пікірінше, Ахмет 
Байтұрсынұлы қазіргі қазақ тілі мен ғылымында кеңінен қолданылатын 
«көсемше», «күрделі» және басқа ғылыми терминдерді қазақ халқының 
күнделікті өмірінде, мал шаруашылығында, егін шаруашылығында, тұрмыс- 
тіршілігінде қолданатын қарапайым сөздерінің негізінде жасап, ғылыми 
айналымға енгізіп жіберген. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ фонетикасы мен 
грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму 
барысын ескеру принципін ұстанды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 
ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб 
графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды. 
Қорыта келгенде, Ахмет Байтұрсынұлы қайраткерлігі мен 
шығармашылығын мақаламызда қарастырған бес бағытпен шектелмей, 
тереңдете зерттеу барысында одан да көп бағыттарға жіктеп, сыныптап 
қарастыруға болады деген ой түйеміз. Мысалы, жоғарыда аталған бағыттардан 
басқа терминжасаушы, терминтанушы, сөзтанушы, ежелгі қазақ ауыз әдебиеті 
мен қазіргі жазба әдебиетін жалғаушы сықылды шығармашылық бағыттарын 
атап көрсетуге болады. Яғни, Ахмет Байтұрсынұлының қазаққа қалдырған мол 
мұрасын әлі де тереңдете, жан-жақты зерттеуді жалғастыру керек деп ойлаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет