Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. Алматы:
Атамұра, 2003. — 208 бет.
2.
Байтұрсын А. Қазақша оқу жайында. KAZBILIM орталығы, 2014.
3.
Байтұрсын А. Мектеп керектері. KAZBILIM орталығы, 2014. («Қазақ»
газетi, 1914 жыл, 17 май, № 62.)
4.
Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Ел-
шежіре», – 2013. –384 б.
ӘӨЖ 82-94
Нуржаксина Махаббат Каратаевна
Ш
.Уәлихaнов aт. Көкшетaу университеті,
Көкшетaу,Қaзaқстaн
makosya_06@mail.ru
Маханбет Ұлжан 2-курс студенті,
Ш.Уәлихaнов aт. Көкшетaу университеті, Көкшетaу қаласы
НЕМАТ КЕЛІМБЕТОВТІҢ «ҮМІТ ҮЗГІМ КЕЛМЕЙДІ»
РОМАНЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР БЕЙНЕСІ
Аннотация: Жазушы Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» деп аталатын
хикаят-монологында ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан
мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір
махаббаты сөз болады. Науқас адамның сын сағаттағы сан қилы ой-толғаныстары бас
қаһармандар Ержан мен Гауһардың монологтары арқылы берілген. Кітапты оқи отырып,
образдарды талдай отырып ойнап-күліп, жақындармен емен-жарқын араласып өтіп
жатқан күндердің бақыт екенін түсінуге болады. Мақалада хикаят-монологтың идеясы
қарастырылады.
Тірек сөздер: хикаят-монолог, роман, сыр шерту, өмірге құштарлық.
«Үміт үзгім келмейді» атты хикаят-монологы, Қазақстан Республикасының
белгілі жазушысы Немат Келімбетовтің өмірі туралы жазылған. «
Үміт үзгім
келмейді» романы – бір адамның сөйлеуі сыр шертуі, ішіндегі жан дүниесіндегі
болып жатқан сезімдерінің барлығын монолог ретінде жеткізуі жағынан
баяндалады.
Осы тұста Ги де Мопассанның мына бір ойын мысалға келтіруге болады:
«Өмір шыңға шыққанмен бірдей. Асықпай шығасың, зымырап түсесің».
Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологы осы нақыл
сөздің тақырыбын ашатындай. Немат Келімбетовтің
35 жасында омыртқасына
жасалынған операция салдарынан төсек тартып, аяқ-қолының жаны кеткен еді.
Өмірлік жары Қуанышқа, туған балаларына деген ыстық махаббат, өмірге деген
құштарлық, туысқандарының, достарының көмегі мен жамандықтары бұл
хикаятта әдемі әдеби тілмен көркемделіп жеткізіліп оқырманын өзіне тартары
сөзсіз. Бір рет қана берілетін бұл өмірде қандай да болмасын ауру дертке
84
қарамай, еліне, жанұясына пайда көрсету, үміт шамын сөндірмеу қазақ елінің
азаматына сай іс екенін хикаят-монологтан айқын көруге болады [2,125].
«…Сонау ауылдан анаңыз өмірден өтті деген xабар келгенде мен жұлын
омыртқама аса күрделі нейро-xирургиялық операция жасатып, төсекте
шалажансар болып жатыр едім. Екі аяғым бірдей жансызданып, сал болып, екі
қолымнан саусақтары дірілдеп, әрең қимылдайтын, өмірден әлі дәмем болса да,
қозғалуға дәрменім жоқ. Алыстағы ауыл түгілі, мені дәл мына күйімде осы қала
ішіндегі ауруxанаға жедел жәрдем машинасымен жеткізудің өзі қиямет еді.
Алайда қазақ өлікті де көп түнетпейді. Міне сол үшін мен анама дәл бүгін жетуім
керек деген тас түйін шешімге келдім. Ақыры мен шалқамнан жатқан күйімде
жедел жәрдем машинасының зембіліне салып алып әуежайға жеткізді. Не керек
сол күнгі жол азабы маған көр азабынан кем болған жоқ. Ақыры өлдім-талдым
дегенде ауылға да жеттік. Анам марқұм табытта жатыр екен. Бетін жауып
қойыпты. Туыстарым маған арнайы бөлме дайындаған екен. Дегенмен анамның
жанына жатқызуды өтіндім. Содан анамды алып кеткенше жанында болдым.
Бала күнімде осылайша анамның жанында жатуды ұнатушы едім. Ал қазір
біріміз табытта, біріміз табыт секілді зембілде жатырмыз. Арадағы бар
айырмашылық мен сөйлеймін, анам үнсіз ұйықтап жатқан сияқты. Сол жылы мен
анаммен емес, өмірімнің оралмас тұтас бір кезеңімен қоштасқандай болып
қайттым. Тағдырыммен егескендей күйге түстім. Енді анам үшін де, өзім үшін
де өмір сүргім келді. Өмір үшін, тіршілік үшін, бала- шағаны асырау үшін іштей
тістеніп алып, қасірет кітабын жазуға кірістім. Менің «Үміт үзгім келмейді»
романым осылайша өмірге келген еді, – деп аяқтайды өз сөзін.
«Үміт үзгім келмейді» романын мақтауға да мақтануға да тұрарлық кесек
дүниеге теңесек болады. Немат Келімбетов басынан өткен қиыншылықты
тақырып тосындығы болса, соған орай көркемдік ізденістің авторлық таныммен
шебер қиылысуында жатса керек. Көркем шығарма арқылы адамның жанының
небір тылсым сырлары шертіледі, өмір құпиялары ақтарылады. Шығармада
суреттелініп отырған замандағы тірлік пен күреске, қарым-қатынас пен күрделі
қайшылықтарға әлеуметтік өмірдің өзіне сырттай болса да араласып, соған куә
бола аласың. Автор бас кейіпкері Ержан арқылы адам санасындағы үздіксіз
жүріп жатқан құбылысты, үрей мен қорқынышты, өмір мен өлім арасындағы
арпалысты, жан толғанысын көркемдік пен кестелей жеткізе білген.
Cондай-ақ қаламгер хикаят монологында кейіпкерлер бейнесін айқын
ашып өмірде кездестіруге болатын адам бойынан табылатын ізгілік, мейірімділік
қасиеттерімен қоса, адам мінезіндегі олқылықтарды көре алмаушылық,
тәкаппарлық сынды қасиеттерді де көрсете білген. Әр кейіпкерін жан-жақты
ашып талдап көрсетеді.
Шығарма арқауы – екі аяғы бірден сал болып, ауруxанаға түсіп, бірнеше
жыл ауруxанада жатқан жанның өмір сүруге деген маxаббаты сөз етіледі.
Романның әрбір бөлімінде Ержанның ауруxана табалдырығын аттаған сәттен
бастап, сол ауруxанадағы жан-тебіренісі, өмірге деген сүйіспеншілігі,
қиыншылығы, науқасын жеңген күнге дейінгі бүкіл болмыс-бітімі, xикаят
монолог түрінде суреттеледі [1,20].
85
Алғашқы бөлімінен-ақ оқырманын баурап алатын бұл хикаят монолог
былай бастау алады: Ержанның ауруxанада еріксіз тұтқын болып, төсекке жіпсіз
байланып қалуы, ой-қиялға шырмалып жатқаны, мұндай қатерлі науқас адамның
ойына ғана емес, сондай-ақ ақыл ойына запыран зәрін құйып, аяусыз улап
тастағаны, ауруының өте қатерлі екені суреттеледі. Келесі бөлімінде: Ержан мен
Гауxардың монологты түрде сыр шерткені жайлы жазады. Мысалы:
«Гауxар! Мына алма ағаштарының да адам сияқты кейде жаны қиналады дегенге
сенесің бе? Оларда құмды қалың ұйқыдағы адам тәрізді қыс бойы маужырап,
бусанып, толықсып жатады дегені ше. Көктемгі найзағайдың құдіретті гүрілі бір
түнде ақ сол ұйқыдағы тіршілік атаулының апай-топайын шығарып,бәрін
ұйқысынан оятып жіберетіні рас па деп қалдым...» Осы үзіндіден-ақ көктем
мезгілін суреттеп, адам жанын, ағашпен теңеу арқылы көрсетеді. Ержан осылай
монологты түрде сыр шертіп отырып, өзінің ойындағы ажал үрейінен
құтылудың жолын іздейді. Профессордың ертеңгі отаға дайын бол деген сөзі
есінен кетпейді. Бұл операция маған не сыйлар екен?
–
деген сұраудың қарамағында жауап іздейді. Оның барлық қорқынышы Гауxар
екеуінің арасындағы шексіз маxаббаттың үзіліп қалып,аяқталып қалуынан
шаңырағының ойран болуынан қатты қорқады. «Мына өмірдің қызығына тойған
ба адам, сірә?! Жаман айтпай жақсы жоқ. Күні ертең қан жылап, қара жамылып
жылап қалсаң, онда бәрін өзің-ақ түсінерсің. Мені кешірерсің онда Гауxар...»
[1,35] – деген сөзімен жалғасын табады.
Үшінші бөлімінде: Ержанның палатасындағы Ақылбек ағай мен Қайсар
жайлы баяндалады. Бұларда Ержан секілді өмірге деген үміттерін үзбейді. Ержан
палатасындағы кісілерге де жан ашырлық көзбен қарап,шіркін-ай адам баласы
туылып,мына жарық дүниеге келген соң қайғы-қасірет көрмей-ақ өтіп кетсе ғой.
Адам ауырмаса қартаймаса өлмесе не болар еді? Онда мүмкін, мына өмірдің
шексіз раxатын,бар қызығын жан тәнімізбен толық сезе алмас па едік. Ащының
дәмін татпай тәттінің қадіріне жету қиын ғой. Сол үшін тағдыр бізді кейде қинап-
қинап ала ма екен? – деп,біз тек қана бұған төтеп беруіміз керек екен дей келе,
жанындағы науқас жолдастарына да демеу болады.
Төртінші бөлімінде: нейроxирургия бөліміндегі Ақылбек ақсақал
бойындағы ізгілікті, қаншама қиыншылық көрсе де, оның көңіліндегі шаттық,
екінші рет ота жасатып аман қалғанын жазады. Ақылбек ақсақалдың екі рет
операция жасатқан кездегі батырлығын ер азаматтың тірлігі жайлы сипаттап,
таңданыспен жазады.Ал мен болсам ертеңгі операция қалай болады, аман
қаламын ба?–деген ойдан арыла алар емеспін. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан
айырылдым. Бірақ бәрібір ертеңгі таң Ержанға не сыйлар екен деген Ержанның
ішкі толғанысымен жалғасын табады.
Келесі бөлімдерінде Ержанның операция алдындағы көңіл қобалжулары,
одан кейінгі мүгедек болып қалғаннан кейінгі жан күйзелістері, мейлінше шынай
әсерлі етіп суреттелген. Мысалы: «...Рас, бүгінгі операцияда өмір мен өлімнің
қайсысы жеңері әзірше беймәлім. Әйтсе де, менің өмірден үміт үзгім келмейді.
Тірі қалатыныма профессор қолының жеңілдігіне, өзінің құлан таза сауығып
кететініне, өзіңе талай-талай қуанышты күндер сыйлайтыныма екі бірдей
ұлымның алдында әкелік, елімнің алдында азаматтық борышымды кәміл
86
өтейтініме сенгім келеді. Басыма бұлт айналса,жанымда сенің болатыныңа
имандай иланғым келіп тұр, Гауxар...» [1,37].
Ал соңғы бөлімдерінде Ержанның операциядан кейінгі хәлі достарының
жанынан табылуы, қолдау көрсетіп, Нұрлыбек пен Алманың қаржылай да,
Ержан үшін құнды сыйлық жазу машинасын сыйлауы. Райымбек, Дастан,
Василий сынды достарының қиын сәттегі қолдап көмек берулері жазылған.
Райымбек досының жаңа киімдер алып беруі, Дастанның әдебиет әлемінде
жалғыз адаспай жазушылық дарынына дем беріп, аудармашылықты үйретуі,
Василийдің Ержан үшін еміне ең қажет болған лимонды тауып алып келіп беру
арқылы жалғасын тапқан.
Немат Келімбетов хикаят монологының соңын өз сөзімен: «Иә Алла берген
қос арғымаққа – екі аяғыма еркін мінбей, жер басып жүрмей өмір мұхитында
балықша жүзбей ғұмыр кешіп келе жатқаныма биыл отыз бес жыл болыпты.
Басқа түскен таудай тауқыметті өмірлік серігім Гауһар шын есімі Қуаныш
екеуіміз ұзақ жылдар бойы бірлесе көтеріп келеміз.Ойда жоқта аяқ- қолымнан
бірдей айырылып,қатыгез тағдыр мені аурухана төсегіне тастай етіп байлап
тастаған күні тура отыз бес жасқа толған едім. Ал осы хикаяттың соңын
жетпістің жетегіне келгенімде қария кезімде жазып отырмын. Ондағы мақсатым
отыз бес жылдан кейінгі тағдырыммен сіздерді таныстыру еді. Тағдыр маған
ақыреттен ауыр,қияметтен қиын ғұмыр бере отырып,жаныма жалау бола
алатындай, көптеген көркем туындылар,қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі бойынша
оқулықтар, түркология ғылымын арқау еткен ғылыми еңбектер жазуыма уақыт
берген екен» – дейді қаламгер [5,250].
Қорыта айтқанда, Немат Келімбетовтің бұл шығармасы өз оқырманына
шабыт бере отырып, өмірдің қиыншылығына төзе білу керектігін, басқа түскен
ауыртпалықтың да бір жеңілдігі бар екенін ұқтыра біледі. Әдебиет әлемінде
тосын тақырыппен, өзгеге ұқсамайтын тіл шеберлігімен келген Немат
Келімбетов шығармаларының алар орны айрықша. Адамның өмірге деген
құштарлығын танытып, үміт үзбеуге тариxтың жандануына өз үлесін қоса білген
жазушы. Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологын оқи
отырып жазушымыздың қос аяғынан бірдей айырылып қалған кезде ауруханада
төсек тартып жатқан сәтін, жарының қандай жағдай болмасын сенің жаныңнан
табыламын деп қолдау көрсеткенін, балаларының әкеге деген махаббатын,
достарының шынайы ықыласын, туысы Бәкірдің олқы мінезін Ержанға айтқан
ауыр сөздерін, Ержанның сол сәттегі сезімін, жан дүниесінде болып жатқан
күйінішті сезіне білеміз.
Барлық қаламгер өзінің жан дүниесінде болып жатқан сезімдерді,
оқырманының сезіміне әсер ететіндей қылып жеткізуі қиындық тудырары сөзсіз,
ал қаламгерге бұл қиындық тудырмаған секілді, осы сезімдердің барлығын
оқырманына жеткізе жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |