143
келмейтін, қазақша баламасы жоқ қаншама қолданыста жүрген
шеттілдік сөздер
мен халықаралық
(университет, институт, уезд, ультрадыбыс, урология,
училище, т.б.)
сан мыңдаған терминдеріміз бар.
Сол себептен жаңа
әліпбиіміздегі
У
дыбысын
U
таңбасымен берген өте тиімді болмақ.
2018 жылы 19-ақпанда бекітілген жаңа әліпбиімізде 2 дыбыс диграфпен,
яғни бір дыбыс екі таңбамен (диграфпен) берілген. «Бір дыбысқа – бір әріп»
деген принципке 2 әріп (sh, ch) сәйкес алынбаған. Шындығында, қазақ әліпбиі
«бір дыбысқа – бір әріп» принципіне сүйенетін болса, әліпбиден диграфтардың
орын алуы жөнсіз екені айдан анық. Мысалы:
Ashana (асхана, ашана), Аshat
(Асхат, ашат), Doshan (Досхан, дошан), Barshan (Барсхан, баршан)
т.б. тәрізді
сөздердің әртүрлі оқылуларына мән берілмеген.
Нәтижесінде бір дыбысты
диграфпен таңбалау тиімсіз болып, бекітілген әліпбиіміз тағы да сынға ұшырап,
қайтадан қарастырылып, сарапталып жетілдіру үстінде. Сонымен диграфты
Sh-
Ш
дыбысына мынадай негіздер ұсынылып жүр:
Ш
дыбысын таңбалау үшін
Ś
акутпен және дауыссыз дыбыстарға
арналған әріпасты
Ş
седилмен беру бар.
Біздіңше, 2-ші нұсқаны алған дұрыс. Себебі, теріп жазуда ыңғайлы: бір таңба,
бір басу және жазу көркемділігі үшін де қолайлы болып келеді. Жазу көркемділігі
үшін деп отырғанымыз, ол жоғарыда көрсетіліп
кеткен диакритикалық
белгілермен алынған 8 әріптің бәрі әріптің үстіне қойылады. Егер осы әріптердің
үш-төртеуі бір сөзде немесе барлығы бір сөйлем бойында (жыпыр-жыпыр)
жазылған кезде көркем жазу болмай қалатын тәрізді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: