Конференция материалдары


(u)  У дыбысына,  ал У дыбысына берілген әріп  (ý)



Pdf көрінісі
бет67/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

(u) 
У дыбысына
ал У дыбысына берілген әріп 
(ý) 
Ұ дыбысына берілу керек еді. У дыбысының 
фонемалық көрінісі әр тілде өзгеше болғанымен, көбінде таңбасы ортақ болып 
келеді. Мысалы: ағылшын, француз, неміс, испан т.б. және латын графикасына 
бізден бұрын көшкен туыстас түркі тілдес азербайжан, өзбек, гагауыз, түркімен, 
түрік тілдерінде 
У 
дыбысы 

таңбасымен беріледі. 
У
(
U) 
таңбасымен аударуға 


143 
келмейтін, қазақша баламасы жоқ қаншама қолданыста жүрген шеттілдік сөздер 
мен халықаралық 
(университет, институт, уезд, ультрадыбыс, урология, 
училище, т.б.) 
сан мыңдаған терминдеріміз бар. Сол себептен жаңа 
әліпбиіміздегі 
У 
дыбысын 

таңбасымен берген өте тиімді болмақ. 
2018 жылы 19-ақпанда бекітілген жаңа әліпбиімізде 2 дыбыс диграфпен, 
яғни бір дыбыс екі таңбамен (диграфпен) берілген. «Бір дыбысқа – бір әріп» 
деген принципке 2 әріп (sh, ch) сәйкес алынбаған. Шындығында, қазақ әліпбиі 
«бір дыбысқа – бір әріп» принципіне сүйенетін болса, әліпбиден диграфтардың 
орын алуы жөнсіз екені айдан анық. Мысалы: 
Ashana (асхана, ашана), Аshat 
(Асхат, ашат), Doshan (Досхан, дошан), Barshan (Барсхан, баршан) 
т.б. тәрізді 
сөздердің әртүрлі оқылуларына мән берілмеген. Нәтижесінде бір дыбысты 
диграфпен таңбалау тиімсіз болып, бекітілген әліпбиіміз тағы да сынға ұшырап, 
қайтадан қарастырылып, сарапталып жетілдіру үстінде. Сонымен диграфты 
Sh-
Ш 
дыбысына мынадай негіздер ұсынылып жүр: 
Ш 
дыбысын таңбалау үшін 
Ś 
акутпен және дауыссыз дыбыстарға арналған әріпасты 
Ş 
седилмен беру бар. 
Біздіңше, 2-ші нұсқаны алған дұрыс. Себебі, теріп жазуда ыңғайлы: бір таңба, 
бір басу және жазу көркемділігі үшін де қолайлы болып келеді. Жазу көркемділігі 
үшін деп отырғанымыз, ол жоғарыда көрсетіліп кеткен диакритикалық 
белгілермен алынған 8 әріптің бәрі әріптің үстіне қойылады. Егер осы әріптердің 
үш-төртеуі бір сөзде немесе барлығы бір сөйлем бойында (жыпыр-жыпыр) 
жазылған кезде көркем жазу болмай қалатын тәрізді. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет