Конфликтілі қарым-қатынастың объективті және субъективті құрамдас бөліктері



Дата27.09.2023
өлшемі19,48 Kb.
#110669
Байланысты:
психология конфликт


Адамдар ерте заманнан бастап жер бетінде қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктер жойылып, бейбіт өмір болса екен деп армандаған. Бірақ, асқақ армандарына қарамастан, олар уақыт өте келе қайта-қайта қақтығыстар мен соғыстарға тап болып отырады. Дегенмен, зұлымдық түбірімен жойылар деген үміт үзілмеді. Ең бір күрделі деген жанжалдарды соғыссыз шешіп отырған, тарихтан белгілі Соломон патша секілді басқарушылардың есімдері әлемге әйгілі болды. Конфликтология қоғамдық өмірдің әр сферасында пайда болатын конфликтілердің себептерін, мәнін, динамикасы мен формаларын зерттеп, алдын-ала ескерту мен шешу жолдарын қарастыратын, қажетті деңгейде дамыған, көпсалалы дисциплинасымен ерекшеленетін ғылым саласы. Оның зерттеу объектісі - конфликт барлық формасында, ал зерттеу пәні - кез-келген әлеуметтік конфликтінің пайда болуы, дамуы мен аяқталуы туралы ой толғау.
Конфликтінің негізгі құрылымдық элементтері:
- конфликтіге түсуші жақтар;
- конфликтінің пәні;
- конфликтілі жағдайдың кейпі;
- конфликтінің мақсаттары;
- конфликтіге түсуші жақтардың позициялары.
Конфликтіге түсуші жақтардың позициялары - конфликт кезінде немесе келісім процесінде бір-біріне айтылатын нәрсе. Егер, ереже болмаса немесе бар ережемен бір қатысушы келіспесе, ресурсты қалай бөлу керектігі туралы сұрақ туындайды. Бұл мәселе уақытылы шешілмеген жағдайда ресурсты бөлу кезіндегі қарым-қатынас ережелерінің болмауы басты себеп болатын конфликт туындайды.
Конфликтілі қарым-қатынастың объективті және субъективті құрамдас бөліктері.
Конфликтінің құрылымы - оның тұтастығы мен әлеуметтік өмірдің басқа құбылыстарынан айырмашылығын қамтамасыз ететін конфликтінің тұрақты байланыстарының жиынтығы. Бұл жиынтықсыз конфликт динамикалық өзара байланысты жүйе және процесс ретінде өмір сүре алмайды.
Конфликтінің таралу шекаралары.
Конфликтке ұласатын кез-келген әрекет, әсіресе, қарама-қайшылық сол мезетте бірден көрініс бермей, белгілі бір кеңістікте, белгілі бір қатысушылармен, белгілі бір уақытта процесс ретінде жалғасады.
Конфликтінің шекараларын үш аспект арқылы анықтайды: кеңістік, уақыт, субъектілі.
Конфликтінің кеңістікті шекарасы - конфликт болып жатырған территорияны анықтау. Конфликтінің шекараларын жақсы меңгеру оның адекватты түрде шешімін табуға мүмкіндік береді.
Конфликтінің уақытты шекарасы - конфликтінің жалғасу ұзақтығы, басталу мен аяқталу уақыты.
Субъектілі шекараны конфликт басталған кездегі қатысушылар санымен анықтайды. Конфликтіге жаңа қатысушыларды қосу арқылы бұл шекараны кеңейту конфликтінің құрылымының күрделенуіне соқтырып, оны шешудің басқа жолдарын қарастыруға мәжбүрлейді. Субъектілі шекараның өзгеруі, конфликтінің өрбу бағытын мүлде өзгертіп жіберуі мүмкін.
Конфликтілерді басқару әдістері.
Конфликтілерді басқару әдістерінің түрлері көп. Қоданыс аясына қарай оларды бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады:
- тұлғаішілік;
- құрылымдық;
- тұлғааралық;
- келіссөздер;
- сәйкес агрессивті әрекеттер.
Тұлғаішілік әдістер жеке бір адамға әсер етеді және оның оппонентінде қорғаныс реакциясын туғызбай өз көзқарасын жеткізе білуінде, өз-өзін дұрыс ұстай білуіне тәуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет