Конго-қырым қанды қызбасы. Герпесвирус. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу мен емдеуі



бет2/4
Дата08.12.2022
өлшемі0,78 Mb.
#55828
1   2   3   4

Патогенезі. Эпидемиологиясы

  • Ауалы- тамшылы жолмен жұққанда вирустың біріншілік репродукциялануы ауыз қуысының шырышты қабатының жасушаларында, жанасу жолымен жұққанда- тері қабатының немесе көздің жасушаларында атқарылады. Вирус лимфа тамырларымен қанға түседі, тиісті жағдайда генерализацияланған инфекция қоздырады. Инфицерленген жасушалар бұзылады да некроздық ошақтар және везикула түрінде жергілікті қабынулар пайда болады. Біріншілік инфекция кезінде везикулалардың пайда болуы - эпителиялық жасушалардың дегенерациялануымен жүретін қарапайым ұшыққа тән көрініс. Көпядролы жасушалар везикулалардың негізін қалайды. Зақымданған жасуша ядроларында эозинофильді қосындылар (Каудри денешіктері) болады. Біраз уақыттан кейін везикуланың беті жарылып ашылады да, ойық жара қалыптасады
  • ¥шық ауруы кең таралған. Инфекция көзі- ауру адамдар және вирустасымал- даушылар. ҚҰВ-1, ҚҰВ-2 негізінде жанасу (контакт) жолымен беріледі (бөртпе сұйықгығымен, сүйіскенде - сілекеймен, жыныстық қатынас кезінде - қынаптық секретпен, тұрмыстық заттар арқылы). Сирек жағдайда ауалы-тамшылы жолмен, плацента арқылы (вертикальды жол), бала туылған кезде және парентеральді (қан құйғанда, орган алмастырғанда) жолмен жұғуы мүмкін. Организмнің иммунитеті төмендегенде вирустың белсенділігі артуы мүмкін (рецидивті үшық), вирус көбінесе симптомсыз немесе латентті инфекция қоздырады.

    • Клиникалық көріністері. Инфекциялық процестің айқындылық дәрежесі және таралуы бойынша: латенттік ,субклиникалық, манифестік түрлерін ажыратады.
    • Типті түрлері:
    • шырышты қабаттардың ұшықтық зақымдануы ( соматит, гингивит, фаренгит т.б);
    • көздердің ұшықтық зақымдануы (конъюнктивит, кератит, иридоциклит және т.б.);
    • терінің ұшықтық зақымдануы (еріннің, мұрын шетінің, беттің, қолдың, бөксенің ұшығы);
    • генитальдық ұшық (жыныс мүшесінің, вульваның, қынаптың, жатыр мойыны каналының және т.б. шырышты қабаттарының зақымдануы);
    • нерв жүйесінің ұшқтық зақымдануы (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит, неврит және т.б.);

Клиникалық көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет