Конкурс қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Конкурсқа Абай облысы бойынша мектептердің, лицейлердің 11 сынып оқушылары шақырылады


Жұмыстар «Антиплагиат» жүйесінде тексеріледі. Кем дегенде 50% түпнұсқа мәтіні бар зерттеулер қатысуға жіберіледі



бет2/4
Дата14.03.2023
өлшемі108,42 Kb.
#74161
түріКонкурс
1   2   3   4
Жұмыстар «Антиплагиат» жүйесінде тексеріледі. Кем дегенде 50% түпнұсқа мәтіні бар зерттеулер қатысуға жіберіледі.
3.6. Материалдар (өтінім, ғылыми баяндама, презентация) музейдің muzeysemeykonkurs@mail.ru электрондық поштасына "Конкурсқа" белгісімен жолдануы қажет.
3.7. Ғылыми жұмыстарды бағалау талаптары:
- материалдың ақпараттылық дәрежесі және тақырыптың ашылуы;
- тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы;
- мұрағат материалдары мен ғылыми дереккөздерді пайдалану;
- жұмыс мазмұнын баяндаудың логикасы;
- пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздер тізімінің болуы;
- фото-бейне материалдардың, слайдтардың және т.б. сапасы;
- дұрыс риторика және шешендік өнер;
- кем дегенде 50% түпнұсқа мәтіні бар зерттеулер.
3.8. Конкурстың қазылар алқасына қала университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамының, Абай облысының білім беру басқармасының және Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің өкілдері кіреді.
4. Конкурс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
4.1. Конкурстың қазылар алқасы конкурстың екі кезеңінен өткен үміткерлерден бағалау хаттамаларында қойылған бағалардың нәтижесі бойынша бас жүлде жеңімпазын және жүлделі орындарға ие болған үш қатысушыны таңдайды.
4.2. Гран-при иегеріне Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің тарих мамандығы гранты беріледі.
Конкурс жүлдегерлері 1, 2, 3-дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
4.3. Ғылыми жұмыстар тақырыпқа, тиісті талаптарға толық сәйкеспеген жағдайда Грант берілмейді.

Конкурс екі кезеңнен тұрады. Біріншісі – сырттай. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша екінші күндізгі кезеңге қатысу үшін жұмыстар іріктелетін болады.


Конкурстың соңғы екінші кезеңі 2023 жылдың 25 сәуірде Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі ғимаратында, Абай көшесі, 90 мекен-жайында өтеді.
Басталуы 10:00. Регламент – 10 мин.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет