Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғылы 34А, тел. 8/7172/295-159, 8/702/159-98-19, e-mail: info@daryn.kz.
4.3. Әр облыстан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, «НЗМ» ДББҰ-дан, РББҰ-дан құралған команданың сандық құрамы 4 оқушы, оның ішінде 9 сыныптың 2 оқушысы қазақ, орыс тілдерінде, сол сияқты, сәйкесінше 10 сыныптың 2 оқушысы. Номинация бойынша әр командадан 1 оқушы қатысады.
V. Конкурсты өткізу шарттары
5.1. Конкурстың қорытынды кезеңі екі тур бойынша өткізіледі:
І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсыру;
ІІ тур – 4 номинация бойынша:
- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша - елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.);
- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша - автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);
- Менің кішкентай Отанымның болашағы" номинациясы бойынша - нысан макетін презентация түрінде таныстыру;
- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша - өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.
VI. Конкурс материалдарына жалпы талаптар
6.1. «Менің кішкентай Отанымның тарихы» және «Кішкентай Отанымның символы» номинациялары бойынша қанағаттанарлық бейнематериалдар келесі мынадай техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) Рұқсат етілген фото форматы: 1280 x 1024;
2) Бейнефильм форматы MPEG-4 немесе AVI , (hd720) форматтан кем емес болуы тиіс.
Сөйлеу уақыты 10 минуттан аспауы керек.
6.2. Конкурс қатысушылары ұсынылған жұмыстары бойынша авторлық құқықты (музыканы, суреттер мен мәтіндерді заңды пайдалану және т.б.) сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
6.3. Қатысушылардың жұмыстары авторлық құқықты сақтауға кепілдік бере отырып, конкурсты насихаттау мақсатында ұйымдастырушылар тарапынан пайдаланылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |