Білім беруді ізгілендірудің дамуымен, халықаралық педагогикалық қоғамдастық мұғалім мен оқушының өзара әрекеттерінің барлық салаларын жаңарту жолында белсенді жұмыс атқаруда. Қазақстандағы бастауыш білімнің қазіргі замандағы жүйесі әр баланы жеке тұлға ретінде дамыту үшін толыққанды жағдайлар жасауға бағытталған. Осындай жағдайлардың бірі өзін өзі бағалау және «Мен- тұжырымдамасы» түсінігімен байланысты оқу-тәрбие үрдісінің рефлексивті компоненті болып табылады. Бернстің (1986, 30-31 б.) ғылыми жұмысынан сая келе индивидтің мінез-құлық тенденциясын және бағасын пайымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын