Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми



бет11/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85
Байланысты:
кд каз сайт (1)

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми,
ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған өтінім
Өтінім мынадай бөліктерден тұрады:
1) аннотация;
2) түсіндірме жазба;
3) сұратылған қаржыландырудың есеп-қисабы
1. Аннотация
Аннотацияда бағдарлама мақсатының, зерттеу бағытталған проблемалардың, зерттеу жүргізудің негізгі тәсілдерінің, күтілетін нәтижелердің, мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көрсетілген Қазақстан Республикасы ауқымындағы әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары үшін зерттеу нәтижесінде шешілетін міндеттер өзектілігінің, зерттеу нәтижелерінің экономиканың тиісті саласына, қоғамдық қатынастар және (немесе) ғылым саласына әсер ету деңгейінің, практикалық маңыздылығының, яғни олардың коммерцияландыруға немесе Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті міндеттерін шешу үшін өзге ретте қолданылуға дайындығы деңгейінің қысқаша сипаттамасы қамтылады.
Аннотация көлемі 800 сөзден аспауға тиіс.
2. Түсіндірме жазба
Түсіндірме жазба мазмұны мынадай бөлімдерді қамтиды (бұл ретте өтінім нысанында сілтеме жасалған кестелер, схемалар, диаграммалар түсіндірме жазбаға қосымшаға шығарылады және тиісті бөлімдердегі сөздер саны мен өтінімнің жалпы бет санын есептегенде есепке алынбайды):
1. Жалпы ақпарат
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама атауы [20 сөзден артық емес].
1.2. Шешу үшін бағдарлама әзірленген стратегиялық маңызды мемлекеттік міндет, оны.
1.3. Бағдарлама іске асырылатын жер.
1.4. Бағдарламаның басталатын және аяқталатын болжамды күні, оның айлармен көрсетілген ұзақтығы.
1.5. Бағдарламаға өтініш беруші - ұйым.
1.6. Бағдарламаны орындаушылар (бағдарламаны іске асыруға қатысатын барлық субъектілердің атауын көрсету).
1.7. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың сұратылатын сомасы (бағдарламаны іске асырудың барлық мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңгемен).
1.8. Тәуелсіз сарапшыларды іріктеу үшін бағдарламаның саласы мен бағытын сипаттайтын түйін сөздер.
2. Бағдарламаның жалпы тұжырымдамасы [750 сөзден артық емес].
2.1. Кіріспе бөлім [200 сөзден артық емес].
Бағдарлама идеясының қысқаша сипаттамасы мен негізгі қатысушылары көрсетіледі.
2.2. Бағдарламаның мақсаты [50 сөзден артық емес].
Мақсаты қысқа әрі нұсқа баяндалады, ол бағдарламаның тақырыбы мен бағдарлама әзірленетін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндетке сәйкес болуы керек және нәтиже ретінде қабылданатын шешімнің сипатын көрсетеді.
2.3. Бағдарламаның міндеттері [500 сөзден артық емес].
Бұл бөлімде өзара қисынды байланысқан сабақтас міндеттер арқылы бағдарламаның мақсатына қол жеткізу тәсілі сипатталады. Алға қойылған міндеттер тізбесі беріледі:
1) міндеттер шешімдерінің өлшенетін көрсеткіштері;
2) әр міндеттің бағдарлама мақсатына қол жеткізудегі рөлінің және басқа міндеттер мен бағдарламадан күтілетін нәтижелермен өзара байланысының қысқаша негіздемесі;
3) өтінім берушінің ойынша маңызды деп танылған өзге де параметрлер.
3. Бағдарламаның ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы [2 000 сөзден артық емес].
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) бағдарламаның тақырыбына қатысты әлемде және Қазақстан Республикасында жүргізілген алдыңғы ғылыми зерттеулерге міндетті түрде шолу жасай отырып, бағдарламаны әзірлеуге ғылыми негіз, ғылыми жаңалықты негіздеу және олардың осы бағдарламамен өзара байланысы (мәнмәтінде шолуда қолданылған әдебиетке сілтемелер көрсетілуі тиіс, оның толық жазылуы "Библиография" атты 8-бөлімде ұсынылуы тиіс);
2) бағдарламаның оны шешу үшін әзірленген стратегиялық маңызды мемлекеттік міндетке сәйкестігі. Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндетті шешу үшін нәтижелердің қолданылуы, бағдарламаның ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңыздылығы, күтілетін нәтижелердің ғылым мен технологиялардың дамуына әсері, күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсері;
3) бағдарлама нәтижелерінің маңыздылығын негіздейтін ғылыми және технологиялық қажеттіліктер (бар болса, әлеуметтік сұранысты және (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделілікті, басқа да растайтын деректерді енгізу);
4) бағдарламаның күтілетін нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігі, оларды Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі белгілі аналогтармен салыстыру, әлемдегі ұқсас міндеттерді шешу тәжірибесі, оны бағдарлама шеңберінде қолдану;
5) бағдарлама идеясының қолданыстағы аналогтардан немесе бәсекелес идеялардан принципті айырмашылықтары. Егер зерттеу идеясы немесе нәтижесі әлемде және (немесе) Қазақстанда бар болса, онда бағдарламаға салымдардың неге тиімді екенін негіздеу қажет;
6) егер бағдарламаның түпкі нәтижелерінің бірі өнім болса, онда бағдарламаның пәндік саласындағы техниканың қазіргі уақытта қалыптасқан деңгейін сипаттау қажет;
7) егер бағдарлама өтінім беруші бұрын жүргізген ғылыми зерттеулердің жалғасы болып табылса немесе бұрын қаржыландырылған және аяқталған ғылыми зерттеулердің элементтері болса, онда бағдарламаның бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулермен өзара байланысын және оның олардан айырмашылықтарын қысқа да нұсқа баяндау қажет.
4. Зерттеу әдістері және этикалық мәселелер [1500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) бағдарламаның негізгі ғылыми мәселелері мен гипотезаларын сипаттау, зерттеу стратегиясы мен тәсілдерін негіздеу, бағдарламада қолданылатын зерттеу типтері (сипаттама, корреляциялық және/немесе эксперименттік), зерттеу жүргізудің дәйектілігі;
2) ең маңызды эксперименттердің қысқаша сипаттамасы;
3) қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін негіздеу ретінде бағдарламада пайдаланылатын зерттеу әдістерін сипаттау, олардың бағдарламаның мақсатымен және міндеттерімен өзара байланысы;
4) алғашқы (бастапқы) ақпаратты жинау әдістері, оның дереккөздері және бағдарламаның міндеттерін шешу үшін қолдану, деректерді өңдеу тәсілдері, сондай-ақ олардың шынайылығы мен жаңғыртылуын қамтамасыз ету;
5) зерттеу нәтижелеріне зияткерлік меншік құқықтарын рәсімдеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай тәсілі таңдалатынын көрсету, таңдауды негіздеу қажет).
5. Зерттеу тобы және бағдарламаны басқару [2 000 сөзден артық емес].
Бағдарламаны басқару схемасы, оның ішінде орындаушылар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі, олардың жұмысын үйлестіру және бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау тәсілдері сипатталады.
Бөлім сондай-ақ жоспарланып отырған штаттың кемінде 70% (негізгі персонал) туралы деректерді көрсете отырып, зерттеу тобының сипаттамасын қамтиды. Негізгі персоналды сипаттау кезінде:
1) 1-кестеге сәйкес зерттеу тобының құрамы (толық емес жұмыспен қамтылуы бағдарламасына тартылған зерттеу тобының мүшелері үшін бағдарлама бойынша жұмысқа жұмсалатын сағаттар саны көрсетіледі);
2) бағдарламаның бағытына сәйкес келетін бағыттағы қысқаша түйіндемесін, негізгі ғылыми жарияланымдары мен жетістіктерін және бағдарламаның мақсатына, міндеттері мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізудегі рөлін көрсете отырып, шетелдік ғалымдардың бағдарламаға қатысуы;
3) бағдарламаны іске асырудағы орны мен рөлін, сондай-ақ орындалатын жұмыстың сипатын көрсете отырып жас ғалымдардың (постдокторанттардың, докторанттардың, магистранттардың), бағдарламаға қатысуы, сонымен қатар, бағдарламаға өндірістен инженерлер қатыса алады;
4) шетелдік ғалымдарды қоса алғанда, зерттеу тобының құрамына әрбір мүшенің қатысуын негіздеу. Білімі, дәрежесі/ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жоба бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі, Хирш индексі және тиісті ғылыми өлшемді базадағы (бар болса) бейінге сілтемелер, жобаға қатысуды негіздейтін негізгі жетістіктері көрсетілген әрбір мүшенің қысқаша түйіндемесі. Әрбір мүшенің жобадағы жұмысының бағыты мен сипаты, олардың жобаның мақсаты мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізудегі рөлі;
5) жарияланымдар туралы (бар болса – тиісті деректер базасындағы жарияланымға және/немесе Digital Object Identifier DOI сілтемені көрсету) және қолда бар патенттер, авторлық куәліктер және жобаның тақырыбына қатысты ғылыми жетекшінің және зерттеу тобы мүшелерінің басқа да қорғау құжаттары туралы мәліметтер. Мәлімделген зерттеу, олардың бұрын жүргізген зерттеулерімен қалай байланысты екенін көрсету.
Бағдарламаның ғылыми жетекшісі үшін оның конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын барлық жарияланымдары, оның ішінде дәйексөз алу индексі, басылымның квартилі (процентилі) және тиісті ғылыми метрикалық базалардағы (DOI) жарияланымдар туралы мәліметтерге сілтеме жасалған болуы тиіс. Өтінім берілген күннің алдындағы 5 (бес) жыл ішінде оның қандай бағдарламаларды басқарғанын және олардың шеңберінде қандай нәтижелер алынғанын көрсету қажет.
Бағдарлама бағыты бойынша зерттеу тобының негізгі персоналының жарияланымдары туралы мәліметтер (зерттеу тобы мүшелерінің кемінде 10 жарияланымы), дәйексөз алу индексі және тиісті ғылыми-метрикалық базалардағы жарияланымдар туралы мәліметтерге сілтемелері бар мәліметтер келтірілуі тиіс. Зерттеу тобы мүшелерінің тегі көрсетілуі тиіс.
Қосымша персонал үшін (бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру алған жағдайда тартылатын зерттеу тобы мүшелерінің 30%-ына дейін) олардың бағдарламада орны мен рөлі, орындалатын жұмыстың сипаты және оларды іріктеу үшін қолданылатын тәсілдер көрсетіледі.
6. Зерттеу ортасы [1 000 сөзден артық емес].
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) әрбір орындаушының бағдарламаның мақсатына қол жеткізуге қосқан үлесі мен рөлінен шыға отырып, олардың бағдарламаға қатысуын негіздеу. Бүкіл кезең ішінде бағдарламаны іске асыруға қатысатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері бағдарламаны орындаушылар болып есептеледі;
2) әрбір ұйымды тарту қажеттілігін негіздеумен, оның бағдарламадағы рөлін, орындалатын жұмыстың сипатын және мақсатқа және күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге қосқан үлесін сипаттай отырып, бағдарламаны іске асыруға өзге ұйымдарды тарту;
3) орындаушыларда бар бағдарламаны іске асыру үшін тікелей пайдаланылатын материалдық-техникалық базаны (жабдықтар, аспаптар, құрал-сайман, көлік, ғимараттар, құрылыстар және т. б.), оны пайдалану бағытын және ғылыми-зерттеу жабдығымен жұмыс істеу дағдысы бар зерттеу тобының мүшелерін көрсете отырып сипаттау;
4) бағдарламаны іске асыру үшін пайдаланылатын негізгі отандық және халықаралық байланыстар (коллабораторлар мен серіктестер), олардың пайдаланылу сипаты мен негіздемесі көрсетілген. Негіздеумен басқа да отандық және шетелдік ұйымдардың (зертханалардың) инфрақұрылымын пайдалану;
5) ұтқырлықты негіздеу: (1) ғылыми іссапарлар және олардың бағдарламаны іске асыруға әсері, (2) әріптес ұйымдар базасында жұмыс кезеңдері және олардың бағдарламаны іске асыруға әсері. Әрбір шетелдік іссапар үшін іссапардың мақсаты, күтілетін нәтижесі және оның бағдарламаның мақсатына қол жеткізуге қосқан үлесі қысқа көрсетіледі.
7. Сұралатын қаржыландырудың негіздемесі [2 000 сөзден артық емес].
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) 2-кестеге сәйкес бағдарлама (бюджет) бойынша жиынтық есеп. Бағдарламаның бюджетін бағдарламаның ғылыми жетекшісі жұмыс жоспарына сәйкес бөледі және бағдарламаға байланысты емес шығыстардың өзге баптарына бағытталмайды.
"Еңбекке ақы төлеу" бабында 3-кестеге сәйкес постдокторанттарды, докторанттарды, магистранттарды, сондай-ақ қаржылық-экономикалық және заңдық сүйемелдеуді жүзеге асыратын адамдарды қоса алғанда, бағдарламаның зерттеу тобының мүшелеріне еңбегі үшін сыйақы ретінде төлеуге жататын шығыстар жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарнасы ескеріле отырып көрсетіледі. Есеп-қисапта өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерден басқа, демалыс төлемдері де ескеріледі.
4 және 5-кестеге сәйкес "Қызметтік іссапарлар" бабында зерттеуді жүзеге асырумен тікелей байланысты Қазақстан Республикасы ішіндегі, сыртындағы іссапарларға сәйкес барлық шығындар көрсетіледі, оның ішінде конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу, басқа да ұйымдардың инфрақұрылымын пайдалану үшін жол шығындары қамтылады (билеттер бойынша (авто, теміржол, әуе билеттері) қызмет көрсетілетін компаниялардың сайттарынан баға ұсыныстарын, іссапарлар жоспарының жобасын қоса беру қажет).
"Басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар" бабында 6-кестеге сәйкес орындаушының кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алатын, нәтижесі бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде ұжымдық ғылыми зертханалар мен басқа да зертханалардың көрсетілетін қызметтеріне, бірлесіп орындаушы ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне, конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға және басқаларға қатысу үшін ұйымдастырушылық жарналарға (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі) арналған шығыстар көрсетіледі. Егер бағдарламаны іске асыруға қатысатын шетелдік ғалымдар зерттеу тобының мүшелері болса, олардың қатысу шығыстары "Еңбекке ақы төлеу" бөлімінде көрсетіледі.
"Материалдар сатып алу" бабында 7-кестеге сәйкес бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті барлық шығындар, оның ішінде химиялық реактивтерге, еріткіштерге, стандартты үлгілерге, тұтынылатын зертханалық материалдарға, ғылыми-зерттеу жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге, жанар-жағармай материалдарына және басқаларға арналған шығындар көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі).
"Жабдықты және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу" бабында 8-кестеге сәйкес бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті, жабдықтар мен бағдарламалық қамтылымды сатып алу шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі).
"Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу" бабында 9-кестеге сәйкес бағдарламаның нәтижесінде алынған ғылыми нәтижелерді патенттеу, зерттеу нәтижелерін жариялау, талдамалық материалдарды сатып алу шығыстары қамтылады (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі).
"Жалға алу шығыстары" бабында 10 және 11-кестелерге сәйкес өтініш берушінің тиісті үй-жайы болмаған кезде бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті, үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алу шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі).
"Жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары" бабында 12-кестеге сәйкес бағдарламаны іске асыруға байланысты коммуналдық көрсетілетін қызметтер шығыстары, сондай-ақ зерттеу жүргізуге тікелей қатысатын үй-жайларға, жабдықтар мен техникаға қызмет көрсету шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі).
13-кестеге сәйкес "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" деген бапта әлеуметтік салықты төлеуге, әлеуметтік сақтандыруға және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер шығыстары көрсетіледі.
2) шығындардың әр бабының есептері 3-13 кестелерге сәйкес.
3) жобаның мақсатына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу үшін олардың қажеттілігінің міндетті негіздемесімен, сондай-ақ оның негізінде шығыстардың тиісті бабы есептелген көрсеткіш туралы ақпарат көздерін көрсете отырып, шығыстардың әрбір бабының мазмұнына және шамасының есебіне қысқаша түсініктемелер.
Шығыстардың барлық баптарының жалпы сомасы қаржыландыру үшін сұратылған соманы білдіреді және "Жалпы ақпарат" бөлімінің 1.5 тармағында мәлімделген сомаға тең келуі тиіс.
Өтінім құрамында берілетін жобаның бюджетіне Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде өзгерістер енгізілуі мүмкін.
8. Жобаны іске асыру жоспары [750 сөзден көп емес]
Бұл бөлім Гант диаграммасы нұсқасында немесе 14-кестеге сәйкес жоба бойынша жұмыстардың егжей-тегжейлі, дәйекті жоспарын қамтиды.
Жобаны іске асыру жоспарына сәйкес міндеттерді шешу үшін әрбір іс-шараның маңыздылығын, жоба бюджетіне сәйкес іс-шара құнын өтінім берушінің қалауы бойынша сарапшылардың жобаны дұрыс бағалауы үшін қажетті басқа да ақпараттармен негіздейтін қысқаша түсіндірмелермен сүйемелденуі тиіс.
9. Күтілетін нәтижелер [750 сөзден көп емес]
Бөлімде зерттеулердің негізгі нәтижесі, яғни жобаның мақсатына қол жеткізуге сәйкес келетін нәтиже, оның сандық және сапалық сипаттамалары мен іске асыру үлгілері көрсетіледі. Жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нәтиже негіздемесі келтіріледі.
Конкурстық құжаттаманың талаптарына байланысты жоба нәтижелерін іске асыру нысандары мынадай болуы мүмкін:
1) шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда (жоба нәтижелерін жариялауға арналған болжамды басылымдар, басылымның дәйексөз алу индексі, тиісті ғылыми метрикалық базадағы басылым туралы ақпаратқа сілтеме жасай отырып) мақалаларды жариялау. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес мақалалар саны бойынша талаптар конкурстық құжаттамада белгіленеді. Әрбір мақала идентификациялық тіркеу нөмірі туралы ақпарат пен гранттық қаржыландыру көзі ретінде жоба атауынан тұруы тиіс;
2) шетелдік немесе отандық баспаларда монография, кітап/кітап бөлімдерін шығару;
3) шетелдік патенттік бюролардан (еуропалық, американдық, жапон), қазақстандық немесе еуразиялық патенттік бюродан патенттер алу;
4) ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу;
5) әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қоғамдастығы және қалың жұртшылық арасында жұмыс нәтижелерін тарату;
6) конкурстық құжаттаманың талаптары мен жобаның ерекшеліктеріне сәйкес басқа да нәтижелер.
Бөлімде қосымша мынадай мәселелер көрсетіледі:
1) күтілетін нәтижелердің әрқайсысының қолданылу саласы және мақсатты тұтынушылары;
2) күтілетін нәтижелердің ғылым мен технологиялардың негізгі ғылыми бағыты мен аралас салаларын дамытуға әсері;
3) алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың қолданылуы және (немесе) мүмкіндігі;
4) негіздемесі бар жоба нәтижелерінің әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, мультипликативтік және (немесе) өзге де әсері;
5) жобаның сапалық және сандық сипаттамаларын көрсететін басқа да тікелей және жанама нәтижелері.
10. Библиография
Бөлімде "Бағдарламаның ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы" атты 3-тармақта көрсетілген сілтемелер көрсетілген жарияланымдар көрсетіледі.
Әрбір жарияланымда журналдың толық атауы, басылым нөмірі, шығарылған жылы, бет нөмірі, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторларының аты болуы тиіс.
Қосымша:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі не уәкілетті органның бұйрығынан үзінді көшірме;
2) 1-кестеге сәйкес зерттеу тобының құрамы;
3) 14-кестеге сәйкес бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмыс жоспары;
4) 15-кестеге сәйкес әріптес тарапынан бағдарламаны іске асыруға салым енгізу жоспары (қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін).
3. Сұратылатын қаржыландырудың есеп-қисабы
Сұратылатын қаржыландыру есеп-қисабының" бір бөлігі бағдарламаны қаржыландыру жобасын іске асыру үшін сұратылатын есеп көлемін негіздейтін 2-13-кестелер түрінде ресімделеді.
Есеп-қисаптарға түсіндірмелер "Түсіндірме жазба" деген бөліктің "Сұратылатын қаржыландырудың негіздемесі" деген 7-бөлімінде келтіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет