Қаржыландыруға мақұлданған бағдарламаларды іске асыру Қазақстан Республикасында жүзеге асырылуы тиіс.
Нысаналы қаржыландыру қаражатын жобаның ғылыми басшысы бөледі.
Нысаналы қаржыландыру қаражаты күтілетін нәтижелерге, міндеттерге, мақсаттарға жету үшін Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен бекітілген және 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасына сәйкес, конкурсқа дайындалған жобаларды ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нысаналы қаржыландыру өтінімінде көрсетілген ғылыми зерттеулерді жүргізуге тікелей байланысты шығындар түрлеріне бағытталуы тиіс.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаржысы тиімсіз және орынсыз пайдаланылса, өтінім беруші мен жоба жетекшісі Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген жауапкершілікке тартылады.
Бағдарлама нәтижелеріне қол жеткізілмеген жағдайда, ғылыми жетекші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жариялайтын келесі конкурстарға қатысудан нәтижелер қол жеткізгенге дейін шеттетіледі (нәтижелерге қол жеткізілгені туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҰМҒТСО хабардар етіледі), бірақ 3 жылдан аспайтын мерзімге. Ғылыми этиканы бұзу (плагиат және жалған авторлық, қайталану, бөтен деректерді беру, ғылыми деректерді фабрикациялау және бұрмалау және т.б.) не бағдарлама бойынша аралық немесе қорытынды есепті ҰҒК шешімімен мақұлдамау фактілері анықталған жағдайда, жетекші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жариялайтын келесі конкурстарға қатысудан 3 жылға шеттетіледі.
1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының нәтижелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.moa.gov.kzинтернет-ресурсында және ҰМҒТСО www.ncste.kz интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс.
2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған Конкурстық құжаттамаға 1-қосымша