Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


Конкурсқа өтінім беру процесі



бет6/19
Дата15.10.2022
өлшемі118,27 Kb.
#43296
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
566850c5ae7bd7f5402cab5710112e0e original.121106

6. Конкурсқа өтінім беру процесі



  1. Өтініш беруші конкурсқа постдокторанттың және отандық ғылыми консультанттың (бар болса) электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған өтінімді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне электрондық түрде, Орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы мына сілтеме бойынша береді: www.is.ncste.kz. Постдокторант және ғылыми консультанттардың бейіндерінде Орталықтың ақпараттық жүйесінде автордың сәйкестендіргіштері көрсетілуі тиіс (егер бар болса Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу қағидаларының 2-тармағының 12)-тармақшасына сәйкес өтініш беруші Орталықтың ақпараттық жүйесінде жеке тіркеу нөмірін (бұдан әрі-ЖТН) алады.

Өтінім беруші ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылғаннан кейін өтінім қайта қайтарып алынбайды және оған қол қойылмайды.
2. Өтінімдер қабылданбайды және өтініш берушіге келесі жағдайда қайтарылады:
1) өтінімді ресімдеудің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі және талап етілетін құжаттардың ұсынылмауы;
2) плагиат фактілерінің болуы;
3) МҒТС объектісінің тақырыбын немесе мазмұнын бұрын берілген, бірақ қаржыландыру үшін мақұлданбаған не бір мезгілде берілген МҒТС объектілерімен қайталау фактілерінің болуы;
4) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәлігінің болмауы;
5) постдокторант пен ғылыми консультанттардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі;
6) күтілетін нәтижелердің конкурстық құжаттаманың 7-бөлімі 1-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
7) этика және биоэтика мәселелері жөніндегі орталық немесе жергілікті комиссиялардың оң қорытындысының болмауы (адамдар мен жануарларға биомедициналық зерттеулер үшін);
8) шетелдік консультанттың (бар болса) қол қойылған келісімін ұсынбауы;
9) 3-бөлімнің 5-тармағында көрсетілген берілетін өтінімдер санының артуы;
10) қолданбалы жоба бойынша жекеше әріптес тарапынан салым туралы келісімді бермеу;
11) постдокторлық бағдарламаның немесе Ереженің болмауы (ғылыми ұйымдар үшін ЖОО-мен бірлесіп бекітілген бағдарлама немесе ереже).
12) докторанттың докторантураның білім беру бағдарламасын меңгергенін аяқтағанын растайтын жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан анықтама ұсынбау (докторантураның білім беру бағдарламасын меңгергенін аяқтаған, бірақ докторлық диссертация қорғамаған адамдар үшін).
Өтінім беруші ұйымдастырушының өтінімді пысықтауға жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді ұйымдастырушының ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.
Өтінім ескертулер жойылмаған жағдайда өтінім берушіге қайтарылады.
Ұйымдастырушы пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін берілген өтінімдерді МҒТС жүргізбестен Тапсырыс берушіге қайтарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет