Конрад Аденауэр атындағы Қор


Шикізат, өнеркәсіптік және технологиялық



Pdf көрінісі
бет171/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Шикізат, өнеркәсіптік және технологиялық 
салалардағы серіктестік туралы келісім аясында 
Қазақстан- Германия қарым- қатынастарының 
нәтижелері, проблемалары, әлеуеті және 
перспективалары
Қазіргі уақытта қолданыста бірнеше жоба бар. Екі тараптың жарқын 
үміті толық ақталмады. Қазақстан тікелей инвестицияларға үміт артты. 
Шикізат саласындағы неміс кәсіпорындары энергетикалық өзгерістерге 
орай энергияны қайта бағыттауға тырысуда 
22
.
Келісімге қол қойғаннан кейінгі алғашқы жылдары Германия мен Қазақстан 
арасындағы бұрыннан қалыптасқан өте табысты қарым- қатынастар-
дың қарқындылығы онша байқалмады. Ең алдымен сауда қатынастары 
дамыды, шикізаттық серіктестік көлеңкеде қалды, ал келісімдегі әлеует 
мүлдем пайдаланылмады. «Гермес» (Euler Hermes) кепілдік міндеттеме-
леріне қатысты шешілмеген мәселелері де инвестиция тарту әлеуетін 
толық пайдалануға мүмкіндік бермеді
23
. Қиындықтырдың бірі «Герма-
нияда шикізат секторында жұмыс істейтін кәсіпорындар жоқ болуына 
байланысты», сондықтан да неміс экономикасына Қазақстанға инвести-
ция жасау үшін қолайлы технологияларды табу күрделі 
24
.
Дегенмен, үкіметаралық әріптестік туралы келісімнің орындалуы жалғасуда. 
Мысалы, неміс экономикасының Шығыс комитеті 2012 жылы Германия-
ның халықаралық ынтымақтастық қоғамы арқылы құрылған тауарлық 
мәселелер бойынша диалог алаңы келісім бойынша жобаларды бел-
сенді қолдайды және екі елдің кәсіпкерлеріне оларды жүзеге асыруына 
көмектеседі 
25
.
Осы келісім аясында 2012 жылдан бастап «Қазгеология» АҚ деректері 
бойынша неміс шикізат агенттігі қазақстандық кен орындарына талдау 
жүргізді, ал 2015 жылы 250-ге жуық кен орны бар арнайы каталог неміс 
фирмалары арасында таратылды. Одан кейін ең тартымды жобалар мен 
22
 http://daz.asia/blog/fuenf- jahre-deutsch- kasachisches-rohstoffabkommen/.
23
 қараңыз 17 б., сілтеме 23
24
 http://daz.asia/blog/kaum-greifbare- projekte-in-sicht/.
25
 https://www.umweltbundesamt.de/sites/default/files/medien/1968/dokumente/2017–02–01_
rohpolress_ka_6_rohstoffpartnerschaften.pdf.


333
Германияның шикізаттық стратегиясы және Қазақстанның экономикалық саясатының 
бөлігі ретіндегі Германия мен Қазақстанның шикізаттық серіктестігі
кен орындарының 50-і егжей- тегжейлі зерделенді, олардың экономика-
лық әлеуетін талдау және бағалау жүргізілді.
Бірінші кезекте мыс, қорғасын, мырыш және қалайы сияқты түрлі- түсті 
металдар, сирек металдар – ванадий, вольфрам, тантал, молибден және 
титан, 
 
сондай-ақ темір мен флюорит сияқты түсті металдардың кен орын-
дары жайлы айтылған болатын, өйткені Германия Қазақстаннан қажетті 
ферроқорытпалардан 27%, 18% феррохромды және асыл металдарды, 
мысалы, қажетті күмістің 28% алады 
26
.
2017 жылы ЭКСПО-ны өткізу екіжақты қарым- қатынастарды дамытуда 
белгілі бір үлесін қосты: Федералды президент Штайнмайердің 2017 
жылғы шілдеде Астанаға жасаған сапары кезінде шамамен 1 млрд дол-
ларға жуық сомаға 20-ға жуық шарт жасалды 
27
.
Осы келісім бойынша қазірдің өзінде іске асырылған басым жобалар 
тізімінде осы уақытта 24 жоба бар, оның 14-і 2017 жылдың шілдесінде 
тізімге енгізілді 
28
.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің 
қолдауымен Жамбыл облысындағы «Aurum Deutschland» ЖШС-де алтын 
өндіруші зауыттарды салу бойынша нақты жобалар жүзеге асырылуда. 
Осылайша, 2015 жылдың қыркүйегінде Aurum Deutschland Қазақстандағы 
алтын мен мыс кен орындарын барлау және игеру құқығын алды. Бұл 
жоба Қазақстан Республикасы үшін басым инвестициялық жобалардың 
тізіміне енгізілді және белгілі бір салық жеңілдіктерін алды, сондай-ақ бар-
лық деңгейлерде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Германия Федеративтік 
Республикасы өз кезегінде мұндай тәуекелдерді кепілдендіру арқылы 
мемлекет тарапынан қолдау көрсетеді.
«International Corporation of Metal and Alloy Development Holding GmbH» 
компаниясы 
 
2016 жылы Қарағанды   қаласының ЕЭА аумағында қуаты 
26
 https://www.deutsche- rohstoffagentur.de/DERA/DE/Rohstoffinformationen/
L%C3%A4nderkooperationen/Laender/Kasachstan/kasachstan_node.html.
27
 https://kapital.kz/economic/61391/kazahstan-i-germaniya- podpisali-soglasheniya-na-1-mlrd.html.
28
 Әрі қарай Қазақстан Республикасының және Германия Федеративтік Республикасының 
арасындағы Шикізат, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы серіктестік туралы 
үкіметаралық келісімдегі іске асырылатын басым жобалар тізімі берілген, 04.10.2017 ж. 
бойынша


334
Қазақстан экономикасының трансформациясы
жылына 597,5 мың тоннаны құрайтын ферроқорытпа зауытының құры-
лысын салу туралы келісімге қол қойды.
«ULMUS FUND» неміс компаниясы «Қазгеология» АҚ-мен Қарағанды   облы-
сындағы, атап айтқанда, Бесшоқы ауданындағы жер қойнауын мемле-
кеттік геологиялық зерттеу шеңберінде мыс іздестіру туралы келісімге 
қол қойды. Осы жобада «ULMUS BESSHOKY» ЖШС (УЛМУС БЕСШОКЫ) 75%, 
ал «Қазгеология» ААҚ – 25% тиесілі. Бесшоқы алаңында алты порфирлік-
мыс көріністері бар: Бесшоқы: Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс; Қайыңдышоқы, 
Шатырша және Жыланды. Бесшоқы жобасына сәйкес, 7.08.2018 күні жалпы 
көлемі 17 698,4 метр болатын 76 негізгі бұрғылау ұңғымалары бұрғыланды.
2017 жылы ULMUS FUND B. V. Қарағанды   облысындағы Мәдина алаңында 
түсті және асыл металдарды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына 
конкурста жеңіп алды. Ол Нұра синклинориясының орталық бөлігінде орна-
ласқан. Сондай-ақ, кенді өндіру және байыту үшін озық неміс технологиясын 
қолданады. Ал дайын өнімді тек Қазақстан нарығында ғана емес, сонымен 
қатар халықаралық деңгейде де табысты сатуға болады. Өндірістің жоғары 
стандарттарына сәйкес келетін және қоршаған ортаға анағұрлым аз әсер 
ететін жабдықтар мен заманауи әдістерді қолдануға болады 
29
.
«LINDE AG» компаниясы «Бірлескен химиялық компания» ЖШС-мен бірге 
Қазақстан тарапынан әріптес ретінде Атырау қаласындағы өнеркәсіптік 
газдарды өндіру жөніндегі жобаны іске асыруда. Сондай-ақ, «LINDE AG» 
2017 жылы «Arcellor Mittal Temirtau» 
 
АҚ-на өнеркәсіптік газды жеткізу 
жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды. 
 
2017 жылы «High 
Industrial Lubricants & Liquids Corporation (HILL)» ЖШС-мен ОҚО үшін алдын 
ала сутекті жеткізу туралы келісім жасалды. «Kazakh Invest» ҰК өз тарапы-
нан 
 
LINDE компаниялар тобының инвестициялық қызметін қолдайды.
Астанада «CLAAS» тракторлары мен комбайндарын өндіру бойынша зауыт 
құрылысын салу туралы кішігірім көлемде болса да ынтымақтастық бар. 
Қазіргі уақытта бұл компанияның негізгі жұмысы Солтүстік Қазақстан 
облысында. Бұл ретте аграрлық секторда осы келісім бойынша инду-
стриялық- инновациялық жобаларды іске асыру үшін пайдаланылмаған 
әлеует өте жоғары.
29
 https://www.ulmusfund.com/.


335
Германияның шикізаттық стратегиясы және Қазақстанның экономикалық саясатының 
бөлігі ретіндегі Германия мен Қазақстанның шикізаттық серіктестігі
2017 жылы «Қазтехнология» АҚ және «Spezialtechnik GmbH Dresden» ком-
паниясы арасында иондаушы оқ-дәрілерді жою және Қазақстандағы 
оқ-дәрілерді жою бойынша бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойылды.
Сонымен бірге, «ХИМ-плюс» ЖШС және «Chemieanlagenbau Chemnitz» 
ЖШС арасында «Каустикалық сода өндіру» жобасын жүзеге асыру туралы 
келісімге қол жеткізілді.
Үлкен сын-тегеуріндерге тап болған және әлі де іске асырылмайтын жоба-
лардың ішінде, мысалы, Франкфурттың Ablai Ressources кәсіпорыны. 2012 
жылы негізі қаланған, сондай-ақ қазақстандық 70-тен аса вольфрам, мырыш 
және сирек-жер металдар кен орындарын әлемдік нарыққа шығаруды жос-
парлап отырған қазақстандық серіктес 
 
«Тау- Кен Самұрықпен» бірлесіп 
жоспарланған жобалар тоқтатылды. Мұнымен қоса, Euler Hermes сақтан-
дыру құралымен қаржыландырумен және шешілмеген мәселелермен 
байланысты тәуекелдер де маңызды рөл атқарды 
30
.
Фрауенгофер атындағы институт және «Қазақстандық индустрияны 
дамыту институты» 
 
Индустрия 4.0 саласы бойынша ынтымақтастықты 
жүзеге асырады. Ынтымақтастық шеңберінде әзірленген бірқатар шара-
лар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді және 
«Модельдік цифрлық фабрикалар» жобасы бойынша жұмыс жалғасуда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да жол-трансформаторлық қосалқы станция-
ларды жаңғырту және мысалға, сигнал жүйесін басқару бойынша «Siemens» 
компаниясының бірнеше жобалары іске асырылуда. 2017 жылдың қазан 
айындағы Келісімді іске асыру үшін басым жобалар тізімінде Балқаш ЖЭС-на 
қуаттылығы 660 МВт болатын екі бу турбинасын жеткізу жобасы да бар.
Келісім шеңберінде бірнеше табысты жобалар жүзеге асырылуда, орын-
далмағандары да бар, мысалы жел және күн электр станцияларының 
құрылысы бойынша жоба тоқтап тұр. Қазіргі уақытта «Wierig Solar AG» 
компаниясы Қарағанды   облысының Саран қаласында 100 МВт СЭС салуда. 
«NwComp Solar GmbH» компаниясы СЭС құрылысы туралы үш келісімге 
қол қойды: Оңтүстік Қазақстандағы Отырар ауданында қуаттылығы 35 
МВт, Алматы облысы Жамбыл ауданында қуаттылығы 25 МВт және Жетісай 
қаласында 5 МВт қуаты бар күн паркінің құрылыстары да бар. Жел, күн 
электр станцияларының құрылысы туралы меморандумдарға қол қойылды, 
30
 https://www.wiwo.de/politik/ausland/rohstoffe- aktivitaeten-wurde- eingestellt/8090766–4.html


336
Қазақстан экономикасының трансформациясы
сондай-ақ «Wind Power GmbH» компаниясымен Угам өзеніне су бұру және 
гидроэлектрстанцияларын салу туралы келісімге қол қойылды, бірақ бұл 
жобалар іске асырыла ма, жоқ па – ол жағы белгісіз.
Жекеменшік компанияларды тарта отырып, жаңартылатын энергия көздерін 
жүйелі дамыту Қазақстанның дамуына және тауар тәуелділігінің алдын 
алуға мүмкіндік беретін шешімдердің бірі болуы мүмкін. Германия қолайлы 
шарттар қазір қолданыстағы келісіммен қамтамасыз етілгендіктен бұл 
саланы дамытуда серіктес бола алады.
«ЭКСПО-2017» көрмесінің негізінде құрылған АХҚО, сондай-ақ «жасыл 
қаржыландыруды» дамытуға ниетті. Осылайша, борыштық құралдар эко-
логиялық жобалар үшін пайдаланылатын болады және төмен көміртекті 
технологияларды дамытуға қолдау көрсетіледі 
31
.
Қалдықтарды кәдеге жарату саласында да ынтымақтастық үшін пай-
даланылмаған зор әлеует бар. Германияның осы саладағы тәжірибесі 
мол, әлемде қалдықтарды кәдеге жарату саласында бұл ел ең жоғары 
көрсеткіштердің біріне ие. Қазақстанда қалдықтар полигондары туралы 
өзекті проблема б0ар, осыны шешуде неміс ноу-хауы пайдаланылса 
жақсы болар еді. Неміс кәсіпкерлерінің федералдық одағы осы ұсыны-
старды «шикізат» серіктестігі шеңберінде де дамытады 
32
. Қазақстан үшін 
қалдықтарды қайта өңдеу және 
 
тау-кен жұмыстарында шлактар   қолдану 
туралы неміс тәжірибесі пайдалы болады.
Қазақстанда арнайы неміс технологияларын қолданып, қалдықтарды өңдеу 
зауыттарында қоқыстарды өртеу арқылы кәдеге жаратып, электр энер-
гиясын өндіруді «Energy from Waste» 
33
 зауыты тәжірибесіндегідей жүзеге 
асыруға болады. Артықшылықтары – экологиялық жағдайды жақсарту, 
экономиканы нығайту және өсіру, өңірлерді жұмыс орындарымен қам-
тамасыз ету. Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібінің аспектілері мен құры-
лымы туралы ақпарат пен білім болмаған жағдайда проблемалар туын-
дайтыны сөзсіз.
Қазақстан- Германия келісімінің оң құрамдас бөліктерінің бірі өнеркәсіптік 
кластерлердің басты рөлі болып табылады. Бұл бағытта шартты іске 
31
 https://lsm.kz/vie-obzor.
32
 https://bdi.eu/media/presse/publikationen/energie-und-rohstoffe/Positionspapier_Recycling_
in_Rohstoffpartnerschaften.pdf.
33
 https://www.eew-energyfromwaste.com/.


337
Германияның шикізаттық стратегиясы және Қазақстанның экономикалық саясатының 
бөлігі ретіндегі Германия мен Қазақстанның шикізаттық серіктестігі
асырудың үлкен әлеуеті бар, алайда ол да тиісті деңгейде пайдаланыл-
майды. Бұл саладағы жалғыз жоба – Технологиялық даму жөніндегі ұлттық 
агенттік және Мюнхеннің техникалық университеті (TUM International) 
арасында инновация саласындағы ынтымақтастық туралы меморан-
дум. Серіктестіктің мақсаты «TUM International» бірегей «үш мәрте білім 
беру» бағдарламасын іске асыру үшін «Қазақстанның индустриалды білім 
беру және инновациялық орталығын» және «Қазақстанның интеграция-
ланған оқу орталығын» құру болып табылады. Бұл – кәсіптік білім беру, 
өндірістік оқыту орнында басшы қызметкерлерге арналған практикалық 
семинарлар 
34
.
Келісімде көзделмеген шикізат өнеркәсібіндегі мамандарды даярлау және 
біліктілігін арттыру мәселесі ынтымақтастық үшін де зор әлеуетке ие, 
мысалы, мамандардың кәсіптік даярлығына дуальды білім беруді енгізу 
бойынша жобалар шеңберінде жүзеге асырылуда.
Келісім жасасу кезінде екі жақтың да әлеуеті әлі де толық пайдаланыл-
маған. Тұтастай алғанда, біз неміс және қазақстандық кәсіпорындарға осы 
келісімнің табысты ынтымақтастыққа толықтай ашылған мүмкіндіктеріне 
назар аударуды ұсынамыз. Осылайша, Германияның шикізаттық страте-
гиясының іске асуына да, Қазақстанның экономикасының дамуына да 
үлес қосылады.
34
 https://natd.gov.kz/ps/news/648/.


338
Қазақстан экономикасының трансформациясы


339
Авторлар туралы ақпарат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет