Конрад Аденауэр атындағы Қор


 АЕК (2019 жылы – 2 525 теңге),  басқа елді мекендерде – 0,5 АЕК (2019 жылы – 1 263 теңге) болады. Қалаға бір жылда – шамамен 30



Pdf көрінісі
бет62/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   178
1 АЕК (2019 жылы – 2 525 теңге), 
басқа елді мекендерде – 0,5 АЕК (2019 жылы – 1 263 теңге) болады.
Қалаға бір жылда – шамамен 30 мың теңге, ауыл үшін – 15 мың теңге, бұл 
осы санаттағы кірістердің 0,5–1%-ын құрауы мүмкін. БЖТ жұмыссыздар 
немесе табысы жоқ адамдар –мысалы үй шаруасындағы әйелдер төле-
мейді. Тек кірісі бар жеке кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлер (такси 
жүргізушілері, сантехниктер, баланы бағып- күтушілер және т. б.) төлейді.
Қазіргі кезде жеке кәсіпкер ретінде жіктелген тұлғалар жеке кәсіпкер 
ретінде тіркелуге немесе патент алуға және кірістің 15–20%-ын құрай-
тын салықтар мен аударымдардың 4–5 түрін төлеуі тиіс: оңайлатылған 
декларациядан салық немесе ЖТС, БЖЗҚ-ға, ӘСМҚ-на, ӘМСҚ-на жарналар.
2019 жылдан бастап, БЖТ режимін пайдалануды бастау үшін өзіңіздің жеке 
шотыңызға ақша аудару қажет болады. Салық декларацияларын тіркеу, 
толтыру және жүйелі түрде тапсырудың қажеті жоқ.
БЖТ-ға төленген қаражат автоматты түрде бөлінеді және белгілі үлес 
көлемі бір мезгілде зейнетақы шотына, ӘСМҚ және ӘМСҚ жеке шотта-
рына, сондай-ақ бюджетке салық төлемі ретінде беріледі.
Осылайша, ЖСҚ төлеген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар әлеуметтік төлем-
дер мен медициналық және зейнетақы жүйесіне қол жеткізе алады, оның 
құны бекітілген төлемнің мөлшерінен он есе асады.
Бұдан басқа, бұл қызмет барынша заңды болып саналады – БЖТ төлеушісі 
өзінің салық міндеттемелерін толықтай орындайды.


108
Қазақстан экономикасының трансформациясы
БЖТ-ға ең қаржылық сауатты кәсіпкерлер, яғни мемлекеттік тіркелген 
тарифтің, оның белгілі бір мөлшерде артықшылықтарын бағалайтындар 
ауысады деп күтілуде. Бұл тұрақты жұмыс істемейтін әйелдердің, бала 
күтімі демалысына байланысты төлемдерді алу үшін еңбек туралы жалған 
куәліктерін алу жолдарын іздестіру жағдайларының тәуекелдерін азайтады.
БЖТ төлеу шартты такси жүргізушілерге банктердегі несие карталарын 
0%-тік деңгейде ашуға мүмкіндік береді, себебі олардың қызметі заңда-
стырылған, зейнетақы жарналары бар.
Осымен қоса жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға, онда төлем 
жасау бойынша заңды міндеттемелерді белгілеуге болады және алдау 
немесе еңбек заңнамасын бұзу жағдайында талап қоюға заңды негіз бар.
БЖТ режимі бейресми түрде жұмыспен қамтылған 1,4 миллион қазақстан-
дыққа әсер етуі мүмкін. Олардың ішінде 800 мың адам жалдамалы жұмыс 
істейді, жалақы алады, бірақ еңбек келісімшарттары жоқ және ешқандай 
аударымдар жасамайды.
Тағы 600 мың адам –  өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп саналады. Такси 
жүргізушілері, үй шаруасындағы әйелдер, репетиторлар, баланы бағып- 
күтушілер, слесарь, электриктер және т. б. болуы мүмкін. Бұл адамдар 
кәсіпкерлік қызметпен айналысады, бірақ жеке кәсіпкерлер ретінде тіркел-
мейді, патент алмайды және салық төлемейді.
Бюджет осы жаңа теңдесі жоқ салық режиміне байланысты көп кіріс көзінен 
айырылып қалады деп болжануда. Үкімет осы жылдың бірінші жартысында 
патентті немесе оңайлатылған декларацияны арнайы режимге төлейтін 
150 мың кәсіпкердің осы режимге ауысатындығын бағалады.
Мемлекеттік саясатта басымдықтар бойынша маңызды өзгерістер орын 
алды. Негізгі мақсат – әлеуметтік қолдау көрсететін адамдар санына қол 
жеткізу. Бұл бес әлеуметтік бастама, ипотека және гранттар санын ұлғайту 
және т. б. БЖТ бастамасы сол санаттан.
Сонымен қатар әлеуметтік, зейнетақы және медициналық көмек жүйелеріне 
қосымша
 
1,4 млн адамды қосу жоспарланып отыр, бұл осы салаларға 
жұмсалатын шығыстардың айтарлықтай ұлғаюына әкеледі.


109
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту
Мемлекет өз азаматтарын экономиканың сұр аймағынан айыппұлдар 
мен рейдтердің көмегімен емес, экономикалық ынталандыру көмегімен 
шығаруға тырысады.
Осыған байланысты, БЖТ өте бірегей және миллиондаған өзін-өзі жұмыс-
пен қамтыған қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер жасайтын серпінді 
реформа болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет