Конрад Аденауэр атындағы Қор


Еуразиялық экономикалық одақтың



Pdf көрінісі
бет83/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   178
Еуразиялық экономикалық одақтың 
перспективалары мен тәуекелдері
Вячеслав Додонов
Аңдатпа
Мақалада ЕАЭО-ның экономикалық сипаттағы қызмет етуі мен дамуының 
негізгі перспективалары мен тәуекелдері талқыланады. Кеден одағы және 
ЕАЭО-ғы одақтық деңгейде де, қазақстандық экономиканың деңгейінде де 
сыртқы саудаға және шетел инвестицияларын тартуға назар аудара отырып 
негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, сондай-ақ ЕАЭО жағдайындағы 
даму үшін ықтимал тәуекелдер мен артықшылықтардың ауқымын айқындайды.
2014 жылдың 29 мамырында Беларусь, Қазақстан және Ресей басшылары қол 
қойған келісімге сәйкес құрылған Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жыл-
дың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады. Осылайша, ЕАЭО қызметінің 
хронологиясы тек үш жылды құрайды, ал мұндай қысқа мерзімде жетістікке 
жетудің толық бағасы талап етілмейді. Сонымен қатар, макроэкономикалық 
статистика негізінде ұзақ мерзімді трендтерді, тәуекелдер мен перспектива-
ларды ЕАЭО жұмысының қысқа мерзімінде бағалау күрделі. Одақ қызметінің 
ағымдағы бағалауы белгілі бір сарапшының жобаға деген жеке көзқарасына 
сәйкес қарама-қайшы сипатта болып, нақты жағдайларды дұрыс көрсетпеуі 
мүмкін. Осыған байланысты, осы интеграциялық бірлестіктің аясында қаты-
сушы елдердің экономикалық дамуының нәтижелерін дұрыс және объек-
тивті талдау ерекше маңызды болып табылады. Сонымен қатар, ЕАЭО-ның 
қызмет ету мерзімінің қысқа болғанына байланысты, талдамалық мақсат-
тар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың алғышарты болып табылған 
Кеден одағы кезеңін қоса алып ұзақ мерзімде қарау заңды.
2010 жылдың қаңтарында ресми түрде іске қосылған Кеден одағы 2011 
жылдың екінші жартысынан бастап толыққанды жұмыс істей бастады, 
өйткені техникалық өтпелі кезеңдер аяқталды және Қазақстан мен Ресейдің 
шекарасында кедендік бақылау жойылды, яғни осы бірыңғай кедендік 
кеңістікті құруды аяқтады. Сондықтан ЕАЭО аумағында бірыңғай экономи-
калық кеңістіктің жұмыс істеу үдерістері мен нәтижелерін бағалау, менің 
пікірімше, толық бірінші жылы – 2012 жылдан бастап, яғни Кеден одағының 
толыққанды жұмысы жүзеге асырылғаннан бастап қамтылуы мүмкін.


138
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Интеграциялық бірлестіктердің тиімділігін бағалауға назар аударатын негізгі 
көрсеткіш –экономикалық интеграцияның сауда бағытының басымдықтары 
және сауда-саттықты белсендендіруге және тауарлардың ортақ нарығын қалып-
тастыруға бағытталған Кеден одағына қатысушы елдердің сыртқы сауда айна-
лымы болып табылады. Өзара сауда-саттықтың өсуі, әдетте одақтың тиімділігінің 
белгісі ретінде түсіндіріледі және оның баяулауы кері бағытта қаралады.
Менің ойымша, ЕАЭО сауда айналымы және оның динамикасы әлемдік 
сауда шарттары мен экспорттық тауарлардың баға жағдаятының жалпы 
контексінен басқа интеграцияның тиімді өлшемі бола алмайды.
Белгілі болғандай, ЕАЭО-ның ең ірі экономикасы – Ресей мен Қазақстан эконо-
микасының негізгі экспорты, ол одақтық елдер экспортының 95%-ын құрайды, 
бұл шикізаттың көптеген түрлері, соның ішінде бірінші кезекте көмірсутек-
тері. Осы шикізаттардың бағасы жоғары құбылмалылықпен сипатталады, бұл 
ЕАЭО-да үшінші елдермен сыртқы сауданың көлемінде елеулі өзгерістерге 
әкеледі (1-сурет). Сондықтан 2012 жылға дейінгі кезеңдегі тауар айналымы-
ның артуы және 2014–2016 жылдардағы төмендеуі экономикалық интегра-
цияның табыстары немесе жетістіктері емес, мұнай бағасының құбылмалы-
лығына байланысты экспорттаудың өзіндік құнының өзгеруімен түсіндіріледі.


139
Еуразиялық экономикалық одақтың перспективалары мен тәуекелдері
1‑сурет. 2010–2017 жж. үшінші елдердің сыртқы сауда көлемімен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет