Конрад Аденауэр атындағы Қор



Pdf көрінісі
бет93/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Бесіншіден, гуманитарлық және мәдени алмасуды нығайту. Қатынастар-
дың дамуы кадрларды қажет ететіндіктен, Қытай Орталық Азиядан кел-
ген студенттер мен оқытушыларға 25 000-ға жуық білім грантын ұсынды. 
Олардың көпшілігі, әрине Қазақстан үшін бөлінді.
«Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымдық құрам-
дасы ҚХР батыс өңірлерінен Еуропа мен Оңтүстік Азияның негізгі экономи-
калық орталықтары бағытында 8,5-тен 11 мың шақырымға дейін бірнеше 
бағыт ұсынылған. Солтүстік маршрут Қазақстан аумағы мен Транссібір 
магистралі арқылы өтеді деп болжануда. Теңіз бағыттары қазақстандық 
Ақтау портын, сондай-ақ Кавказ аймағына, Түркияға және Қара теңіз бас-
сейніне қол жеткізуді қамтамасыз ететін Каспий теңізінің (Махачкала, Баку) 
басқа порттарын қамтиды. Оңтүстік бағыттары Қырғызстан, Өзбекстан, 
Түрікменстан және Иран арқылы өтіп, Парсы шығанағындағы Үнді мұхи-
тына қол жеткізуге мүмкіндік береді 
5
.
«Бір белдеу – бір жол» өндірісті Қытайдың жағалау аудандарынан батыс 
аймақтарына көшіру арқылы аумақты жедел дамытуды қамтамасыз етуге 
негіз қалайды, сондай-ақ ҚХР-да, Орталық Азия мемлекеттерінде тиісті 
салаларды және қызметтерді (логистикалық орталықтарды, терминал-
дарды) дамытады.
«Бір белдеу – бір жол» – транзит- көлік жобасы ғана емес, инфрақұрылымды, 
өнеркәсіпті, сауда және қызмет көрсетуді дамытуға арналған көптеген 
жобаларды қоса алғанда, бірқатар мемлекеттер үшін экономикалық 
дамудың кешенді жоспары. Бұл даму үшін тұрақты және қауіпсіз ортаны 
5
 丝绸之路经济带发展报告. 2014. (Жібек жолы экономикалық белдеуін дамыту есебі)


167
Қазақстан және Қытай: «Бір белдеу – бір жол» стратегиясының факторы
қамтамасыз етеді. Қытайдың батыс өңірлері, сондай-ақ Еуразияның бүкіл 
орталығы өзінің әлеуетін толығымен ашып көрсетеді 
6
.
Қазақстан «Бір белдеу – бір жол» стратегиясын іс жүзінде өзінің экономика-
сын дамыту бағдарламасына енгізді. Атап айтқанда, 2014 жылғы қарашада 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назар-
баев жариялаған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатымен астасып жатыр 
және «Жібек жолы экономикалық белдеуін» дамыту жоспарына негізделген.
Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңге жасаған мемлекеттік сапары барысында 
атап өткендей, «2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Индустриялан-
дыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықтың көкжиегін 
кеңейтуге тырысамыз. Атап айтқанда, жалпы сомасы 30 миллиард дол-
лардан асатын 48 инвестициялық жоба іріктеліп алынды, индустриялан-
дыру және инвестиция саласында ынтымақтастық туралы Қазақстан және 
Қытай арасында Меморандумға қол қойылды». Бұдан басқа, Қазақстан 
өз аумағында инфрақұрылымды дамытуға шамамен 4 млрд АҚШ долла-
рын инвестициялауға дайын екендігін мәлімдеді.
6
 丝绸之路经济带发展报告. 2014. /主编: 马莉莉, 任保平. (Жібек жолындағы экономикалық бел-
деуін дамыту туралы баяндама. Ма Лили, ЖэньБаопин ред.). – 北京: 中国经济出版社, 2014 ж., 
9. – 3, 67–69 бб.


168
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Мұндай халықаралық дәлізді құру және оның тиімді жұмыс істеуі норма-
тивтік құқықтық базаны жетілдіруді талап етеді. Қазақстан Республика-
сының заңнамасында Азаматтық, Бюджет, Салық кодекстеріне өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу туралы және «Қазақстан Республикасының 
кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логи-
стиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында қамтылған «Қазақстандағы 
көлік туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», 
«Теміржол көлігі туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Сауда мақса-
тында теңізде жүзу туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Ішкі су көлігі 
туралы», «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиа-
ция қызметі туралы» және басқа да заңдарға өзгерістер мен толықтыру-
лар енгізу бойынша жұмыс басталып кетті.
Осы стратегияның бірқатар артықшылықтары бар, олардың ішінде мына-
ларды бөліп көрсетуге болады:
а) даму тұжырымдамасы: ресейлік және америкалық геосаяси жобалар-
дан айырмашылығы – қытайлық жобалар көптеген елдер үшін ашық және 
елеулі артықшылықтарға ие;
б) географиялық орналасуы. Еуразия құрлығының орталығында орна-
ласқан Қазақстан көлік- логистикалық инфрақұрылымды дамыту және 
жетілдіруді қажет етеді;
в) бұқаралық ақпарат құралдарында көбіне атап өтілетін қытайлықтарға 
деген үрейге қарамастан, жалпыға ортақ дәстүрлер, мысалы тарихи ұқсас 
жәйттарға байланысты 
 
Жібек жолын қазақстандықтар оң қабылдайды;
д) Қытайдың Орталық Азиядағы стратегиясы Кавказды да қамтуы мүмкін 
деп үміттенетін Кавказ елдерінің көмегі. Ең алдымен Ақтау теңіз порты 
арқылы «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» «теңіздегі тармағын» 
дамыту, яғни оның жақсы инфрақұрылымы бар, сондай-ақ басқа да 
мүмкіндіктерді кеңейту үшін тармақтардың белсенді құрылысы жүргізілуде.
е) қаржылық артықшылығы, соның арқасында Қытай көлік жобаларына 
инвестицияны белсенді салу арқылы өз үлесін иеленуге қатыса алады. 
Шын мәнінде, мұнда қаржының қолжетімділігі маңызды емес, Қазақстан-
дағы жаңа қаржыландыру ағындарына байланысты туындайтын жағдай 
маңызды. Бүгінгі таңда Қазақстан және Қытайдың экономиканың барлық 


169
Қазақстан және Қытай: «Бір белдеу – бір жол» стратегиясының факторы
салаларында ынтымақтастықты кеңейтуі үшін «жол картасы» жасақталды, 
сондай-ақ ЖЖЭБ мен «Нұрлы жол» бағдарламаларын ұштастыру үшін 
бірлескен жұмыс тобы құрылды.
Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық одақ пен «Бір белдеу – бір жолды» 
ұштастыру үдерісі бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, ол «2015 жылғы 
8 мамырда Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) құру және Жібек 
жолы экономикалық белдеуін (ЖЖЭБ) ұштастыру бойынша ынтымақтас-
тық туралы бірлескен мәлімдемеге» қол қойылғаннан кейін басталды
7

Осы құжатқа сәйкес ұштастырудың басым бағыттары мыналар:
•  сауда- инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту;
•  бірлескен ірі инвестициялық жобаларды іске асыру;
•  индустриялық парктерді, экономикалық ынтымақтастықтың транс-
шекаралық аймақтарын бірлесіп құру;
•  логистика, көлік инфрақұрылымы және интермодальдық тасымал 
саласындағы өзара байланысты нығайту;
•  ЕАЭО мен Қытай арасындағы еркін сауда аймағына көшудің ұзақ 
мерзімді мақсаттарын қарау;
•  сауда, тікелей инвестициялар мен несиелеу саласында ұлттық валю-
талармен есеп айырысуды ұлғайту, валюталық айырмашылықтарды 
құру, экспорттық несиелендіру, сақтандыру, жобалық және сауда-
лық қаржыландыру, банктік карталар бойынша ынтымақтастықты 
күшейтуге жәрдемдесу;
•   «Жібек жолы» қоры, Азия инфрақұрылымдық инвестициялық банкі, 
«ШЫҰ Банкаралық бірлестігі» сияқты тетіктерді қоса алғанда, түрлі 
қаржы институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
ЕАЭО мен «Жібек жолының экономикалық белдеуін» ұштастырудың нәти-
жесі 
 
ЕАЭО мүше елдері мен ҚХР арасындағы сауда- саттықты жеңілдету 
және өзара инвестицияларды тиімді қорғау болып табылады. Бұл шека-
радан тауарларды тасымалдау, реттеуші кедергілерді жою арқылы сауда 
рәсімдерін жеңілдету, ақпараттық технологиялар, медициналық және 
білім беру қызметтері, электрондық коммерция және энергия тиімділігі 
7
 Еуразиялық экономикалық одақты және Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуін 
салудағы ынтымақтастық туралы Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасының 
бірлескен мәлімдемесі.


170
Қазақстан экономикасының трансформациясы
секілді жоғары технологиялық секторлардағы ынтымақтастықты дамыту 
түрінде жүзеге асады. Дегенмен, осы салалардағы шарттық- құқықтық 
базаны әзірлеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет