Конрад Аденауэр атындағы Қор


«Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржолы



Pdf көрінісі
бет101/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

«Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржолы
Қазақстан аумағы арқылы Қытай мен Парсы шығанағы елдерін байла-
ныстыратын осы сәтті салынған көлік дәлізі бойынша «Өзен – Болашақ» 
жаңа теміржол желісі арқылы тасымалды 2013 жылы 19,4 млн тоннаға 
дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. «Түрікмен – Иран» учаскесінің құрылысы 
аяқталғаннан кейін біз шекарадан өткізу үшін 1 миллион тоннадан астам, 
ал 2020 жылға қарай 15 млн тоннаға дейін жүк тасымалдай аламыз.
Еркін сауда аймағы
Ауқымды көлік стратегиясын іске асыру үшін Қазақстан және Қытай 
екіжақты ғана емес, халықаралық қатынастардың көпжақты форматын, 


175
Қазақстан және Қытай: «Бір белдеу – бір жол» стратегиясының факторы
Шанхай ынтымақтастық ұйымының механизмдерін белсенді пайдала-
нады. Атап айтқанда, осы жобаны дамыту үшін ШЫҰ «Шанхай ынтымақта-
стық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықара-
лық автомобиль тасымалдарына қолайлы жағдай жасау туралы келісімді» 
қабылдады. Осы Келісім көптеген елдердің көлік құралдарын мүше мем-
лекеттердің қозғалысы туралы заңнамалық жағын реттей отырып, транс-
континенталдық магистральдың мүмкіндігін ынталандыра түсуі тиіс.
2013 жылғы 15 қарашада Ташкент қаласындағы Шанхай Ынтымақтастық 
Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Көлік министрлерінің алтыншы 
жиналысында көлік инфрақұрылымын дамытуға, атап айтқанда, теміржол 
көлігі құрылыстарын салу және пайдалануға беру жобаларын жүзеге асыру 
арқылы көлік инфрақұрылымын алдын ала дамыту туралы келісімге қол 
жеткізілді.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы-
ның Үкіметі арасындағы экономиканың шикізаттық емес секторларын-
дағы ынтымақтастық бағдарламасы» (Астана, 2007 жылғы 18 тамыз) ШЫҰ 
аясындағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық шеңберін анықтай-
тындығын айта кету керек. Осылайша, 4-бапта аймақтық экономикалық 
ынтымақтастық мақсатында тұғырнама құру үшін Тараптар Аға лауазымды 
тұлғалар комиссиясының, кеден, техникалық реттеу және метрология, 
электронды коммерция, инвестицияларды ілгерілету, транзиттік әлеуетті 
дамыту, энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс топ-
тарын, Сауда және экономикалық қызметке жауапты ШЫҰ министрлер 
жиналысы шеңберінде ақпараттық және телекоммуникациялық қызмет-
терді, Банкаралық бірлестіктің және ШЫҰ Іскерлік кеңесінің рөлін күшей-
тетіндігі айтылады.
ШЫҰ-дағы ынтымақтастықтың тағы бір аспектісі – Бағдарлама көлік және 
телекоммуникация саласындағы өңірлік желілік жобаларды іске қосу үшін 
қолайлы жағдайлар жасауды анықтайды, бұл өз кезегінде «Бір белдеу – бір 
жол» жобасын дамытуға оң әсер етеді.
Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ пен Шанхай Ынтымақта-
стық Ұйымы арасындағы еркін сауда аймағын құрудың құқықтық негізін 
құру бойынша жаңа міндет қойылуда.


176
Қазақстан экономикасының трансформациясы
2015 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті 
Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО мен ШЫҰ арасында еркін сауда аймағын құру 
туралы ұсыныс жасады. Ресей мен қытайлық тараптар да осы жобаны 
қолдап, ағымдағы (2016) жылы ЕАЭО мен ШЫҰ-ның еркін сауда аймағын 
қалыптастыру бойынша практикалық жұмыс басталуы тиіс.
Ресми өкілдердің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) 
пен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) елдері еркін сауда аймағы 
түрінде экономикалық құрлықтық серіктестікті құру туралы арнайы 
келісім бойынша жұмыс істейді 
11
. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің эко-
номика министрлері келісімді дайындау үшін «жол картасын» әзірлеу 
бойынша жұмыс істеп жатыр.
Алдын ала бағалау бойынша, ЕСА-ын құру Еуразиялық экономикалық 
интеграцияның жалпы ішкі өнімінің шамамен 20%-на тең экономика-
лық әсер етуі мүмкін. Енді ШЫҰ мен ЕЭО арасындағы тауар айналымы-
ның жалпы көлемі жылына 150 млрд АҚШ долларынан кем болмаса да, 
ықтимал түрде 600 млрд АҚШ долларынан асуы мүмкін. Яғни, өсу әлеу-
еті 4 есе. Осының бәрі ЕАЭО елдеріне де, ШЫҰ үшін де өте қызықты, сон-
дықтан егер бұл бастама екі бірлестіктің негізгі мүшелері тарапынан қол-
дау тапса, кедендік қағидаларды жеңілдету түрінде алғашқы нәтижелер 
мүмкін болады.
Сауда кедергілерін азайту, еркін сауда аймағы транзакциялық шығын-
дардың төмендеуіне алып келеді және қатысушы елдер арасындағы 
тауар айналымының артуына ықпал етеді. Бұл экономикалық қарқын-
ның шамалы өсуіне алып келеді.
Сарапшының айтуынша, ЕАЭО ЕСА – ШЫҰ қытайлық өндірушілерімен бәсе-
келестікті күшейтудің тәуекелі бар, бірақ сонымен бірге қытайлық нарыққа 
кіруге мүмкіндік береді. Тиісінше, шикізат пен азық-түлік өндірушілері 
ЕСА-нан нақты пайда көреді. ЕСА қытайлық инвесторлардың келуін дәлел-
дейді, бұл да үлкен артықшылық.
11
 ЕАЭО және ШЫҰ: болашақ құрауыштары http://oko-planet.su/politik/politikmir/
313211-eaes-i-shos-slagaemye- buduschego.html


177
Қазақстан және Қытай: «Бір белдеу – бір жол» стратегиясының факторы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет