173
Қазақстан және Қытай: «Бір белдеу – бір жол»
стратегиясының факторы
өкілдерінің ғылыми- зерттеу және алдын ала техникалық- экономикалық
негіздемені жасау туралы алғашқы кездесуі өткеннен бастап созылып
кетті. Көптеген жылдар бойы талқылауға қарамастан, қытайлық тарап-
тың оған деген қызығушылығы өзгеріссіз қалады. Жоспарланған бағдар
жүктерді тасымалдау уақытын шамаланған тәртіппен қысқартады, ал, ең
бастысы, бұл жоба бойынша Қытай бастапқыда осы жол табаны еуропа-
лық өлшем – 1 435 мм болуын талап етті, ал кеңестік кеңістіктегі барлық
жол кеңестік стандартқа сәйкес 1 520 мм болып салынған.
Алайда, Өзбекстан мен Қырғызстанның күрделі саяси қарым- қатынастары
«Қытай – Қырғыз – Өзбек теміржол» қатынасы маңызды экономикалық жоба-
сына теріс әсер етті. Тараптар жолдың өту маршрутын бекіткенге дейін
жылдар өтті. Ең басынан бастап «Ташкент – Иркештам» автожолының»
шекаралық өткелінен өтетін жолды қорғады. Бірақ Қытай мен Қырғызстан
арасындағы шекараның басқа көлік торабына – «Торугарт» бақылау- өткізу
бекетіне артықшылық берілді. Қазіргі уақытта «Қашғар (Қытай) – Торугарт –
Арпа аңғары – Ферғана алқабы – Узген – Кара- Суу (Ош облысы) – Әндіжан»
желісіндегі темір жолдың ұзындығы шамамен 268 км болады.
Ташкенттің «Қашғар – Әндіжан» жолына өз қызығушылығы бар. Мысалы,
Өзбекстанның Асака қаласында (Әндіжан облысы) «Uz- Daewoo» автокөлік
зауыты бар, оның құрауыш бөліктерінің 80%-ы Оңтүстік Кореядан
жеткізіледі. Қытайдың шығыс жағалауындағы Ляньюньган порты арқылы
Трансеуроазия теміржолы Кореяның Пусан портымен байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: