Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту келесі өзара байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді:
Білімділік: бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және дағдылардың белгілі бір көлемін оқушыларды игеруі;
Тәрбиелік: шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы ізгі игіліктер мен сапалар, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру;
Дамытушылық: логикалық құрлымдар мен олаудың математикалық стилін дамыта түсу;
Практикалық: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы
жағдайларда практикалық есептерді, мәселелерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру.
Осы мақсаттардың табысты шешілуі оқыту мазмұнын тиімді жолмен алуға, оны оқытып үйретудің жан- жақты ойластырылған жүйесін құруға және оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, жабдықтарын, ұйымдастыру тәсілдерін (формаларын) іріктеп алуға байланысты. Ең басты мәселе оқыту мазмұны мен оның құрлысын анықтау болып табылады.
Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына сəйкес, оқу пəні бірқатар міндеттерді айқындайды. Атап айтқанда:
логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;
оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу
қабілеттерін дамыту;
сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;
математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау;
өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;
білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;
коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық
қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;
ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |