Конспект: 17А(7А) топ элементтері Галогендер



бет1/3
Дата21.11.2022
өлшемі29,92 Kb.
#51541
түріКонспект
  1   2   3
Байланысты:
галогендер


КОНСПЕКТ: 17А(7А) топ элементтері Галогендер




F-Фтор

Cl-Хлор

Br-Бром

І-Иод

At-Астат

Электрондық формула

...2s2 2p5

...3s2 3p5

...4s2 4p5

...5s2 5p5

...6s2 6p5

Иондану энергиясы, эв

17.42

12.97

11.84

10.45

9.2

Салыстырмалы ЭТ

4.1

2.83

2.74

2.21

1.90

Атом радиусы,нм

6.4·10-2

9.9·10-2

11.4·10-2

13.3·10-2

-

Тотығу дәрежесі

-1

-1,+1,+3,+5,+7

-1,+1,+3,+5,+7

-1,+1,+3,+5,+7

-1,+1,+3,+5,+7

Сыртқы деңгейінде ns2 np5 (7е) болады. Олар бір электрон қосып алып, - 1-ге тең тотығу дәрежесін көрсетеді.
Фтор атомынан басқа галогендердің атомдары оң тотығу дәрежесін +1, +3, +5, +7 көрсетеді.
Cl , Br , I атомдарының +1, +3, +5, +7 тотығу дәрежелері бар.
Галогендердің сутекті қосылыстарының судағы ерітінделері қышқылдар болады.
HF – фторсутек (балқытқыш қышқыл) HCl – хлорсутек (тұз қышқылы) HBr – бромсутек HI – иодты сутек
HF –HCl – HBr – HI Қышқылдарының күші жоғарылайды. Байланыс энергиясы төмендейді.
AgF – AgCl – AgBr – AgI Ерігіштігі төмендейді (AgF суда жақсы ериді)
Сумен әрекеттесуі: а) F2 + H2O = 2HF + O
б) Хлордың сумен әрекеттесуі екі қышқыл : тұз қышқылы(күшті) және хлорлау қышқылы(әлсіз) -түзе әрекеттеседі. Cl2 + H2O = HCl + HClO (хлорлау қышқылы)
в) Br2 + H2O = HBr + HBrO бром суы
г) I2 + H2O = HI + HIO иод суы
Галогендердің реакцияға қатысу қабілеті F–Cl –Br –I қатарда төмендейді. Активтілік: F2 > Cl2 >Br2 > I2
Табиғатта таралуы: CaF2 – флюорит ;Na3[ALF6] – криолит ;Ca5 (PO4)3F – фтораппатит ; NaCl – галит
KCl – сильвин; Br , I иондары – теңіз суында, мұнай суларында.
Физикалық қасиеттері: . І А тобының фториттері және NH4F суда жақсы ериді, қалған фторидтер суда ерімейді. Хлоридтер, бромидтер, иодидтер суда жақсы ериді.
Бос күйінде молекулалары екі атомды: F2 – ақсары түсті газ. Cl2 – жасылсары түсті газ. Br2 – қызыл-қоңыр түсті сұйық . I2 – күлгін түсті кристалдар. Галогендердің реттік нөмірі өскен сайын олардың физикалық қасиеттері заңдылықпен өзгереді: Фтор – қиын сұйытылатын газ, Хлор – оңай сұйытылатын газ, Бром – сұйықтық, Иод – қатты кристалдық зат.Галогендер улы заттар.
Химиялық қасиеттері:
1) Металдармен 2Na + Cl2 = 2NaCl (натрий хлориді) 2Al + 3I2 = 2AlI3 (алюминий иодиді)
2) Металеместермен H2 + Cl2 = 2HCl 2P + 5Br2 = 2PBr5 (фосфордың пента бромиді) 3) Сумен әрекеттесуі: а) F2 + H2O = 2HF + O
б) Cl2 + H2O = HCl + HClO (хлорлау қышқылы)
в) Br2 + H2O = HBr + HBrO
4) Сілтілермен әрекеттесуі: Cl2 + 2KOH = KCl + KClO + H2O
5) Тотықтырғыш қасиеттері: Бос галогендер – күшті тотықтырғыштар.
F2 - Cl2 - Br2 - I2 тотықтырғыш қасиеттері төмендейді. 2KBr + Cl2 = Br2 + 2KCl 2KI + Cl2 = I2 + 2KCl
Алынуы:1) Фторидтердің электролизі CaF2 = Ca + F2
2) Хлорды NaCl электролиздеп алады: 2NaCl = 2Na+Cl2 н/е сулы ерітіндісімен: 2NaCl+2H2O=2NaOH+H2+ Cl2
3) Лабораторияда: 4HCI + MnO2 = MnCI2 + CI2 + 2H2O
16HCI + 2KMnO4 = 2MnCI2 + 5CI2 + 2KCI + 8H2O
Бром мен иодты тұздарынан алады: 2KBr + CI2 = 2KCI = Br2 және 2KI + CI2 = 2KCI = I2
Қолданылуы: Тұздары: фториттер, хлоридтер, бромидтер, иодидтер
NaCI – минерал галит, 0,9%-ты ерітіндісі физиологиялық немесе изотондық ерітінді, тұз қышқылын, соданы алу үшін, тамақ өнімдерін консервлеу үшін қолданылады.
KCI – жүрек соғуының жиілігін реттеуші, бұлшық етін азып-тозудан сақтаушы.
NaBr, KBr – жүйкені тыныштандырады, адреналинді активсіздендіреді.
NaІ, KІ – қалқанша безінің ауруын емдеуге қолданылады.
СаСІ2 – жүректің жұмысын реттеуші, қанды тоқтаушы, аллергияға қарсы қабылданады, магний
тұзымен уланғанда, уды кетіруші емдік шараларда қолданылады.
NaOCI – натрий гипохлориті (Дакен сұйығы) 0,5% - дық ерітіндісімен жараланған жерді жуады.
HCI – тұз қышқылы- ас қорытады, асқазан сөлінің қышқылдығы азайғанда ішеді.
Са(OCI)2 – хлорлы ізбес, суды залалсыздандырады, қоқыстарды хлорлылайды, жәшіктерді, ұраларды тазартуға хлорлы ізбес қолданылады.
Иодтың спирттегі 5% ерітіндісі I2 – антисептик, жараны, ірінді тазалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет