13.2 Қазақстан Республикасы тұрақты дамуы тұжырымдамасы Мемлекеттің тұрақты дамуы - бұл қазіргі буынның қажеттілігін қанағаттандыратын және болашақ буынның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің қаупін туғызбайтын даму түрі.
Қазақстан Республикасы үшін тұрақты даму өту елеулі қажеттілік болып табылуда. Табиғат ресурстарын пайдалану есебінен экономиканы арттыру тек белгілі бір деңгейде ғана жүргізілуі мүмкін. Қазіргі заманауи жағдайда өсу мен даму үшін озық механизмдер қажет.
Тұрақты даму Қазақстанның Стратегиялық дамуы 2030ж. мақсаттарына жету үшін керек. Тұрақты даму қағидалары 1 наурыз 2006ж. Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауында аталғандай, Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 мемлекет құрамына қосылуға негізделген.
Қазақстан Республикасы 2007...2024 жылдарда тұрақты даму Концепциясына өтуі мемлекеттердің тіршілік әрекеттерінің тұрақтылыққа жету механизмдерінің қағидаларын, мақсаты мен мәселелерін анықтайды. Ол үшін дамудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси даму факторлары бірігіп, Қазақстан халқының өмір сүру сапасының жақсаруына бағытталған біріккен барыс ретінде қарастырылуы керек.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың толық құқылы мүшесі бола тұра ХХІ ғасыр (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) күн тәртібінде және мың жылдық Саммит мағұлымдамасында (Нью-Иорк 2000 жыл) және тұрақты даму бойынша халықаралық Саммитте (Иохансбург 2002 жыл) алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруды өзіне міндеттеме етіп алды.
Қазақстан Республикасында тұрақты дамуға қол жеткізуге бағытталған бірнеше шаралар жүзеге асырылуда.
Қазақстан БҰҰ тұрақты даму Төрағасының «Еуропаның қоршаған ортасы» барысының, «Азияның қоршаған ортасы мен тұрақты дамуы» тұрақты даму кәсіпорындарының бүкіләлемдік кеңес Еуразиялық желісінің белсенді үлескері болып табылады.
2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму Стратегиясы, 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының индустриалды-жаңарған даму стратегиясы, 2004-2015 жылдары Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің Концепциясы, 2015 жылы Қазақстан Республикасының территориялық даму стратегиясы қабылданған және «Қазына» АҚ тұрақты даму қоры мен Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы бойынша кеңес құрылған.
Қазақстан Республикасы үшін тұрақты дамуға ауысу әрбір бөлімдік негізде өтеді. Ол әрбір бөлім үшін тұрақты дамудың бекіту параметрлері анықталады.
Дайындық кезеңі (2007-2009 жж.). Қоғамдық және саяси қызметтердің барлық өрістерінде технологиялық жаңашаландырулардың жүзеге асуы, экономикалық диверсификация шарттарын дайындау.
Бірінші бөлім (2010-2012 жж.). Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 мемлекет құрамына кіруін қамтамасыз ету.
Екінші бөлім (2013-2018 жж.). Мемлекет жағдайының өмір сүру сапасы деңгейінің дамуының алдыңғы қатардағы елдер құрамынан табылуы, мемлекеттердің жоғарғы экологиялық тұрақтылық деңгейіне жетуі және табиғат ресурстарын пайдасыз жұмсамауын азайту.
Үшінші бөлім (2019-2024 жж.). Тұрақты дамудың халықаралық деңгейге жетуі.
Тұрақты даму Концепциясын ғаламдық деңгейде дамытуда Қазақстан 1998 жылдан бастап БҰҰ тұрақты даму Комиссиясының және «Еуропа үшін қоршаған орта» және «Азия үшін қоршаған орта және тұрақты даму» барысының белсенді мүшесі болып келеді. 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясына сәйкес халықаралық деңгейде 2015 жылға дейін индустриалды даму Стратегиясы, 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Экологиялық қауіпсіздік Концепциясы, 2006-2016 жылдары Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік Стратегиясы, Қазақстан Республикасының тұрақты даму кеңесі құрылған «Қазына» тұрақты даму қоры, Еуразиялық даму банкі құрылды.