12.2 Су – ХХІ ғасырдың стратегиялық ресурсы. Су ресурстарын басқару Су тұрақты дамудың шегін анықтайтын ресурстардың бірі болып табылады. Ағынды судың ресурстары, негізінен тұрақты, сонымен қатар адамзаттың қажеттілік көлемі мен негізінен нақты судың бар көлемі арасындағы теңгерім қазірдің өзінде әлсіз болуда. Осы жағдайға сәйкес барлық мемлекеттер бір деңгейде емес. Орта есеппен алғанда дамыған аймақтарда жауын-шашын мөлшері жоғары, сондай-ақ, оларда су пайдаланудың өте тиімді технологиялары бар.
Әлемде халық саны соңғы 70 жылда үш есе артса, су пайдалану көлемі алты есе артқан. Қазіргі уақытта жер шарында жылдық су көлемінің 54% пайдаланылуда, сонымен қатар, осы көрсеткіштің үштен екі бөлігі ауылшаруашылығына жұмсалуда. 2025 жылға қарай халық саны жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен 70% артады, егер әлемдегі барлық мемлекеттер дамыған мемлекеттер қатарына енсе 90% болады.
2000 жылы су тапшы 31 мемлекеттерде 508 адам өмір сүрген. 2025 жылда осындай 48 мемлекеттерде 3 млрд адам өмір сүретін болады. 2050 жылы халыққа күніне әрбір адамға 50 литр сумен қамтамасыз ете алмайтын мемлекеттерде 4,2 млрд адам өмір сүретін болады (әлемдегі жалпы халық санының 45% - артық)
Көптеген мемлекеттерде су қажеттілігімен қамтамасыз ету құралдары сенімсіз болуда, бұл суды қажет ететін аймақтардың сусыздануын туындатуда. Қытайдың, Латын Американың және Оңтүстік Азияның кейбір қалаларында жерасты суларының деңгейі жылына 1 метрге төмендейді. Сонымен қатар, ауылшаруашылық және өнеркәсіп қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін теңіз және өзен сулары пайдаланылуда, бұл апатты жағдайға әкелуі мүмкін. 1997 жылы Қытайдағы Хуанхэ өзені 226 күн рекордты мерзімде тартылып қалған.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының (БҰД) есептері бойынша шамамен 1.1 млрд адам таза суға қол жеткізе алмауда. Алғаш рет нақты статистика бойынша алдыңғы есептеулермен салыстырғанда сумен қамтамасыз ету төмендеп кеткен. Дамушы мемлекеттердің 90...95% тұрмыстық суларға және 70% өнеркәсіптік қалдықтар су бетіне тазалаусыз тасталады және олар су ресурстарын ластайды. Көптеген өнеркәсіптік дамыған мемлекеттерде химиялық суағарларға әртүрлі тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды пайдалану, сондай-ақ, нәтижесінде атмосфераны ластайтын қышқыл жауын-шашындар судың қалыпты сапасын жақсарту үшін қымбат және энергиясыйымды тазартқыш құралдарын пайдалану керек.
Су жетіспеушілік мәселелерінің таза технологиялық шешімі шектеулі әсерге ие. Теңіз суын тұщыландыру өте қымбат шешім және ол қазіргі уақытта адамдардың тұтынатын суларының 1 пайыздық үлесіне тең.
Су ресурстарының қол жетімділігін арттыру мен сапасын жақсарту шараларының ең маңыздысы ластағыш заттардан су ресурстарын қорғау, өзендік жүйедегі ағысы бұзылған схемаларды қалпына келтіру, ирригациялар мен химикаттарды орнымен пайдалану, сондай-ақ атмосфераны өндірістік ластауын қысқарту болып табылады.
Қазақстанның су ресурстары негізінен өзендік және көл ағыстарына байланысты болады. Мұздықтар Қазақстан өзендерінің негізгі қорек көзі болып табылады. Барлығы Қазақстанда тауларда көлемі 2033,3 шаршы метрді алып жатқан 2724 мұздықтар анықталған. Оның барлық мұз қату аумақтарының жартысы Жоңғар Алатауына тиесілі (1 мың шаршы метрден артығы).
Қазақстан аумағында барлығы 85022 өзен мен уақытша су ағындары бар. Ең маңыздысына Орал, Есіл, Тобыл, Ілек, Шу, Торғай, Сарысу, Талас, Нұра, Эмбі және де т.б. өзендер жатады. Қазақстанда 48262 көл бар; олардың ішіндегі ең ірісі Балқаш, Теңіз, Алакөл, Марқакөл көлдері. Қазақстандағы көлдердің жалпы көлем деңгейі 190 шаршы метрдан артық. Қазақстанның Оңтүстік Батыс және Батыс аумақтарында Каспий және Арал теңіздерінің шектеулі су қоймалары бар.
Қазақстанда «Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару Мемлекеттік Бағдарламасы» бар, ол 2014 жылдың 4 сәуірінде №786 Қазақстан Республикасының Президентінің бұйрығымен бекітілген. Бағдарлама 2014-2020 жылдар мерзіміне есептелінген.
Бағдарлама мақсаты: Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару тиімділігін арттыра отырып, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бағдарлама тапсырмалары:
- су ресурстарының көлемін арттыру және сусақтау шараларын жүзеге асыра отырып, халықты, қоршаған ортаны және салалық экономиканы су ресурстарымен кепілді түрде қамтамасыз ету;
- су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру;
- су экологиялық жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Бағдарламаның мақсатты индикаторлары:
1. 2020ж. тұтынатын суды ВВП бірліктеріне 2012 жылдың 33% деңгейінен төмендету;
2. 2020 жылға дейін қосымша жоғарғы су ресурстарын 0,6 шаршы шақырымға арттыру;
3. 2020 ж Орталық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесіне тұрақты қосылған су пайдаланушылардың үлесі: қалаларды 100% төмен емес және ауылдарда 80%-дан төмен болмауы керек.
4. Су тарту жүйесіне қосылған су пайдаланушылардың үлесі 2020ж. қалаларда 100%-дан төмен болмауы, ауылдарда 20% төмен болмауы керек;
5. Жыл сайынғы табиғат объектілерінің су қажеттіліктерін қамтамасыз ету және навигацияны 39км3 деңгейінде сақтау;
Су ресурстарын басқару өрісінде су ресурстарының жетіспеушіліктерін жою үшін келесі шаралар мен механизмдер қолданылуы тиіс:
- ауылшаруашылықтарында суды үнемдеу;
- өнеркәсіптерде суды пайдалану тиімділіктерін арттыру;
- энергиялық тиімділік технологияларын енгізу;
- айналмалы сумен қамтамасыз ету және ағынды суды қайта пайдалану;
- кәсіпорындар үшін суды тазарту және қоршау стандарттарын арттыру;
- коммуналды шаруашылықта су пайдалану тиімділіктерін арттыру;
- су ресурстарының қол жетімділігі мен сенімділіктерін қамтамасыз ету;
Сонымен қатар, су ресурстарын басқару саясатын жүзеге асыру қажет болады:
- су ресурстарын басқару жүйесін ұлттық деңгейде және бассейндер деңгейінде жақсарту, ол барлық деңгейлерде және барлық салаларда су пайдалану саясатын тиімді ету үшін қажет;
- судың толық құнын көрсететін белгіленген бағаны анықтау; сусақтау субсидияларын қайта қарастыру.
Су ресурстарын басқару өрісінің стратегиялық мақсаты мыналар:
- Республика халқын 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау;
- ауыл халқының жалпы санының 20%-ын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету;
- қала халқын 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету;
- 1800 г жерді суаратын сумен дамыту, қайта құрастыру және ирригациялық жүйені жаңарту жүйесін қамтамасыз ету;
- өсіру нормасын республикадағы орта есеппен 9180 шаршы метрден 8500 шаршы метрге дейін төмендету;
- суарудың су үнемдеп суару технологиясын және тамшылатып суару технологиясын аумақтың 5%-на енгізу;
- жаңа заманғы гидропост ирригациялық және дірілдету жүйесінің автоматтандырылған технологиялық басқару жүйесін 30%-ға жеткізу.