жылулық – суаттарға ағынды сулармен бірге жылудың келуі (негізінде жылу электр станцияларын пайдалану кезінде);
физикалық – судың электрмагниттік сәуле шығарумен, радиоактивті заттармен ластануы;
минералдық – суаттарға құмның, саздың, шлактың, минералдық тұздардың және т.б. түсуі;
органикалық, адамдардың мен жануарлардың физиологиялық шығуын, организмдер тканьдерінің қалдықтарын және т.б. білдіреді;
химиялық – суаттарға улы немесе сулы ортаның құрамын өзгертетін заттардың түсуі;
бактериялық, тұрмыстық ағынды суларды және кейбір өнеркәсіптік кәсіпорындардың (қасапханалар, былғары заводы, микробиология өнеркәсібінің кәсіпорындарының) ағындыларын білдіреді.
Суға ластаушы заттар, микроорганизмдер, жылулық, сәулелену және тағы басқаны түсіретін көз ластау көзі деп аталады.
Судың адам қызметінің барлық салаларында кеңінен қолданыс табуының нәтижесінде (ол жылу тасығыш, еріткіш, тасымалдау құралы, реагент ретінде пайдаланылады), суды ластаудың көп көздері бар. Оларға өнеркәсіптік кәсіпорындар, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылық, ауылшаруашылығы, көлік және тағы басқа жатады, олар суды пестицидтермен, беттік-активті заттармен, мұнай өнімдерімен және көптеген басқа зиянды заттармен ластайды.
17.2 Су сапасының нормативтері Судағы ластаушы заттардың құрамын нормалау үшін ластаушы заттардың шектеулі рауалы шоғырланулары (ШРК) енгізіледі. ШРШ деп тұрғындар денсаулығының жағдайына және олардың барлық өмірі бойында организмге әсер етуі кезінде кейінгі ұрпаққа және тұрғындардың суды пайдалануын нашарлататын гигиеналық шарттарына тікелей немесе жанама түрде әсер етпейтін, ластаушы заттың барынша көп шоғырлануын түсінуге болады.
Ластаушы заттардың ШРШ гигиеналық және балық шаруашылығында шоғырлануы болып бөлінеді.
Гигиеналық ШРШ зияндылықтың негізгі үш белгісі бойынша нормаланады:
3ияндылықтың жалпы санитариялық белгісі бойынша ШРШ – суаттағы судың өздігінен табиғи тазалану процестерінің бұзылуына әкелмейтін, судағы ластаушы заттың барынша көп шоғырлануы;
Зияндылықтың органолептикалық белгісі бойынша ШРШ – ол кезде судың органолептикалық қасиеттерінің (дәм, түс, иіс) өзгерістері байқалмайтын, судағы ластаушы заттың барынша көп шоғырлануы;
Зияндылықтың санитариялық-токсикологиялық белгісі бойынша ШРШ – тұрғындардың денсаулығына зиянды әсер етпейтін, судағы ластаушы заттың барынша көп шоғырлануы.